Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

    ...
    Толығырақ...
  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
ШАРУАСЫ ШИРАҒАН «АҚҚҰМ-ЖЕР»
21.11.2019 10:35

Аграрлық өңірдің әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстар бүгінде өз жемісін беруде. Кеше ғана ауыл шаруашылығы саласында көштің басында тұрған Жалағаш ауданымен қалай мақтансақ та жарасады. Аллаға шүкір, ауыл еңбеккерлері Жер-Ананың берген ырзық-несібесін ысырап қылмай, Сырдың басты дақылынан тау тұрғызуда белсенділік танытуда.

Осыған қарап кешегі Еңбек Ерлері Несіпбай Әпірезов пен Ұзақ Еспанов ағаларымыздың ізбасарлары бар екен деп қуанып жатырмыз. Жалағаштағы жергілікті шаруашылықтар бір ғана серіктестіктің өсіп-өркендеуіне жұмыс істемейді, төрағалар сол өңірдің экономикасының, әлеуметтің әлеуетінің артуына күш салып жатыр. «Кең болсаң, кем болмайсың» деген рас екен, қолдағы барын көппен бөліскендер жомарттығынан бір бүйірі бүтінделмей жатқан жоқ. Өзі де мол табысқа кенелуде, халықтың да алғысын арқалауда.

 

Сөздің басын жомарттықтан, кеңпейіл­діктен бастауымыздың себебі­ бар. Бұрын үлкен жолдың іргесін­де жатқан Еңбек ауылының тыныс-тіршілігін қалың оқырманмен бөліскен едік. Аққошқарда өзі жалғыз шаруашылық бар. Сол бір ғана «Еңбек-Жер» деген серіктестіктің Еңбектің еңсесін тіктеуде атқарып жатқан жұмысы бірнеше шаруашылыққа жүк болардай. Ауыл ішінде төрағаның өз қаражаты есебінен салға­н нысандары жетіп артылады. Осындай толымды тірлік Аққұм ауылында да жоқ емес екен. Қазір бұл өңірде Серік Шуақбаев, Алматбек Алдоңғаров сынды төрағалардың туған­ жерге деген қолғабысының арқасын­да тіректі елді мекеннің тірлігі де, жетістігі  де  толымды.

Күре жолдың сол қапталында орналас­қан аққұмдықтар да ауыл шаруаш­ылығы саласында толайым табысқа кенелуде. Бұрын су жүретін каналдардың  биіктігіне  байланысты кішігірім мәселе болған. Жергі­лікті шаруашылықтардың ұйым­шылдығының арқасында бұл мәселе де өз шешімін тауып отыр. «Аққұм-Жер» шаруа қожалығының басшысы Алматбек Алдоңғаров әлі де каналдарды қайта қазу жұмыстарын жал­ғастыруға  бел  буып  отыр.

Биыл аталған серіктестік 850 гектар жерге Сырдың басты дақылын орнала­стырыпты. Бұрын әр гектардан 38-40 центнерден өнім жинайтын  шаруашылықтың  бұл көрсет­кіші биылғы жиын-теріннің орташа мөлшеріне де жетпейді. Төраға бұл жетістікті  ауыл  еңбеккерлерінің  адал еңбегімен  байланыстырады.

– Бұрын каналдардың қазылмауына байланысты су тапшылығы бар және басқа да мәселелер мол өнім алуға кері әсерін тигізетін. Ал қазір мүлде басқа. Кешегі күзгі науқанның қорытын­дысында гектарынан орташа есеппен 55-60 центнерден өнім алдық. Алдағы уақытта өнім сапасы мен көлемін арттыр­уға күш саламыз. Шаруа­шылық жетістігінің барлығы әріп­тестерімнің тынымсыз іс қылуының арқасы деп білемін. Базадағы техника­ларды жаңартуды күн тәртібінен түсірмеуге күш салып жатырмын. Биылды­ң өзінде 3 жаңа техника сатып­  алдық. Алда­ғы уақытта олардың  қатары  толығады. Бізге көне көліктердің  орнын жаңа әрі заманауи техника­лардың басқаны тиімді. Бұрын жауынға дейін қамданайық деп күн райына жалтақтап отырушы едік. Қазір оған алаңдайтындай еш негіз жоқ. Сала серпін алса, оның тиімділігін менің де әріптестерім көруі керек. Сондықтан шаруашылық база­сын­дағы  техникаларды  жаңарту  жыл сайын  жүргізіледі, - дейді төраға.

Ауылдың 80 адамын жұмыспен қамтып отырған «Аққұм-Жер» ЖШС биыл әрқайсысының құны 190 млн теңге тұратын 3 комбайнмен толықты. Алматбек Алдоңғаровтың қолдағы қаражатты базадағы техниканы жаңалауға жұмылдыруының ар­қасында биылғы егін жинау науқаны да уақытында аяқталып отыр. Тіпті келер жылдың егісіне атыздарды сүдігерлеу жұмыстары басталып кеткен­. Бұрыннан бұл салада қолтаңбасы бар маман көктемге дейін жер жыртудың келер жылғы өнім сапа­сына айтарлықтай әсер ететінін айтады­. Мәселен, биыл күзде айдалған атыздағы арамшөп тамырлары қысқы аязда үсіп кететін көрінеді. Нәтижесінде келер жылғы өнімнің сапасы мен көлемі 10 пайызға артады  екен.

Биылғы жиналған 850 гектар алқапта­ғы алтын дәннің 200 гектары «Янтарь» сұрыпы болса, қалған 650 гектары – «Лидер». Оған жауапты 3 бригаданың да сапалы еңбек еткені­ көрініп тұр. Жыл қорытын­дысында айлығынан бөлек қосымша қолдаудан құр қалмайтын серіктестік  еңбеккерлеріне  төраға биыл да қаржылай сыйақы тапсыруды жос­пар­лап отыр. Бұл шаруашылықта жыл сайын қайталанатын үрдіс екен.

– Жыл сайын әріптестеріме айлығынан бөлек, қаржылай сыйақы тағайындаймын. Биыл осы мақсатта жұмсалатын қаржының көлемі артпаса, кемімейді. Еңбеккерлер өзіне міндеттелген ісін адал атқарып жатса,­ өз басым оны бағалаудан қашпаймын. Жұмысын істеді ме, соған лайық жемісін көруі керек. Сондықтан мен осыған басымдық беремін. Бұл сыйақы дегеніңіз еңбек адамына жігер беріп, келер жылғы науқанда қарқынына қарқын қосады. Мұнан бөлек, шаруаш­ылықта жұмыс істейтін әріптестерімнің отбасылық жағ­дайынан да жәрдемімді аяған емеспін. «Кең болсаң, кем болмайсың» дейді. Аллаға шүкір, бұл ісімнен жамандық көріп отырған  жоқпын, - дейді Алмат­бек  Алдоңғаров.

Туған жерге қызмет еткен бір перзент­ болсаң, осындай-ақ бол. Бірінің мұндай іс қылуға шамасы келсе,­ бірінің материалдық жағдайы жетпеуі мүмкін. Бастысы, сенің қызметің емес, пейілің, ішкі түйсігің маңызды екен. Бұл жерде ағамыздың тек жасаған ісін сөз қылып отыр­ғаным  жоқ. Ауыл деп аңқылдаған адал пейіліне  риза  болдық.

Алматбек Алдоңғаров осы өңір­дегі жағдайы төмен отбасылардың жыл сайын отын-суын, шөбін түсі­ріп, қаржылай қолдауын да аяған емес. Мерекелік шаралар кезінде ардаге­рлер мен ұстаздарға, ақ жаулықты аналарға сый-сияпат көрсетіп отырады. Ауылдағы «Тайман қари» мешітінің имамы мен қарауылының да  айлық жалақысын өз жауапкер­шілігіне алған. Имандылық үйін қыстық отынмен қамтамасыз етуді де өзіне міндеттеп қойған. Осындай сауапты­ іске ден қойған азаматтың пейіліне қарап Алла әр ісін сәтті еткен­ болуы керек. Ауыл жанашыры егін шаруашылығынан өзге де тың жобалар­ды  жүзеге  асыруға  ден қо­йып  отыр.

Шаруашылық төрағасы осыған дейін көршілес Сырдария ауданынан күріш ақтайтын зауытты іске қосқан еді. Қазіргі таңда ұн диірменінің құрылысын бастап кетті. Бұйыртса, солтүстік өңірлердегі шаруашылықтармен келісімге отырып, бидай экспор­ттап, ұн зауытын іске қоспақ. Алдағы уақытта олардың ауқымын кеңейт­іп, «Құрама жем» зауытын салуға­ да бел буып отыр. Мұндай жобалар­дың жүзеге асуы тек кәсіпкер үшін ғана емес, өңір халқына да тиімді. Себебі жаңа кәсіптік нысан бой көтерген жерде жұмыс орны ашылып, әлеуметтік саланың алға басуы­на айтарлықтай әсер ететінін білеміз. Бір ғана шаруашылық жұ­мы­сымен шектелмей, кәсібінің көк­жие­гін кеңейтуге ден қойған азаматтың жарқын жобаларына сәттілік тіледік.

Кенжетай  ҚАЙРАҚБАЕВ,

журналист,

Жалағаш  ауданы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары