Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
АЛМАҚТЫҢ ДА САЛМАҒЫ БАР
21.11.2019 11:30

«Шыдамның да шегі бар». «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК мен «Су жүйесі» МКК басшылығы осылай дейді. Сұрауы бар су мен қытымыр қыста жан сақтайтын жылудың ақысына келгенде тұрғындар таршылық танытатын­ көрінеді. Олар ай сайын емес, жыл сайын қордаланға­н қарыздарын жеке тұрғындар мен меке­мелерге ескертуден шаршаған. Жылдың басында жылуға­ қарыз көлемі 200 миллион теңгеге жеткен. Ал ауызсуды тұтынушыл­ардың небәрі 19 пайызы ғана ақшасын­ ай сайын төлейді. «Борышкерлер біздің үмітімізді үзді, біз енді оларды коммуналдық қызметтен үземіз» деді олар БАҚ өкілдеріне берген баспасөз брифингінде.

Қазақта «алмақтың да салмағы  бар»  деген түсін­ген­ге түйінді, білгенге есті сөз бар. Мынадай нарық зама­нында тиынсыз тірлік жүр­мейтінін ескерсек, пайда­ланған қызметтің ақысын төлеп отыру – баршаға мін­деттелген дүние. Ал біз­дің қалада коммуналдық қызметті пайдаланып отырып, төлемақысына келгенде ат-тонын ала қашу принципі көбейе бастапты.

- Қалаға жылу беру мау­сымы 15 қазаннан басталды.  Қаладағы 700-ге жуық көп­қабатты  үй,  бұдан  бөлек, 500-ден аса мемлекеттік мекеме­лер мен орта және шағын­ бизнес мекемелері орталық­тандырылған   жылу­ға қосылған. Кәсіпорынның 700-ден астам қызметкерінің жалақысы, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары мә­селелері қаржымен шешіле­тіндігі  белгілі. Қызылорда қаласында 30 мыңнан астам абонент бар. Жазғытұрымнан баст­ап қарызы қордаланған тұрғындар мен  мекемелерге төлем жасау­  туралы  ескертулер айтып­, келесі  жылдың  жұмысын істей бастайм­ыз.  Бірақ, соған  қарамастан  қарыздың  көлемі  азаймай  отыр. Енді  амалсыз  жылу  жүйесінен  ағыту жұмыс­тарын жүргізуімізге тура келеді, - дейді «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК директоры Р.Нұрмағамбетов.

Оның айтуынша, сотқа дейін жеткен қарыздар да жетерлік. Ағымдағы жылы жалпы 97 млн теңге берешегі бар 1200 жеке тұрғынның қарыздарын нотариалд­ы куәландырып, сот орын­даушыларына жіберілген. Сондай-ақ жылуға қа­рызы бар тұрғындарға екінші деңгейлі банктерден несие берілмейді және Қазақстанның шекарасынан шыға алмай­тын болады. Тіпті жылуға қарыз тұрғындардың  жылжымайтын мүлік­тері де тәркіленген. Олар қолма-қол төлей­тін  қаржылары  болмағандықтан,  мүлік­пен  есептесетін  көрінеді.

- Қаламыздағы «Арай» мөлтек ауданы, Жаппасбай батыр көшесі, «Титов» қыстағындағы жаңа үйлерді жылу жүйесін­ен ажыратуға толығымен мүмкіндік бар. Қазір 200-ден аса пәтерді жылудан ажыратуға мәжбүрміз, - деді Р.Нұрмағамбетов.

Судың жайына келейік. Бүгінде ауызсуды қалада 76800 абонент тұты­нады. Олардың тек 19 пайызы ғана тұтынға­н суының ақшасын уақытылы төлеп отыр. Қалғандарының ойына да кіріп шықпайды. Бұл туралы «Су жүйесі» МКК директорының орын­басары  С.Төлепбаев мәлімдеді.

- Біз де ауызсудың төлемдерін алу үшін бірқатар жұмыстар атқарып жатырмыз. Әр тұтынушыға түбіртек тара­тылады. Мұнда тұтынушының суға төлемінің көлемі және оны үш жұмыс күні ішінде төлеу қажеттігі туралы жазба қалдырылады. Егер белгіленген уақытта төленбесе, ісі сот орындау­шыларына жіберіледі, - деді ол.

Қала әкімінің орынбасары Е.Бердібаев бұл тұрғыда коммуналдық қызметтің ақысы төленбесе, көрсетілетін қызметтің де сапасы сын көтермей­тін­дігін  ескертті.

- Кезек күттірмейтін шығындарды өтеу мақсатында қордаланған қарызы бар тұтынушыларды жылу және ауызсу беру жүйелерінен ажырату жұмыс­тарын қолға алудамыз. Тұтынушылар коммуналдық мекемелер мен кәсіпорындардағы айлық жалақы осы тұтыну­шылардың тұтынған қызметі үшін төлейтін ақшасынан құралатындығын әрі кәсіпорынның қызмет ұсыну сапасы төмендеуіне әкелетінін есте ұстағаны жөн, - деді ол.

ТҮЙІН. Коммуналдық сала қызметін тұтынушылар қатарында 500-700 мың теңгеге дейін қарызы бар тұрғындар тіркелген. Бұл – кем дегенде 10 жылдан бері төленбей келген қарыз көлемі. Менталитетімізге сай мейірімділікке салынғанның салдарынан құр босқа құрдымға кетіп бара жатқан кәсіпорындар амалсыз тұрғындардың мүлкін тәркіге салып, сотқа жүгінуге шын мәжбүр. Енді олар қарызын төлеуге шамасы келмейтіндерге бітімгершілікке келіп, бөліп төлеуге де болатындығын айтады. Қарызға еті үйренген бе, қазекемнің мұнысы қызық болған екен?

Әйгерім  НАЖМАДИНҚЫЗЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары