Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
БИЛІК ӨКІЛІНЕ КҮШ ҚОЛДАНҒАНДАР ЗАҢМЕН ЖАЗАЛАНАДЫ
15.11.2019 11:30

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес еліміздің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.

Сол себепті, азаматтардың Конституциямен кепілдік берілген құқықтарын қамтамасыз етуде, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауда бірден-бір жауапкершілік полиция органдарына жүктелген.

Алайда өміріміздің тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында полиция органдары қызметкерлері мен жақындарының өміріне қашанда қауіп төнетінін біреуі білсе, біреуі білмейтіні анық.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару барысында оған күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіргені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабында қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Осы орайда, Байқоңыр қалалық прокуратурасымен жүргізілген талдау жұмыстарына сәйкес, ағымдағы жылы ішкі істер органдары қызметкерлеріне қатысты күш қолдану дерегі бойынша қозғалған 4 қылмыстық іс сотқа жолданып, оны сотпен қарау барысында құқық бұзушы тұлғалар кінәлі деп танылып, жаза тағайындалды.

2019 жылдың маусым айында Байқоңыр қаласының қоғамдық тәртібі мен тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында РФ ІІМ-нің «Байқоңыр» кешеніндегі басқармасы қызметкерлерімен құқық бұзушы А.Божедомов қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені үшін ұсталып, оған қатысты әкімшілік хаттама толтыру мақсатында медициналық мекемеден куәландырудан өткізуге жеткізілген. Алайда құқық бұзушы медициналық мекемеге жеткен бетте қызметтік көліктен түсер сәтте полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамай оларға қатысты күш қолдану дерегі орын алып, қылмыстық іс қозғалған.

Қылмыстық істің сотта қаралу барысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындайтындығын, жасаған әрекетіне шын ниетпен өкінетіндігін көрсетті.

Осыған орай, мемлекеттік айыптаушы тарапынан сотталушының әрекеті қоғамдық қауіпті екендігі көрсетіліп, соттан бас бостандығынан айыру жазасына тағайындау сұралды. Нәтижесінде, прокурордың қорытындысы сотпен қанағаттандырылып, сотталушы А.Божедомов ҚР ҚК-тің 380-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қылмыстың өтеуі жаза болып табылады. Билік өкілдеріне күш қолдануға жол берілмейді. Қала прокуратурасы осы санаттағы қылмыстық істердің сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттерінің ақырына дейін жеткізу бағытында тиісті қадағалау жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.

Сондықтан, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет жасап жүрген билік өкілдеріне қарсы күш қолдану, күш қолдану қауіпін тудыру бағытындағы әрбір заңсыз әрекет үшін тиісті заңмен көзделген жауаптылықты естен шығармаған жөн.

Байқоңыр қаласының прокуратурасы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары