Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Бір Алланың адал құлы – Мұхаммед
04.12.2019 14:30

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас...». Мәуліт айы Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбарымыздың туған күніне байланысты мерекелік шаралар жер-жерде жалғасын табуда. Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйінде өткен «Бір Алланың адал құлы - Мұхаммед» атты имандылық кеші жиналғандар көкейіне алуан ой салғандай. «Ана қадірі» атты қойылыммен басталған шарада имандылық, адамгершілік, мейірімділік, хақты тану, өзге де ізгілікті қасиеттер дәріптелді.

Кеш барысында ауыл тұрғындарын Жанқожа батыр атындағы мешіттің бас имамы Берік қажы Сүлейменов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әли Шайқұл мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. «Сарқұл қожа» мешітінің шәкірттері орындаған «Пайғамбарға салауат» көкке шарықтағанда, көпшілік қосыла тебіренді. Аталмыш кештің ұйытқысы болған «Сарқұл қожа» мешітінің имамы Мұратбек Балкеев Мұхаммед пайғамбарымыздың өнегелі өмірінен деректер келтіріп, шараны қорытындылады.

Мұнан соң шараға қатысушылар жуырда жаңадан салынып, ел игілігіне берілген «Сарқұл қожа» мешінде ауыл жастарының демеушілігімен жиналған дастарқан жайылып, ас берілді.

Түс ауа «Бірлігі жарасқан жамағат» атты волейболдан аймақтық ашық турнир өткізілді. Байрақты бәсекеге Бекарыстан би, Ақтан батыр, Жанқожа батыр ауылдарынан командалар қатысты. Жеңімпаздар марапатталып, қаржылай сыйлықтар табысталды. Тартысты түрде мәреге жеткен доп додасында Ақтан батыр ауылының командасы жеңімпаз атанды.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,

Қазалы ауданы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары