Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

    ...
    Толығырақ...
  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
ҚАЗАЛЫДАҒЫ БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕ
02.12.2019 12:00

Тебіренісімді баса алар емеспін. Шаршы алаңдағы шамырқана ширығып, қарсыласын бұрыштан-бұрышқа қуалап, соққылар тізбегін жаудырған шымыр тұлғалы өрен, қапысын тауып оңтайлы тұстан тиген жұмырықтан есеңгірген спортшыға есеп ашып бір... екі... үш деп санап жатқан ортадағы төреші, жекпе-жек арасындағы қысқа дембасарда тәлібіне жанталаса ақыл-кеңесін сыбырлай жеткізген бапкер, маңдайынан ащы тері сорғалаған боксшы, сыңғыр еткен гонг үні, жайшылықта жылдам, шайқас кезінде өтіп болмайтын жылға бергісіз минуттар, жеңістің ащы, жеңілістің кермек дәмі... сонау қиырда қалған балауса шақ көз алдымнан кино лентасынша жылжып жатты.

Алабұртқан сезім жетегінде аппақ киінген төрешілер шоғырының арасынан жаныма аса жақын адамды іздегенмін. Ақжарқын дағдысымен жымия күліп, қалың нөпірді қақ жарып (оның алдын кес-кестеу... әй, қайдам...) кіріп келетіндей көңілім өрекпіген еді. Бірақ... Аумақты залдың дәл ортасына ілінген үлкен билбордтағы жансыз бейнесі мен «Білікті бапкер, КСРО спорт шеберлігіне кандидат, талантты спортшы Тарғын Таңатарұлы Нұралиевты еске алуға арналған облыстық турнир» деген жазуды жанарым шалғанда жүрегім шым ете түсті.

Сонда ғана бұл шараның №17 Қазалы спорт мектебінің ғимаратында аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың бастамасы, Тарғынның шәкірттерінің демеушілігі, аудан әкімдігі мен облыстық спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан облыстық турнир екені есіме түсті. Тарғын бапкерді еске алуға арналған турнирді өткізуге мақала авторы бас болып, шәкірттерінің тура төрт ай дайындық жасағанын айта кетсек. Біздің үй бұрынғы боксшылардың ақылдасар мекеніне айналды. Кімге кім ұстаз болмай жатыр? Шәкірті, оның ішінде спорттың бокс аталатын қатал түрімен шұғылданған төзімі темірдей шойын жұдырықты азаматтар әспеттеген бапкердің бағамы қаншалықты биік екенін пайымдай беріңіз. Әні-міне дегенше межелі мерзім де жетіп келді. Өткен жексенбіде Жанқожа батыр атындағы орталық мешітте профессор Мұхан Таңатарұлының бастауымен Нұралиевтер әулеті Тарғынның аруағына арнап ас берді. Жанқожа батыр атындағы мешіттің бас имамы Берік қажы Сүлейменов сазды үнмен оқыған қасиетті құранның аяттары киелі мекенге жиналған 200-ге тарта жанның көкейіне алуан ой салғандай. Асты өзге жұрт «Қазалының Левитаны» атандырған Кенже-Әлі Асқар өте шебер жүргізді. Дастарқан басында «Қазалы ауданының құрметті азаматы», «Құрметті теміржолшы», Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов өзге де жамағат Тарғын Таңатарұлының Қазалы боксының дамуына зор үлес қосқанын, жүздеген шәкірттерінің аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда, халықаралық турнирлерде топ жарып, аудан абыройын көкке көтергенін тебірене жеткізді .

Келесі күні спорт мектебінің ғимаратында байрақты бәсеке басталды. Турнирдің ашылу салтанатындағы кіріспе сөзінде Қазалы ауданы әкімі Мұрат Нәлхожаұлы Тарғын Нұралиевтың көптеген ұландардың спортты серік етіп, денсаулығын нығайтуға, аудан боксының қарыштап алға басуына ерекше әсер еткенін, есімі халқымен қайта қауышқанын атап өтті.

Тарғынның дүниеден өткеніне санаулы айдан соң он жыл толады. Осы аралықта Қазалы боксының дамуы жолында телегей тер төккен білікті бапкердің есімі мүлде аталған жоқ. Қапияда көлік апатынан көз жұмған Тарғынды жерлеу кезінде оның шәкірттері мен сыйласқан азаматтар қаралы жиын өтетін шығар деп ойлаған едік. Ескерілмеді. Жылдар өте бапкердің көзін көрген қауым «Тарғын Нұралиевты еске алып турнир ұйымдастырылса, қажетті шығынды өзіміз табар едік, тек рұқсат берсеңіздер болды» деген өтінішпен әкімдіктің табалдырығын тоздырды. Тағы да бір бағытқа басын бұра ұзақ жүгіріп, мойны қарысып қалған қасқырдай лауазымдылар селт етпеді. Тарғынды қадірлейтін көпшіліктің тауы шағыла бастағанда Мұрат Нәлхожаұлы басшылыққа келіп, ұсынысты қызу қолдады.

Күллі тіршілік иесін жаратушы Алла әркімнің несібесін өлшеп қояды деген рас екен. Тарғынды еске алуға арналған турнир облыстық деңгейде дегенмен республикалық дәрежеде өтті. Жарысқа Қызылорда, Байқоңыр қаласы мен аудандарға қоса Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облысынан командалар қатысып, аптаға жуық бақ сынасты. Турнирге қажетті барша қаражатты Тарғын Нұралиевтың шәкірттері, жеңімпаздар мен шараның өтуіне белсене атсалысқандарға қаржылай жүлдені Тарғынның достары, кластастары, Баймырза аталығындағы туыстары мен Өркендеу, Қожабақы ауылындағы жерлестері көтерді.

Турнирдің жабылуында аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов тебірене сөз сөйледі. Демеушілер дайындаған ақшалай, заттай сыйлықтар табыс етілді.

Турнир барысында өзіміз тілдескен белгілі спортшы Бақытбек Қазыбаев «Мұндай ауқымды жарыстың Қазалыда өткеніне қатты риза болдым. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз» деген пікірін білдірді.

Жарыстан соң турнирге қатысушылар жарыстың жоғары деңгейде өткенін, ашылу салтанаты мен жабылу рәсімі керемет ұйымдастырылғанын айтып ризашылықтарын жаудырды. Қазалыға алғаш рет қадам басқан Шығыс Қазақстан облысы мен Қарағандыдан келген меймандарымыз өздері бұрын-соңды атын да көп естімеген шалғайдағы аудандағы көркі келіскен заманауи үлгідегі спорт кешендерге, олардың спорттық құрал-жарақтармен жабдықталуына, әсіресе жарысқа арнап құрылған су жаңа рингке сүйсінгендерін жеткізді. Мақтағанды кім жек көрсін? Туған жерімізді мақтағанға мерейіміз тасып қалды. Баршаның басын қосқан спорт додасын өткізгеннен рухани тұрғыда ұтпасақ, ұтылмағанымызды терең түйсіндік.

Жұмабек  ТАБЫНБАЕВ,

Қазалы  ауданы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары