Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
28.11.2019 14:14

Жуырда ғана Ресей Федерациясы, Краснодар өлкесіне қарасты Анапа қаласында өткен «UNIFIGHT» әмбебап жекпе-жек спортынан әлем чемпионатында аралдық екі бірдей спортшымыз Әліби Болатұлы мен Фараби Сауытбаев алтыннан алқа тағынып, әлем чемпионы атанды.

Кеше Арал өңірінің ғана емес, ел мақтанышы болған жеңімпаздарды аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов бастаған қолдаушылары мен белсенді жастар ыстық ықыласпен қарсы алды.

Әлем чемпиондарына деген құрмет одан ары аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың арнайы қабылдауына ұласты. Аудан басшысы жерлес чемпиондарды айтулы жеңісімен құттықтап:

- «Айдынды Аралдың қос бірдей азаматы әлем чемпионы атанды деген хабарды естігенде төбеміз көкке жеткендей, бойымызды айрықша қуаныш кернеді. Байрақты бәсекеде әлемді аузына қаратып, тізе бүктіру бірінші кезекте тәжірибеге, шеберлікке байланысты болса, содан кейінгі кезекте өр намыстың арқасы деп білемін. Кез келгеннің уысына түсе бермейтін Сіздердің айқын жеңістеріңіз – барша қазақ елінің жеңісі, оның ішінде Сыр елінің зор мақтанышы», - деп, жерлес спортшыларға ақжарма тілегін білдіріп, арнайы құттықтау хаты мен демеушілер есебінен тиісті деңгейде сый-сияпатын табыс етті.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы ұлттық құрама делегациясының мүшесі, №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Серік Алмағамбетов әлем чемпионатының командалық есептегі екінші орынға берілген кубогын және бүкіләлемдік «UNIFIGHT» федерациясының президенті Сергей Новиковтың Қазақстан Республикасы аймағында «UNIFIGHT» спортын дамытуға және қолайлы жағдай туғызуға сіңірген еңбегі үшін Арал ауданы әкімі М.Оразбаевқа жолдаған алғыс хатын табыс етті.

Атап өту қажет, ағайынды аралдық спортшылар аудан тарихында осы спорт түрінен тұңғыш әлем чемпионы атағын алып отыр.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары