Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Облыс әкімі «Сыр медиа» ЖШС-не автокөлік кілтін табыстады
28.11.2019 14:25

А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің 90 жылдығы аясында «Заманауи медиа кеңістіктегі аймақтық баспасөздің маңызы мен рөлі» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Салтанатты шарада облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов «Сыр медиа» ЖШС-не автокөлік кілтін табыстады.

Мемлекеттік мүддені қалың көпшілікке жеткізіп, қоғамдағы өзгерістерге сай көзқарас қалыптастыруда аймақтық медианың маңызы зор. Осы орайда облыстағы бірнеше басылымды бір шаңырақ астына топтастырған «Сыр медиа» серіктестігі елдік асыл мұраттарға қызмет ету жолында сенім биігінен түскен емес.

Он жылға жуық тарихы бар медиабірлестік құрамында әуелгі жылдары бір өзеннің қос саласындай қатар өрілген «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттері болды. 2013 жылы оған қалалық, аудандық ресми басылымдар қосылып, жұмыс ауқымы кеңейді. Облыс әкімдігінің қолдауы нәтижесінде содан бері «Сыр медиа» еліміз бойынша өз өнімін өз баспаханасынан шығарып, өзі тарататын іргелі ұйымға айналды.

«Сыр медиа» ЖШС мемлекеттік саясатты, республика мен өңір жаңалықтарын халыққа дер кезінде мазмұнды түрде жеткізу қызметін қазіргі заман талаптарына сәйкес жаңашылдықпен жүргізіп келеді. Бүгінде барлық басылымның сайттары, сондай-ақ 2011 жылы ашылған «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігі саясат, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және өзге де салалар бойынша қоғамның тыныс-тіршілігі туралы оқырманға жедел әрі сенімді ақпарат таратуды жолға қойды. Оның ішінде аймақ жылнамашысы болған қос аға басылымның веб-сайттары өз аудиториясын қалыптастырып үлгерді. Журналистер де жаңа медиа мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға машықтанды. Мұның бәрі медиахолдинг жұмысының жүйеленгенін көрсетсе керек.

Бүгінде 500-ден астам адам еңбек ететін «Сыр медиа» серіктестігі ел игілігіне жарайтын бастамаларымен қалың бұқараға жақсылықтың жаршысы, ұлағатты істердің ұйытқысы ретінде белгілі.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары