Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
ЖАСТЫҚ ЖАЛЫН ЖЕТЕЛЕП...
21.11.2019 11:40

«Заманның  қожасы  да,  тұтқасы  да – жастар!». 1921 жылы «Жас Алаш» газетінің алғашқы нөмірі осы ұранмен жарыққа шықты. Тарих бетінде «Жас Алаш» көтерген үндеу алтын әріппен жазылды. Ел жастарының жанында жатталып қалды. Осы басылымда Ғани Мұратбаев тұңғыш редакт­орлық қызмет атқарған еді. Жалпы, Ғани туралы айтылатын, жазыла­тын дүние көп. Тым қысқа ғұмырында тындырымды тірлік жасап­  кеткені  ақиқат.

Ел ерін ұмытпайды. Керісінше, қыршын кеткен ұлын ұлықтайды. 2016 жылы Қазалы ауданы әкімдігі Ғани Мұратбаев атындағы жастар сыйлығын тағайындаған еді. Алғаш­қы  жылы облыстық, кейіннен республи­калық деңгейде ұйымдас­тырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты – Ғани есімін жаңғырту. Оның ізбасарларын  елге  таныту.

Апта басында «Ғани жастар сыйлы­ғының» жеңімпаздары анықталды. Байқауға қатысуға респуб­ликаның түкпір-түкпірінен 70-тен аса өтініш түскен. Арнайы комиссия алқасымен тек 30 талапкердің еңбегі жоғары  баға иеленіп, жеңімпаз  деп танылды.

Алдымен байқауда бәйгелі бол­ған жастар қазыналы Қазалы ауданының тарихына қанықты. Одан әрі Ғани Мұратбаев білім алған мектеп қа­быр­ғасында болды. Айта кететін жайт, Сырдың даңқты перзенті оқыған білім ордасы әлі күнге сақ­таулы тұр. Жеңімпаз жастар  бұдан әрі Ғани  Мұратбаев  атындағы  музейдің жұ­мысым­ен танысты. Мұнда «Шығыс­ жұлдызының»  тұтынған  бұйымдары, өзі  отырған  парта бар.

– Ғани Мұратбаев 4 жасында әкесін­ен, 9 жасында анасынан айы­рылған. Әкесінің інісі Салықбай Ғаниды­ қамқорлығына алып, Ташкент қала­сына оқуға жібереді. Сөйтіп, Таш­кент­те  қазақ-қырғыз  педагогикалық училич­есінде білім алады. Онда ол қазақ-қырғыз жастары арасында белсен­ділігімен көзге түскен. Деректерге сүйенсек, «Тұран» деп аталатын  кинотеатрдың алдында Ғани суыры­лып шығып «Біз жастар, алға қарай жүруіміз қажет» деп үндеу тастаға­н екен. Одан бөлек, жерлесі­міз жетім балалардың қамқоршысы болған, - дейді музей­дің ғылыми қыз­мет­кері Әлібек Сера­лиев.

Бұдан әрі жалынды жастар айбоз ұлдың атындағы ауылға барып, Ғани ескерткішіне гүл шоқтарын қойып тағзым етті. Сондағы саяба­ққа көшет отырғызды.

– Биыл Ғани Мұратбаевтың  туғанына 117 жыл толып отыр.  Әйтсе де, біз үшін ол кісі әлі тірі, жап-жас күйінде елес­тейді. Жиырма үш жыл ғана өмір сүріп, жаһанға­  танылған  тұлғаға  айнал­ған оның ісі мәңгілік жасай­тыны  сөзсіз. Ғанидың өмiр жолдарына көз жүгiртсең, бiлiмге құштарлық, әдiл­дiк,  табандылық,  ұйымдастырушылық, уәдеге берiктiк, саяси тұрақ­тылық, шешендiк, адамдармен ортақ тiл табысу, жалған уәде бермеу, әлсiз­дерге қамқорлық, бастаған iстi аяғына  жеткiзу, болашақты болжау сияқты  тағылым аларлық қасиеттер бойында тұнып тұрғанына көз жеткiзесiң. Бiр басында осындай мiнез бен қасиет тоғысқан асыл азаматтың өнегесiн ұрпаққа үлгi ету мiндет десек­ те, парыз десек те жарасады. Ал Ғани ісін жалғастыра білу – бүгінгі ұрпақтың  міндеті. Мына заманда «Өнердің кілтін тапқан ғана өрге шабады». Сендер­, тәуелсіз Қазақстанның келешегі­  үшін  тарихи  жауапкерші­лік арқалайтын азаматсыңдар. Осы жауапкершілікті сезіне білулерің керек.­ Тұлпар дүлдүлдігімен, адам біл­гірлігімен  озады. Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан  өзгермеген,  өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол – білім! Ол – еңбек! - деді Қазалы  ауданы әкімінің орынбасары  Әлімжан  Жарылқағанов  марапаттау  рәсімінде.

Мұнан кейін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшы­сы  Талғат  Маханов,  аудандық мәслихат  хатшысы  Күнтілес Назымбеко­в жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар­ға «Ғани Мұратбаев» атындағы республикалық жастар сыйлығының дипломын, төсбелгісін және естелік сыйлықтар табыстады. Сыйлық иегерлерінің қатарында «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Мәселе» бағдарламасының жүр­гізушісі  Нартай­ Аралбайұлы, бокс­тан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев, қазалылық талан­тты ақын Ақжол Түменбай секілді дарынды жастар бар.

Халық-хабар

 


 

 

Нұралы  Арыстан,

Қостанай педагогикалық колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиет» пәнінің оқытушысы:

– Жалынды жас «Ғани Мұратбаев атындағы сыйлықтың» иегері атану зор жауап­кершілік жүк­тейді. Ең алдым­ен кеудеге тағыл­ған төсбел­гі­нің салмағын сезіну қажет. Бүгін жетістікке жеткен жастардың қай-қайсысы да өз салал­арында оза шап­қан талантты ұл-қыздар. Кешелі бері қазыналы Қазалы ауданының тари­хы­мен таныстық. Мұнда атағы алты  Алашқа  жайылған  Жалаң­төс баһадүр мен Жанқожа батыр дүниеге келуінің өзі тегін дүние емес. Сондықтан осы өңірдің өсіп-өркендеуіне тілектеспін!

 

Замира Қалымбетова,

Алматы облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ Талғар ауданының «Жастар ресурстық орталығы­» жетекшісі:

– Қасиетті Қазалы топырағына табаным тиіп, елдің тыныс-тірші­лігімен таныстым. Аузы дуалы билер мен талай батыр­-баһадүрлер дүниеге келген өңірге келгенім үшін өзімді бақыт­тымын деп есептеймін. Соным­ен қатар «Ғани Мұрат­баев атындағы сыйлықт­ы» иелену – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл сыйлық қазақ жастарын ынталан­дырады деп сенемін. Жеңімпаз атанған барша замандастарды шын  жүректен  құттықтаймын.

 

Азат  Жаманқұл,

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Тараз­ теміржол көлік және коммуникация» КМҚК «Арнайы пән оқытушысы»:

– Аз ғана ғұмы­рында қазақ жастарының болашағы үшін тер төккен Ғани Мұратбаев ел есінде мәңгі сақталары анық. Осы мақ­сатта ұйым­дас­тырылған байқау­да топ жару – біз үшін үлкен мәртебе. Бұл сыйлық ел жас­тары­н ынталандырып, алға жылжуын­а  сеп  болары  сөзсіз.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары