Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ КЕРЕК
13.11.2019 17:35

СУАРМАЛЫ   ЕГІСТІК  АЛҚАБЫ  ҰЛҒАЯДЫ

Жер мәселесі өзектілігін жойған емес. Атадан аманат, бабадан мұраға қалған жерді сақтап қалу үшін мемлекет тарапынан қолға алынған қимылдар жеткілікті. Мәселен, жуырда ауыл шаруа­шылығы жерлерін қазақстандықтарға жекеменшікке және шетелдік­терге жалға беруге қатысты мораторий жарияланды. Шетелдіктерге ауыл шаруа­шылығы жерлерін беруді тоқтату туралы мораторийдың нормаларына қосымша (ҚР 04.05.2018 жылғы Заңымен) жарғылық капиталында кез келген мөлшерде шетелдік қатысушылары бар бірлескен кәсіпорындарға ауыл шаруаш­ылығы жерлерін жалға беруге тыйым салынды. Заң ең алдымен қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлер­ін жалға беру институтын сақтау және ары қарай жетілдіруге бағытталған.­ Одан өзге еліміздегі суармалы егістік алқабын­ 3 млн гектарға дейін жеткізу міндеті тағы бар. Осыған байланысты аймағы­мызда ауқымды шаралар жүр­гізілуде. Бұл туралы Қызылорда облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

- Елбасының цифрландыру тапс­ыр­масына сәйкес ауыл шаруашылығы тауар­өндіруші шаруашылықтары егіс алқапт­арын ҚР Ауыл шаруашылығы министрл­ігінің «QOLDAU» веб-порталына енгізу арқылы, егіс алқаптарының электрондық картасы мерзімінен бұрын аяқталды. Облыс бойынша ағымдағы жылдың  бірінші  жартыжылдығында  180 мың га жердің картасын электронды­ форматқа өткізу жоспарланса, қазіргі таңда 199 мың гектар веб-порталға енгі­зіліп, жоспар артығымен орындалды. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында ауыл шаруашылығы жерлерінің ұтымды пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру заң жүзінде аудандық атқарушы органдардың құзыретіне берілді, - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, облыс бойынша 2012-2019 жылдары ауыл шаруашылығы мақса­тында  пайдаланылмай отырған 285 мың гектар жер анықталған. Оның 138 мың гектары шаруашылықтардан мемлекет меншігіне қайтарылса, 145 мың гектары ескертуден кейін қайта пайдалануға кіріскен, қалған 1 мың гектар жерде қажетті жұмыстар жүргізілуде. Осы мемлекетке қайтарылған жердің бүгінгі күнге 82 мың гектары сауда-саттық және мемлекеттік бағдарламалар негізінде қайта айналымға енгізілді. Бас­ты жетістіктердің бірі – Байқоңыр қаласындағы 11,6 мың гектар жердің Қазақстан меншігіне қайтарылуы. Жуық арада­ мәселе түбегейлі реттеледі. Ал 2019 жылы барлығы 57,1 мың га жерді айналымға алу жоспарланды. Оның ішінде облыстағы 249 мың гектар суармалы егістік жерін 300 мың гектарға жеткізу жұмысы­ да бар.

 

53  ЖЕР  ТЕЛІМІ  КЕРІ  ҚАЙТАРЫЛДЫ

Жыл басынан бері жердің пайдаланылуы мен қорғалуына қатысты бақылау­ шаралары нәтижесінде көлемі 220 мың гектарды құрайтын жерде 1236 тұлғаның тарапынан 284 заңбұзушылық әрекет анықталған. Нәтижесінде­ 4 млн 875 мың теңге айыппұл салынған. Орын алған құқықбұзушылықтардың 26 дерегі бойынша айыппұл салынып, 35-іне ескерту түріндегі шара, 223-іне әкімшілік іс өндірісі қозғалмай, заңбұзу­шылықты жою туралы нұсқама берілген.

- Заң шеңберінде жерді қандай мақсатқа пайдалануға алса да, оны 3 жылдың ішінде пайдалану керек. Олай болмаса, мемлекетке қайтарымға жатады. Тексеру жұмыстарын жүргізіп, нұсқама­ берілген соң қосымша бір жыл уақыт бері­леді. Мемлекет басшысының биыл­ғы Жолдауында айтылған ауыл шаруашылығы бағытындағы пайдаланылмаған жерлерді мемлекетке қайтару мәселесі қаралды. Осы ретте облыс әкімінің арнайы іс-қимыл жоспарына енгізілді. Соның аясында ағымдағы жылдың 9 айын­да ауыл шаруашылығы мақсатындағы 15270 гектарды құрайтын  53 жер учаскесі, оның ішінде Арал ауданында – 2, Қазалы ауданында – 12, Қармақшыда – 6, Жалағашта – 9, Сырдарияда – 12, Шиеліде – 9, Жаңақорған ауданында 3 жер учаскесі мемлекет меншігіне өткен. Айта кеткен жөн, пайдаланылмай жатқан жерлер сот шешімімен ғана қайтарылады. Негізгі мақсатымыз – пайдаға жаратылмаған жерді кері қайтарып алу емес, оның дұрыс және уақытылы пайдаланылуына ықпал ету, - деді брифинг аясында Қызылорда облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қайрат Тоғызбаев.

Жер саласына қатысты анықталатын заңбұзушылық фактілерінің дені – жерді қабаттастырып табыстау, өз мақсатына және мүлде пайдаланбау. Пайдаланылмай жатқан жерге қатысты бүгінде 900-ден астам шағым қаралып жатыр. Сондай-ақ, аудандық жергілікті атқарушы органдардың, аудандық маңызы­ бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің ҚР жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдері­нің заңдылығына және өтінішті қараудың белгіленген мер­зімдерінің сақталуына қатысты жос­пардан тыс 8 бақылау шаралары жүр­гізілген.

Н.ҚАЗИ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары