Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 1146 |
![]() | Кеше | 997 |
![]() | Осы аптада | 12271 |
![]() | Өткен аптада | 20075 |
![]() | Осы айда | 34776 |
![]() | Өткен айда | 58946 |
![]() | Бәрі | 4215866 |
-
13.12.19
Толығырақ...
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.
... -
13.12.19
Толығырақ...
Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...
-
05.12.19
Толығырақ...
«Құмкөл-Қызылорда» автожолының 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт алған «Neoplan» маркалы автобус аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қайыстырғаны анық.
... -
05.12.19
Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетістік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабарға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...
- 05.12.19
Толығырақ...Ерғали АБДУЛЛА
Қу ақша
Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...
- 05.12.19
ЖҰМЫС ҮШІН УАҚЫТПЕН САНАСПАЙМЫН |
14.11.2019 11:05 |
Майра МЕЛДЕБЕКОВА, облыстық білім басқармасының басшысы:
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАҒЫТ – БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ - Майра Тұрғанбайқызы, сізге бағытталатын сұрақ көп болып тұр. - Барлығын қоя беріңіз, дайынмын. - Ал, жауап бергіңіз келмейтін сұрақ бар ма?
- Жоқ, мен осы салада басшылықта отырған соң, білімге қатысты барлық сұраққа жауап беруге дайынмын және міндеттімін деп ойлаймын. - Онда ең алдымен, өзіңіз басқаратын мекеменің атқаратын негізгі қызметіне тоқталсақ... - Жалпы, білім саласындағы саясатты ҚР Білім және ғылым министрлігі жоспарлайды, жүргізеді. Бұл заңда да белгіленген. Ал, жергілікті билік енгізеді, атқарады. Республикалық тұрғыдағы үлкен құжаттарға барлық негізгі бағыттар белгіленген. Мысалы, 2050 жылға дейінгі стратегия. Бұл жердегі экономиканың әрбір саласына бағыттайтын индикаторлары бар. Білім саласындағы бағыт – білім сапасын көтеру. Сондай-ақ, дамыған 30 елдің қатарына қосылу деген бар. Оның да бір параметрі білім саласына қатысты. Екіншісі – білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аяқталды. Қызылорда облысы ол бағдарламада көрсетілген, жүктелген тапсырмаларды орындап, жақсы жетістікке жетті деп айтуға болады. Өзіңіз білесіз, облысты басқарған Қырымбек Елеуұлы білім саласына көп көңіл бөлді, қаражатты да бөлді. Жалпы алғанда, мекеменің жұмысын жүргізуде Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті органның рөлі бар.
МЕН НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРГЕ МӘН БЕРДІМ - Басшылыққа келгеніңізге 1,5 жыл болды. Салаға қандай өзгеріс әкеле алдым деп ойлайсыз? - Жалпы, мен 1993 жылдан бастап білім саласындамын. Мектепте жұмыс істедім, білім министрлігінде қызмет еттім. Ол жерде мемлекеттік бағдарламаны әзірледік. Сол кезде мен «жергілікті жерлерде бұл бағдарлама қаншалықты жүзеге асады, білім саласындағы саясат дұрыс жүргізіліп жатыр ма, ауыл мектептерінің мүмкіндіктері қандай?» деп ойлайтынмын. Сондықтан, мен осы жерге басшылыққа келгенде негізгі параметрлерге мән беруді жөн көрдім. Олай дейтінім, министрлікте біз әрбір мекеменің стратегиялық бағдарламасы болғанын талап еттік. Сондай-ақ, ол жұмыстардың нақты орындалып жатқанына жеке көз жеткіздім. «Қандай мәселе бар, қайтсе шешіледі?» деген сұрақты үнемі өз-өзіме қоямын. Мысалы, дарынды балаларды қолдауға аса мән бердік. Оқушыларды, мектепке дейінгі тәрбиеленушілерді дұрыс бағыттауымыз, оқытуымыз керек. Сондықтан, білім сапасын көтеруді бірінші орынға қоямын. Мемлекеттік бағдарламаның орындалмай жатқан бір параметрі болды. Ол – ерекше білімді қажет ететін балаларға жағдай жасау. Бұл жерде де мемлекеттік бағдарламада индикаторлар қойылған болатын. Былтыр қызметке келген уақытта сол кездегі облыс әкімі Қырымбек Елеуұлына ұсыныс айттым. Қолдаудың арқасында әрбір мектепке дефектолог мамандарды дайындадық. Былтыр да, биыл да 43 штат ашылды. Мұны негізгі өзгеріс деп айтар едім. Өйткені, инклюзив саласының мамандары облыста бұрын-соңды болмаған. Содан шығар, жақында біз зерделеу жұмысына осының нәтижесін көрсете білдік. Мен министрлікте 5 жылдай ақпараттандыру басқармасын басқардым. Сол кездегі тәжірибемді осы күні жұмыс барысында барынша қолданып, қызметкерлермен бөлісудемін. Біз бүгінде бірінші сыныпқа бару, лагерьге жолдама алу, ыстық тамаққа жолдама алу, сол сияқты мектепке – 5, колледжге 7 (колледжге құжаттарды қабылдау, т.б.) қызметті автоматтандырдық. Ең негізгісі – мұғалімдерді жұмысқа қабылдау процесі. Өйткені, осы мәселе ел арасында көп талқыланады. Қызылорда – кішкентай қала. Туған-туыс, таныстық бар дегендей. Сондықтан, осы жүйені енгізуді дұрыс санадық. Сонымен қатар, IT-лицейлер аштық. Арал ауданында дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты жұмысын бастады. Әрине, бір күнде аша салып, сапа немесе нәтиже сұрау мүмкін емес. Біз оларға қосымша факультатив бердік. Келесі жылы әрбір сыныпқа робототехника, 3D кабинеттерін жасақтауға қаржы дайындап қойдық. Қазір мұғалімдерді қосымша онлайн оқытуды да жоспарлап отырмыз. Информатиканы тереңдетіп оқытуға жағдай жасаймын, ондай да платформалар бар.
БАЛАНЫҢ БОС УАҚЫТЫ БОЛМАУЫ КЕРЕК - Дұрыс екен. Ал, мұғалім мәртебесі мемлекет абыройына айналуы үшін не істеу керек? - Мен бұл сұраққа осы салада жүрген маман ретінде жауап берейін. Мұғалім өз пәнін меңгерген, білікті маман болса, оны ата-ана да, оқушы да қабылдайды. Барлығы 100 пайыз ұстаздың өзіне байланысты. Әрбір мектепте әр пәннің білікті, білімді ұстазы болады. Оны ата-ана да, оқушы да жақсы көреді. Бірақ, ондай мұғалімдер аз. Сондықтан, мен ойлаймын мұғалім мәртебесі мұғалімнің жүріс-тұрысы, ұстанымы және өз саласын меңгергеніне байланысты. Міне, осындай ұстаздар көбейсе, олар мемлекеттің абыройы саналады. Соңғы 10 жылдықта педагогикалық мамандықтарды ҰБТ-ның орташа балымен мектепті орташа оқыған оқушылар таңдап, түсіп жатты. Қазір олай емес. Сосын педагогикалық кадрлардың жалақысы да жоғары. Бұл да – мемлекет абыройы үшін мұғалімдерге жасалып жатқан жұмыстар. Менің байқағаным, қазір оқушылардың арасында мұғалім болуға талпынатындардың қатары қалың. Ал, осыдан 7-8 жыл бұрын педагогикалық мамандықтарға қызығатындар мұнша көп емес еді. Бұл – бетбұрыс бар деген белгі. - Осы күні «білім, ғылым» деп жүріп тәрбиені шетке ысырған секілдіміз. Олай емес пе, қалай қарайсыз? - Мен де солай ойлаймын. Маман ретінде «Неге олай?» деген де сұрақ бар. Бізде 4 жыл бұрын жаңа реформа енгізілді. Мазмұн, бағдарлама, бағалау жүйесі, бәрі-бәрі жаңарды. Көп өзгеріс болды. Жаңашылдықты енгізу, қабылдау біршама уақытты алады. Мектептердегі тәрбие жұмыстары бұрынғы үрдіс бойынша келе жатыр, тек жаңағы жаңашылдықтың әсерінен мән берілмей қалды деуге болатын шығар. Десе де, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тәрбиеге ықпалы бар. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев та бұл мәселені көтеріп, тапсырма беріп жатыр. Тәрбие дегеніміз – баланың қосымша біліммен айналысуы. Былай айтқанда, баланың бос уақыты болмауы керек. Сондықтан, қазір спортзалдар бос болмасын, әртүрлі үйірмелер жұмыс істесін деп жатырмыз.
ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ – ӨЗ САЛАҢДЫ БІЛУ, МЕҢГЕРТУ - Дәрігерлер Гиппократқа ант береді ғой, сол сияқты мұғалімдер де солай жасаса деген пікір ел арасында бар. Бұл өз кезегінде ұстаздардың жауапкершілігін еселей түсетіндей... - Жалпы, бұл сұрақ туралы ойланып көрмеппін. Бірақ, әрбір мұғалім бұл салаға жүрегімен барса, соның өзі жеткілікті секілді. Мен де сабақ бергенмін. Оқушымен жұмыс істеуде жауапкершілік баяғыдан жоғары. Меніңше, ең маңыздысы – өз салаңды білу, оқушыға меңгерту. Жақсы мұғалім өз-өзіне іштей болса да, ант береді деп ойлаймын. - Мектептерде химия, биология, информатика, физика секілді пәндерді ағылшынша оқытатын кадрлар жеткілікті ме? - Негізі, «жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшынша түгілі, ана тілімізде түсіндіру қиын» деген пікір бар, оны жоққа шығара алмаймыз. Жалпы, мен 1993 жылы жоғары оқу орнын бітіріп, мектепке жұмысқа орналасқанымда бұл жайтқа куә болғанмын. Сонда Шымкенттегі М.Дулати атындағы №8 мектепте ағылшынша сабақ беруді бастап кеткен екен. Айтқым келіп отырғаны, бұл былтыр басталған жоқ. 2001 жылғы мемлекеттік бағдарламаны ашып қарасақ, сонда бар. Оның алдындағыда да. Әр жылдары жүйелі, өз талабы бойынша кезеңімен жүргізіліп келе жатыр. Екінші тұрғыда «бұл пәндерді ағылшынша беруге бола ма?» деп сұрақ қойсақ, менің пікірімше әрине, болады. Тек ескеретін жайт, сапалы кадр дайын болуы керек. Біз Қызылорда облысында 150 мектепте ағылшынша оқытуды бастадық. Жүйе 100 пайыз енгізілмеді, әуелі терминологиясын, содан кейін өзгесін үйретеді дегендей. Негізі, о баста-ақ кезең-кезең бойынша енгізу жоспарланған еді. Айта кету керек, бұл жерде мұғалімдердің жеке ізденісі де үлкен рөл атқарады. - Шынын айтқанда, бұл мұғалімге де жақсы нәрсе ғой. «Үйрене жүріп үйрету» деген бар емес пе? - Мысалы, Назарбаев Зияткерлік мектептеріне, Білім-инновация лицейіне де бір орынға 20 оқушыдан келді. Барлығы сол мектептерде оқығысы келеді. Сондықтан, бұл бағдарламаға оқушылар мүлде дайын емес дей алмаймыз. Яғни, сол уақыттағы басшылық «мұны мектептерге енгізуге болады» деген шешімге келді. Ал, дайын болу не дайын болмау өзімізге, яғни әр мектептің өзіне байланысты. Мен мұның кезең-кезеңімен жүзеге асқанын қалаймын. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Мектептің жағдайына қарай, оқушылар мен мұғалімдердің дайындығына қарай енгізуге болады» деп айтқан еді.
ДИРЕКТОРЛАРҒА «САБАҚ БЕРІҢІЗДЕР!» ДЕДІМ - Қала мектептерінде директорлыққа талас, бір-бірінің аяғынан шалушылық бар секілді. Аталған жайтпен таныссыз ба? - Конкурсқа түсіп жатқандар көп емес. Конкурс үш кезең бойынша өткізіледі. Біріншісі – қамқоршылық кеңес. Ол ата-ана тарапынан, қосымша белсенді азаматтардан құралады. Соған стратегиялық жоспарын, мектепті дамыту жоспарын қорғайды. Екінші кезеңде бізге келеді. Талас болатын болса, конкурсқа түсіп-түсіп «бүлінбеуі» керек ғой. Ондайды байқамаймыз. Жақында №217 мектепте осыған ұқсас жайт болды. Біз бұл мәселемен таныспыз. Байқағаным, болған жайт анонимді түрде жазылған. Яғни, дәлелденбеген. Мұндай оқиғалар болып тұрады. - Сырттай оқығанын іштей мойындайтын мұғалімдер шоғыры мектептерде бар. Жалпы, еліміздегі кадр дайындау жұмысына көңіліңіз тола ма? - Ауыл мектебін бітірдік. Жоғары оқу орнын оқыдық. Шүкір, осы қызметте жүргенімнің өзі университетте алған білімнің нәтижесі ғой. Барлығын бірдей сапасыз деуге келмейді. Бірақ, соңғы кездері жеке жоғары оқу орындары көп ашылып кетті. Олардың өзін бірнеше бөлікке бөліп қарастырамыз. Сырттай білім алған мұғалімдер мектептерде бар. Олардың білімін уақыт таразылай, дәлелдей түседі. Жаңа категорияны алудың процедурасы жыл сайын жетілдіріледі. Биыл жаңа формат енгізілді. Әрбір мұғалім өз мамандығынан тест тапсырады. Былтыр басқаша еді, биыл онлайн түрде өтпек. Нұр-Сұлтан қаласынан басқарылып, сол сәтте сұрақтар беріледі. Демек, сұрақтың жауабын алдын ала алу, дайындалу деген жоқ. Осы жүйе білім саласын тазалап береді деп ойлаймын. Менің ойымша, барлығы мұғалімнің өзіне байланысты. - 15 жылдан соң сынып бөлмесінен табылып, қайта сабақ бердіңіз. Бұл идея қайдан келді? - Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша көптеген сұрақтар туындап жатты. Білім министрлігі мұғалімдерді, әдіскерлерді, директорларды оқытты ғой. Сонда да жұртшылықтан жаңа жүйеге деген қарсылықтар азаймады. Сонда басқарма басшыларын да оқытайық деді. Сондай курстан өтіп жатқан кезде менің көз алдыма сабақ процесі елестеді. Байқап қарасам, ештеңе ұмытылмаған. Біз мәселені болдырмаумен жұмыс істеуіміз керек. Мен келген жылы Тамыз конференциясында барлық директорларға «сабақ беріңіздер!» деп талап еткенмін. Жаңартылған мазмұнды ұстаздан талап етуі үшін директордың өзі білуі керек. Бір жылдан соң сараптап қарасам, 92% директор сабақ беретін болыпты. Сосын мен басқа тәсіл қолданайын дедім. «Өзім де оларға үлгі болуым керек емес пе?» деп ойландым. Бұл содан туған идея еді. - Меніңше, әр аудандағы білім бөлімінің басшылары бұл бастаманы жалғастыруы керек еді. Әлде ізгі істі іліп әкеткендер кездесті ме? - Біріншіден, мен мұны наурыз айында өткіздім. Оқу жылының аяғы болып қалды да, мұны ешкім жалғастырып әкете алмады. Бірақ, алдағы уақытта жалғасын тауып қалады деп ойлаймын.
МЕНІҢ ТАРАПЫМНАН ТАЛАП КҮШТІ БОЛМАДЫ - Ата-ана ретінде мектептің қандай да бір кем тұсын көріп, басшы ретінде түзеген кезіңіз болды ма? - Менің қазіргі уақытта бір ғана балам мектеп жасында. Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы Білім-инновация лицейінде 11-сыныпта оқиды. Ата-аналар жиналысы ол жақта басқаша өтеді. Үлкен кабинетте, барлық пән мұғалімдерінің қатысуымен сенбі күні сағат 10:00-ден бастап, 14:00-ге дейін болады. Әр ата-ана өзіне ыңғайлы уақытта келіп, мұғалімдермен сөйлесе алады. Соны мен келдім де Қызылорда облысына енгіздім. Шынын айтсам, бұл әлі бірізге түсе қойған жоқ. Мүмкін, менің тарапымнан талап күшті болмады ғой деймін. Бірақ, биыл мұны қала мектептерінен қайта бастадық. Екіншісі, Білім-инновация лицейі ата-аналармен тығыз байланыс жасайды. Олар түрлі спорттық іс-шараларға шақырады. Осы жүйені бізге енгізу керектігін білім бөлімдеріне тапсырып жатырмын. Сонымен қатар, жаңартылған білім беру мазмұнының бір түсінбейтін тұсы бар. Бұрын балаға 3, 4 деп баға қойылатын. Жаңа жүйеде бала өз ойын ашық айта алады, қате айтамын-ау деп қорықпайды. Қазір әрбір балаға мүмкіндік беріледі. Осы жайында ата-аналарға әлі де айта түсу керек, түсіндіру керек деп ойлаймын. - Республика бойынша педагогикалық кадрлардың 80-90 пайызы қыз-келіншектер екенін статистика растайды. Ер педагогтерге артықшылық беру туралы бастаманың өз облысымыздан басталғанын қалаймын. - Жақсы, қолдаймын. Сіз өте жақсы идея беріп отырсыз. Мұны ойластыру керек, министрліктегілерге де ұсынуға болады. Өйткені, олар грант бөлгенде ер балаларға артықшылық бере алады. Бұл – саяси мәселе. Біз министрлікке тек ұсыныс ретінде хат жолдай аламыз, ал облыста шешімін табуға тырысамыз. - Аймағымызда облыстық білім басқармасының басшысы Майра Тұрғанбайқызы екенін білмейтін мұғалімдер бар деп ойлайсыз ба? - Бар шығар. Облыста 21 мыңнан аса мұғалім бар. Осынша адамның барлығы бірдей біледі деп айта алмаймын. Бірақ, өзім 10 жылдай мұғалім болып жүргенімде басшыларды білетінмін. Мұндай сұрақ күтпедім. - Негізі білуі керек ғой... - Иә, әрине.
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН КӨЗ АЛДЫМА ЕЛЕСТЕТУІМ КЕРЕК - Соңғы кездері саңырауқұлақтай қаптаған жеке балабақшаларға қатысты көзқарасыңыз қандай? - 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен толық қамту туралы мемлекеттік бағдарламада міндеттер қойылды ғой. Қызылорда облысы 2017 жылы негізгі көрсеткішті орындады. Өйткені, Білім және ғылым министрлігі тарапынан әрбір балаға берілетін жан басына қаржыландыру мемлекеттік тапсырысты беріп отырды. Осы тұрғыда мемлекеттік бағдарламадағы индикаторды орындау үшін жеке балабақшалар ашылды. Саясат сондай болды. Ал, сапа – екінші мәселе. Иә, жеке балабақшада мәселе бар. Бірақ, қазір халықтың көзі ашық. Әр ата-ана сапаны талап ете алады. Білім бөлімдері мен жеке балабақшалар арасында келісімшарт жасалады. Сол келісімшарттың ішіне біз бірнеше параметр енгіздік. Аудандардың барлығына осы жаңа үлгіні жібердік, талап ету керектігі айтылды. Бөлімде балабақшаларға қатысты үлкен жұмыс тобымыз бар. Сол топ кез келген уақытта балабақшаларға барып, тексеру жұмыстарын жүргізе алады. Қызылорда облысының өзінде 663 балабақша бар. Шынын айту керек, барлығын күнде қадағалауға мүмкіндігіміз жоқ. - ҰБТ-ның жаңа форматынан қандай да бір кемшілік байқадыңыз ба? - Мен ҰБТ-ның жаңа форматын қолдаймын. Оқушының тестті 4 рет тапсырғаны дұрыс. Бұл – оқушыға жан-жақты мүмкіндік беру. - Сіз жұмысыңызды қаншалықты беріліп істейсіз? - Мен осы саланы қатты жақсы көремін. Сосын менің балаларымның бәрі үлкен, алаңдайтын ештеңе жоқ. Жолдасым мені қолдайды. Сондықтан, жұмысқа барымды саламын. Жұмыс үшін уақытпен санаспаймын. Сенбі күнімді де жұмысқа арнаймын. Жауапкершілікті сезінемін. - Қандай басшысыз? - Мен табиғатымнан қатал емес секілдімін. Бірақ, жұмысқа келгенде талапшылмын. Қызметкерлерден талап етемін. Былтырдан бастап мен тайм-менеджментті қызметкерлеріме енгіздім. Бұл қызметкердің қалай жұмыс істеп жатқанын анықтап береді. Мен барлығының жұмысын көз алдыма елестетуім керек. Бұл қаталдық па, білмедім. - Сіздің ойыңызша бүгінгінің ұстазы қандай болуы керек? - Бүгінгінің ұстазы заман талабына сай, жаңашыл болуы керек. Мұғалім – ізденістің адамы. Баланың қызығушылығын оятып, оқушының барлық сұрағына дайын жүруі тиіс деп ойлаймын. Ең бастысы, өз мамандығын жақсы көруі және білгенін жеткізе алуы қажет. - Бүгінгі күннің ұстазына барлық жағдай жасалған деп айта аламыз ба? - Иә, әрине. - Ашық әңгімеңізге көп-көп рақмет! Сұхбаттасқан Рыскелді ЖАХМАН |