Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

    ...
    Толығырақ...
  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМ, ҚАЙРАТКЕРЛІК КРЕДО
28.11.2019 12:12

Баймырза  ҚОЖАМБЕРЛИЕВ,

философия   ғылымдарының  докторы,  профессор, Қазалы ауданының  құрметті  азаматы

2011 жылдың желтоқсан айының 10-жұлдызында Қазақстан Республик­асы Парламентінің Сенаты «Қазақстан Республикасындағы мерекелер  туралы»  Заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізу арқылы 1 желтоқсанды Тұңғыш Президент күні ретінде белгілеп, бұл күн мемлекет­тік мерекелер санатына енгізілді. Қазақ халқының ғасырлар­ бойы арманы болған тәуелсіздігін және соған жету жолында тар жол, тайғақ кешуін басынан өткерген халықтың тағдырын анық­тауда, егеменд­ігін жариялауда көк байрағын өз қолымен тұңғыш көтерген­ Елбасының алатын орны ерекше. Өзінің даму тарихында аласапыра­н заманауи оқиғаларды басынан өткізген қазақ ұлты азаттық­ таңын ерекше күткені ежелден белгілі. Қазақ – қай  заманда болмасын, ортақ құндылығы мен азаттығын өз өмірінен артық қойған­ халық. Қазақ ұлтының дүниетанымдық түсінігі әр кезде­ азаттық, тәуелсіздік ұғымдарымен қабат­тасып жатады. Қазіргі таңда Қазақстан – озық дамушы мемлекет аталып, әлем  қауымдастығынан ойып орын алған  ел.

1991 жылы желтоқсан айында халқымыз өз президентін сайлап алды. Елбасымыз, Алаш жұртының абзал перзенті, халқы таңдаған қаһарман ер тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланғаннан кейін, өзінің халқына арнаған алғашқы сөзінде: «Отандастарым, мұнан бөлек уайымым да жоқ, олардан бөлек қайғым да жоқ, нені болса да елмен бірге көремін, еліммен бірге төземін, еліммен бірге жетемін­» деген еді. Бұл сөз – Елбасының азаматтық ұстаным­ы, қайраткерлік кредосы һәм перзенттік парызы, азаматтық қарызы. Тәуелсіздік жылдары Елбасы үшін оңай болды деп айта алмаймыз. Тәуелсіз еліміздің іргетасын қалап, әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылуы­ үшін Елбасымыз көп еңбек сіңірді. Бүгінгі таңда бүкіл әлем Н.Назарбаевты жаңа мемлекет жасау жолындағы қиыншылықтарды жеңуде мұқалмас жігер, қажымас қайрат танытып, тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыройм­ен өткен, халқын, елін ғасырлар төріне төрлеткен ұлы тұлға деп біледі. Елбасының кемеңгер­лігіне, алыс болашақты болжай алатын көрегендігіне, білімі мен біліктілігіне бүкіл қазақстандықтар тәнті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарлама­сында еліміздің жасампаздық жолымен дамуының басым бағыттарын белгілеп берді. Қоғам алдын­да тұрған міндеттерді орындау жолында кездескен көптеген қиыншылықтарға қарамастан ел дамуының саяси, әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саяси үлгісі өз тиімділігін дәлелдеді. Елбасымыз атап өткендей, «Біз қуатты да, табысты тәуелсіз мемлекет құра білдік. Экономикалық кеңістігіміз дамыған ел болдық. Эконом­икалық және саяси реформалар сабырлылықпен, парасаттылықпен жүргізілді. Елдің жаңа ордасы – Астана қаласы салынды. Бұл қала қазақ елінің мақтанышына айналды. Халық­аралық қауымдастық «EXPO – 2017» халықаралық­ көрмесін өткізу орны ретінде осы қаланы таңдады­. Бұл да – біздің мемлекеттің сыртқы имиджі үшін үлкен жетістік. Біздің қоғам әлемдік дамудың демократияландыру мен адам құқық­тары саласындағы халықаралық стандарттарына жақындап келеді. Еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік деңгейде­ эталон ретінде танылып отыр. Біз енді алдымызға әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену  бағдарламасын  қабылдаймыз».

Тәуелсіздік жылдарындағы Елбасымыздың ерен еңбегін сөз еткенімізде алдымен экономикалық қоғамдық сананың ішкі және сыртқы сая­сат­тағы сындарлы табыстарын тілге тиек етеміз. Дүниежүзіндегі беделді саяси ұйымдардың бірі ОБСЕ саммитінің, Дүниежүзі дінбасыларының басқосулары, «EXPO – 2017» көрмесінің Астана қаласында өткізілгенінің өзі неге тұрады?! Себебі­, Елбасымыздың қай салада да сұңғыла, салиқа­лы, терең, талғампаз, білікті, пайымды, феноменді шешімдері – осының айғағы. Елбасы­м­ыз қоғамдағы қордаланып қалған өзекті мәселе­лерді байсалдылықпен, парасаттылықпен заман талабына сай шешіп келеді. Яғни, біздің болаша­ғымыз жас ұрпақтың саналы да, сапалы білім мен тәрбие алуына Елбасымыздың адами қасиетінің мүдделі екендігін  байқаймыз. Бұл – тек ғана кемел Ұлт көшбасшы­ларына тән қасиет. Кемелділік феномені ел басқарғ­ан кез келген тұлғаның қолынан келе бермейтіні тағы  бар. Бұл қасиет бір адамның бойына жинақтаған тұлғалы­қ  ұғымдылықты құрайтын философиялық пайым, яғни шынайы көшбасшы жұртты аузына қарата білетін, оны жақтастары да, қарсыластары да мойындай білетін тұлға болуы керек. Тұлға – өз тағдырының ғана ұстасы емес, соныме­н бірге өзі араласқан ортаға, қоғамға өзі ғұмыр кешкен­ уақытқа ықпал ететін қайталанбас жаратылыс иесі. Себебі, тұлға өзінің болмыс табиғатында өзі ғұмыр кешкен­ қоғамы мен уақытын сәулелендіріп, оның мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетіп отырады. Осы қасиеттердің бар­лығынан біз Тұңғыш президентіміздің болмыс-бітімін айқын­ байқаймыз. Елбасы – ардан туған тұлға. Себебі, халқы үшін аянып қалған жері жоқ. Елбасы – арман қуған тұлға. Арман­ қуатындығы кешегі күрделі кезеңдерде алдағы­ асуларға құлаш ұрып, батыл қимылдар жасауы. Соның бір айғағы – Елорданы Алматыдан Астанаға көшіруі. Қазіргі кезеңде Астана қаласы әлем таныған, республикамыздың қоғамдық, саяси, рухани және экономикалық ордасына айнал­ды­. Астана  архитектуралық  жағынан әлемдегі әсем және «ақылды»  қалалардың  біріне  айналатынына  сенімдіміз.

Міне, шынайы Ұлт көшбасшысы осындай болуы қажет. «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасы – Елба­сыны­ң  алысты аңдаған, болашақты болжаған, келешекке көрегенділікпен көз тіккен, бүгінімізге бел шешіп, ертеңі­мізге еңсемізді тіктеп барар жолымыз. Тұңғыш Президентіміз Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандық­тардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арт­тыру» атты жолдауында «Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи мемлекет құрдық. Бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік. Сапалы әрі тарихи маңызы­ зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргіздік» деп атап өткен еді. Елбасын халқымыздың, мемлекетіміздің рухани және әлеуметтік әлемін жаңғыртушы, еліне адал қызмет жасайтын тұлға деп бағалаймыз. «Тарихты тұлғалар жасайды» деген қағидаға сүйенсек, Нұрсұлтан Әбішұлы – Еуразия төрінде өз туы, өз елтаң­басы, өз гимні мен Ата заңы бар зайырлы тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаған тұлға. Елбасының салиқалы саясатының арқасында Қазақстан әлемге танылды. Шекарамыз бекіп, Елордамыз бой көтерді. Халқымыздың әл-ауқаты жақсарып, еліміз бейбітшілік пен татулықтың ошағына айналды. 2019 жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті әлемдік билік дәстүрінде болмаған ерекше үрдіс жасады. Қазақстан халқына Үндеу арқылы Қазақстан Президенті өкілеттігін тоқтататыны туралы­ жария етті. Шынында, тұлға есебінде мұндай шешімді қабылдау және оны халыққа жария ету оңай емес еді. Елбасының Қазақстан халқына үндеуі барша жұрт­шылық үшін күтпеген жайт болды. Посткеңестік кеңістікте­ Ресейден басқа бірде-бір елде мұндай оқиға болған жоқ. Тіпті әлемдік тарихта сирек кездесетін оқиғалардың бірі деп айтуға болады. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында­ қол жеткізген барлық табыстары, асқан асулары, шыққан белестері Н.Назарбаевтың тікелей басшылығымен жүзеге асырылды деп толық сеніммен айта аламыз. Әлемнің дамыға­н отыз елінің қатарына қосылуды мақсат еткен Қазақстанның одан әрі дамуына барлық алғышарттарды қалыптастырған еліміздің Тұңғыш президенті алдағы уақытта да өз халқы үшін аянбай еңбек ете беретініне сенеміз­. Сонымен қатар елді дамытудың кешенді бағ­дарламалары  жасалып,  басымдықтар  айқындалған.  Дау-жанжалсыз, берекелі бірлікте өмір сүрудің артықшы­лықтарына көзіміз жетті. Соның бәрі Елбасы жүргізген қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саясатының арқасын­да екенін түсінуіміз қажет. Бұл кезеңде ең бастысы,­ мемлекеттілікті, тіліміз  бен  мәдениетімізді қайта жаңғыртуға мүмкіндік алдық. Сондай-ақ еркін ойлауға­ және жаңаруға даму мен жетілу үшін шабыт алуға, жаңа  әрі одан да биік шыңдарды бағындыруға жол ашылды­. Біз қиындық пен қызығы қатар жүрген, татулық пен ынтымақтың қадірін білген жылдар үшін Тұңғыш Президент­імізді  сыйлап, құрметтеуіміз  керек.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары