Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
АҚЫРҒЫ АЯЛДАМА
13.12.2019 12:15

Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа толы болады.

АНАШЫМ,  күнде ерте тұрасыз. Әкемді жұмысқа шығарып саласыз. Содан соң міндетті түрде бізді ұйқыдан оятып, қарындасым екеуміздің маңдайымыздан сүйіп, қатты-қатты құшақтайсыз. Ыстық тамағымызды алдымызға тосып, мейірімге толы көздеріңізді алмай бізге ұзақ қарап отырасыз.

Бүгін күн қабағын ашпай тұр. Аспан сұрланып, суық жел өңменіңнен өтердей. Күн райына қарап, сіз де бізді қап-қалың киіндіріп қойдыңыз. Күндегі  әдетіңізден  таймай:  «Ал,  балапандарым, сабақтарыңды  жақсы  оқыңдар, әкең  екеуміз сендерге сенеміз!» деп бізді жігерлендіріп қоясыз. АНАШЫМ, сіздің осы сөздеріңіз қарындасым екеумізге қалай қанат бітіретінін білсеңіз ғой. Сізді сондай қатты жақсы көреміз!

Бұл жолғы таңда сіз бізді ұзақ құшақтап тұрдыңыз. Тіпті артқа тартынсам да, ып-ыстық құшағыңыздан бізді жібергіңіз келмей қойды. Жып-жылы алақаныңызбен басымыздан сипап, бетімізден кезек-кезек сүйе бердіңіз. Күнде мектепке барарда дәл бұлай ұзақ шығарып салмайтын едіңіз ғой, АНАШЫМ!

Біз аялдамада тұрмыз. Қарындасымның қолынан тас қылып ұстап алдым. Біз ата-анамыздың үмітін ақтау үшін сабақты жақсы оқуға міндеттіміз. Автобус та кешігіп жатыр. Қарашы, анау көз ұшындағы көліктің жылдамдығы тым қатты. «Қарындасым, ол тура бізге қарай ұшып келе жатыр...».

АНАШЫМ! ӘКЕШІМ! Біз сіздердің үміттеріңізді ақтау үшін алысқа кетіп қалдық. Қарындасым – менің жанымда. «Әрдайым бір-біріңе қамқор бол» деуші едіңіздер ғой, мен сол уәдемде тұрамын.

АНАШЫМ! Сенің тау бұлағындай тап-таза көңілің, аялы алақаның, жылы жүрегің мен кең пейілің бізді суық күнде жылытушы еді. Мұнда айнала жып-жылы, жап-жарық. Бірақ, біз күнде автобус күтетін аялдамалар жоқ екен. Егер осы жерден аялдама кездестірсек, үйге міндетті түрде ораламыз. Әкешім екеуіңіз уайымдамаңыздар, жарай ма?       Біз  ораламыз... Тек  жыламашы, АНАШЫМ!!!

Әйгерім  НАЖМАДИНҚЫЗЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары