Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ҰМЫТЫЛМАС ҰЛЫ ЕСІМ
06.12.2019 14:35

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультетінің оқытушыларының ұйымдастыруымен физика-техникалық факультетінің физика мамандығы 139-тобы - курс студенттеріне арналып Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай «тәрбие сағаты» өтті.

Бұл игілікті шарада ұлт мақтанышы, қазақтың атақты ақыны, жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен қызметіне баланысты көптеген өзекті мәліметтер ортаға салынды

Кеңестік билік тұсындағы оның өмір жолы күреске толы болды.

Сәкен Сейфуллин 1928 жылы Кеңестің ІІІ съезінде кеңес халық комиссариатының төрағасы болып тағайындалып, мансап жолында ұлт келешегінің қамын ойлаған қайраткер болып қалыптасты. Қазаққа тарихи атын қайтару мен қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып жариялану жолында табанды күрес жүргізді. Топ студенті Балнура Құбылова «Ұмытылмас ұлы есім» деген тақырыбындағы баяндамасында С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы естеліктерді баяндап, тарихи деректер негізінде мәліметтер берді. Ал, Әсемгүл Бакишева жазушы Сәкен Сейфулиннің еңбектері туралы баяндама жасады. Баяндамада Сәкен Сейфуллиннің Қазақстанның жазушылар одағының негізін қалаған адамдарының бірі және де өмірінің аяғына дейін оның басшылық қызметін атқарғаны, Қазақстанды ашаршылық жайлаған 1931-1932 жылдары «Қазақ әдебиеті» оқулығын, «Біздің тұрмыс» атты сатиралық романын баспадан шығарғаны жөнінде мәліметтер берді. Сонымен қатар қоғам қайраткерінің 1932 жылы өзі бас редактор болған «Әдебиет майданы» журналында «Қызыл ат» поэмасының үзінділері жарық көрген. Оның жазушылар арасында алғаш «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталғаны туралы да айтылды.

Ұлы жазушының өмірі мен қызметі, шығармашылығы туралы студентер өз ойларын ортаға салып, құнды пікірлер айтты. Студенттер тарапынан баяндамалар жасалып, өлең-шумақтары оқылып, С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына байланысты құрылған викториналық сұрақтарға жауап берілді.

Сәкен Сейфуллиннің бүкіл саналы ғұмыры мен қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі қазақ халқының болашағы жолына бағытталды. Болашақ ұрпақтың санасында, рухани өмірінде тарихымызда өзіндік орны бар тұлғаларымыздың ескерілуі, олардың өмірбаяны мен қызметі туралы ғылыми еңбектер мен зерттеулердің баяндалуы студенттерді ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып ақыл-парасаттылыққа, әділдікке баулуда өзінің септігін тигізетіні анық.

Творчестволық өмірдің өрелі биігіне шығып, басқаға үлгі боларлықтай өнеге көрсеткен, өзінің ерлік ісімен аңызға айналған ақынның 1938 жылы қаза табуы – орны толмас үлкен өкініш. Оның рухани тыныс-тіршілігі халықтың жадында мәңгі сақталып, жасай береді.

Гүлнәр ҚОЗҒАМБАЕВА,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

тарих, археология жәнеэтнология факультеті,

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті,

тарих ғылымдарының кандидаты

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары