Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
«ХАЛЫҚТЫҚ ЗАҢГЕР» АКЦИЯСЫНДА 200-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН КЕҢЕС АЛДЫ
25.11.2019 11:00

22 қараша күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті және «Параграф» АЖ, zakon.kz порталы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалымен бірлесе Халыққа қызмет көрсету бойынша №1 қалалық бөлімінде «Халықтық заңгер» акциясы өтті.

Қала халқына консультациялық кеңес беру үшін 30 түрлі сала қызметкерлері қоғамдық қабылдау өткізді. Атап айтар болсақ, облыс әкімінің кеңесшісі Мақсұт Нәлібаев пен қала әкімінің міндетін атқарушы Бектас Балғабайұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов және әлеуметтік, білім, кәсіпкерлік, жер, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы салаларының мамандары мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының білікті мамандары бар.

Шараның басты мақсаты ашықтық, жариялылық принциптері негізінде елмен етене жұмыс істеу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Акция барысында 200-ден астам азамат қатысып, бақылау-қадағалау, әлеуметтік, денсаулық, жер, тұрғын үй қатынастары, қаржы институттары және басқа да қажетті орган өкілдері тұрғындарды жеке-жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады.

Акция аясында сонымен қатар, халыққа қызмет көрстеу орталығының мамандары азаматтардың цифрлық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «egov.kz» үкімет порталы мен egov mobile және Telegram bot мобильді қосымшасы арқылы онлайн қызметтерді алу жолдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары