Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ЗЕЙНЕТАҚЫ мен ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ АРТАДЫ
05.12.2019 15:10

Қазақстан Республикасының «2020-2022 жылдарға арналған рес­публикалық бюджет туралы» Заңында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіштің мөлшері (әрі қарай – АЕК) 2651 теңгеге артуына байланысты ең төменгі зейнетақы – 38636 теңге, күнкөріс деңгейі – 31183 теңге, базалық зейнетақы төлемі – 16839 теңге, ең төменгі жалақы 42500 теңге болып­ белгіленді. Осыған байланысты 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің алып отырған мөлшері 7%-ға  арттырылады.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты көбейтіледі. Мысалы, зейнеткер­дің еңбек өтілі 33 жыл және одан жоғары бол­ған жағдайда зейнетақысының мөлшері 2019 жылғы желтоқсан айында базалық зейнетақы төлемімен қосқанда (71024+29698) = 100722 теңгені құраған болса, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап­ 7 пайызға көбейткенде 71024х7%=75996 теңге, оған 31183 теңге базалық зейнетақы төлемін қосқан­да 75996+31183=107179 теңге алатын болады,­ яғни 6457 теңгеге көбейеді. Егер еңбек өтілі 20 жылды құраса, орташа зейнетақы мен базалық зейнетақы төлемін қосқанда 50995+21977=72972 теңге мөлшерінде зейнет­ақы алушы келесі жылдан бастап 7 пайызға арттыры­лғанда 50995х7%=54565 теңге, оған 23076 теңге базалық зейнетақы төлемімен қоса, барлығы 54565+23076=77641 теңгені құрап, 4669  теңгеге  ұлғаяды.

2019 жылдың желтоқсан айында ең төменгі зейнетақы мөлшері еңбек өтілдері 20 жыл болса­, базалық зейнетақы төлемімен қоса, 36108+ 21977=58085 теңге мөлшерінде зейнетақы алатын­ зейнеткердің зейнетақысы 7 пайыз есебіме­н 36108х7%=38636 теңге, оған базалық зейнетақы төлемін қосқанда (38636+23076)= 61712 теңге болады немесе 3627 теңгеге арттырылады. 2020 жылдан бастап тағайындалатын зейнетақы төлемін есептеу кезінде алынатын табыстың ең жоғарғы мөлшері 121946 теңгемен шектеледі (2651 теңге АЕКх46 еселенген). Осы табыстан есептелетін зейнетақының ең жоғарғы мөлшері базалық зейнетақыны қоспағанда 121946х75%=91460 теңгені құрайды, яғни ең жоғарғы табыстың 75 пайызынан аспауы тиіс. Ал тиісінше, мүгедектігіне, асыраушысынан айыры­луына байланысты мемлекеттік әлеумет­тік жәрдемақы және тағы да басқа жәрдемақы алушылардың төлемдері 5 пайызға арттырылады.  №1, №2 тізім бойынша (Ерекше ауыр және зиянды жұмыс істеген адамдар үшін) мемлекет­тік арнайы жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ балалар жәрдем­ақыларының мөлшері айлық есептік көрсет­кіштің өзгеруіне сәйкес көбейеді. Атап айт­қанда, бала туғанда  берілетін  біржолғы  жәр­демақы  мөл­шері бірінші, екінші, үшінші бала туғанда 2019 жылы – 95950 теңге болса, 2020 жылы – 100738 теңге, яғни 4788 теңгеге, ал төрт және одан да көп бала туғанда 2019 жылы – 159075 теңгеден 167013 теңге немесе 7938 теңгеге артатын болады.­ Бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты берілетін жәрдемақының мөлшері туу кезектілігіне байланысты: бірінші балаға – 15270 теңге, екінші балаға – 18054 теңге, үшінші балаға – 20811 теңге, төртінші және одан да көп бала туғанда 23594 теңгені құрайтын болады.

Айгүл МАХАНОВА,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон

комитеті Қызылорда облысы

бойынша департаментінің бөлім басшысы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары