Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Қызылордалық кәсіпкер Мұрат Сәрсенбаев мемлекеттік «Құрмет» орденіне ие болды
13.12.2019 15:40

Кеше Нұр-Сұлтан қаласынан сүйінші жаңалық жетті. Қызылордалық кәсіпкер Мұрат Сәрсенбаев екі бірдей ерекше марапаттың иесі атанып отыр.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен: Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін қызылордалық «Абай Дәулет» ЖШС директоры Мұрат Абайұлы Сәрсенбаев «Құрмет» ордені мемлекеттік наградасымен наградталды.

Айта кету керек, Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі мен «Атамекен» ҰКП-ның Мұрат Абайұлын аталмыш наградамен марапаттау туралы ұсынысы Президент Әкімшілігі тарапынан қолдау тапқан болатын.

Мұнан өзге, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасын іске асыру мақсатында ұйымдастырған «Жомарт жүрек» сыйлығының "ЖЫЛ МЕЦЕНАТЫ" номинациясы бойынша Мұрат Абайұлы Сәрсенбаев лауреат атанды.

Айта кетейік, Мұрат Сәрсенбаев – жасампаз басқарушы, кәсіпқой, өз ісінің мықты маманы. Әрдайым мәселелерді шешуде ерекше амалдарды пайдалана отырып, басшылық және оперативтік құрам күшін шебер бағыттайды. Іскерлік, табандылық, принципшілдік қабілеттерімен ерекшеленеді.

Өзінің ұйымдастыру қабілетімен және осы саланы жақсы меңгерген қарапайым, кішіпейіл, заман талабына сәйкес білікті, білгір басшы ретінде өңіріміздің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Қайырымдылық демеу көрсету аясында «АбайДәулет» ЖШС компаниясымен жыл сайын жетім балаларға, көп балалы отбасыларға, зейнеткерлерге, басқа да мұқтаж жандарға қомақты қаржылық көмек көрсетілуде.

Жалпы, «АбаймДәулет» компаниясы әлеуметтік жауапкершілік пен әлеуметтік саясатты қалыпты жүргізуді бизнесті дамытудың ұзақ перспективадағы негізгі талабы деп қарастырады. Әлеуметті сала мен күріш өңдейтін ауылдарды дамыту компанияның басым бағыттарының бірі болып табылады.

Басшы өз қызметінде ауылдарды, мәдени және әлеуметтік жобаларды, қоғамдық және демеушілік шараларды қолдауға аса мән береді. Әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейіне жету компанияның корпоративтік мәдениетінің бөлігі.

Серіктестіктің негізгі міндеттері – әлеуметтік инфрақұрылымды қайта салу және дамыту, абаттандыру және көркейту, кадрларды дайындау, денсаулық сақтау мен спорт салалары, шағын және орта бизнесті дамыту.

2018 жылы «Абай Даулет» ЖШС-нің негізін қалаушы құрылтайшылардың шешімі бойынша түрлі бағыттардағы жобалар іске асырылған.

Атап айтқанда, Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылына абаттандыру, көгалдандыру, аялдама салу шаралары қабылданып, ауылдағы мәдениет үйіне, балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балалар үшін ұлттық киімдер, жаңа оқу жылына мектепке құрал-жабдықтар алынды. Мұнан өзге, Сырдария ауданына қарасты Бесарық, Тоқмағанбетов, Сейфуллин ауылдарының балалары үшін ағылшын тілі орталықтары ұйымдастырылып, Ульсана Ұлттық Университетінде студенттер оқытылуда.

Спорт компанияның қайырымдылық бағыттарының бірі болып табылады. Компания тұрақты түрде Қызылорда қаласындағы және Бесарық ауылдық округіндегі спорт үйірмелеріне қаржылай қолдау көрсетіп келеді, және де жыл сайын жаңадан қосымша спорт орталықтарын ашуда.  Сырдария ауданы Бесарық ауылында – «Бокс», «Таэквондо», «Дзюдо» секциялары, Қызылорда қаласында – Қ. Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназиясында және №253 орта мектепте «Таэквондо» секциялары ашылды.

Сонымен қатар, компания Қармақшы ауданына қарасты ІІІ-Интернационал ауылына қомақты қаржы салып, ауылды абаттандырды, көгалдандырды, қырман мен көлікжайды жөндеп, жарықтандыру орнатты, балаларға арналған ойын алаңын салып, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетті.

М.Сәрсенбаевтың басшылығымен және тікелей қатысуымен «Абай Дәулет» ЖШС-гі қалдықсыз өнім өндіру жүйесіне көшті. Бұрын күріш қауызын арнайы құрал болмағандықтан тастауға мәжбүр болған мекеме бүгінде бұл мәселенің де шешімін тапты.

«Абай Дәулет» ЖШС-і Қызылорда қаласындағы 10 жыл бойы қараусыз қалған зауытты күрделі жөндеуден өткізіп, іске қосқан. Алғашында 7-8 адам жұмыс жасайтын зауыттың жұмысшыларының саны бүгінде 100-ге жеткен.

Зауыттың жұмыс процесі ешқандай қалдықтың қалдырмайты технллогия. Күріш салысы зауытқа түскеннен бастап бірінші қауызынан тазартылып, содан кейін ақтауға түседі. Ақталған күріштің өзі бірнеше електен өткізіліп, майдалары бөлек алынады. Одан әрі дайын болған өнім жуылып, кептіріліп барып арнайы көлемдердегі қаптарға салынады. Күрішті ақтау барысындағы жемі малға беріледі.

М.Сәрсенбаев пен «Абай Дәулеттіктер» күріш қауызын кәдеге асырудың жолдарын іздеп, шет елдік тәжірибелерді зерттейді. Кәсіпорын арнайы аппаратты шетелден алдыртып, бүгінгі таңда бұрын пайдаланылмай келген күріш қауызын пайдаға асыруда. Бастапқыда негізгі жемге 5 пайыз ғана қосып көріңіздер деген ұсынысты қабыл алған, қазіргі таңда 50 пайызға дейін қосатын болды. Арпа, сұлы, бидай және басқа да дақылдар қосылған жем малға ауырлық қылып, көтере алмай, соның салдарынан өлімге ұшыраған жағдайлар көптеп кездескен екен. Күріш құрама жемін пайдаланғалы мұндай жағдайлар 70-80 пайызға дейін азайған.

Бүгінгі күнге дейін күріш алқабында қалған масақтар мен күріш сабандарын өртеу арқылы ғана жойылатын. Мұның басты зияны топырақ құрамындағы органикалық минералдар жоғалады. Қытайда күріш егетін фермерлерге күріш қалдығынан қандай да бір өнім ойлап шығарса, өртемегені үшін субсидия төлейді екен. Ал Польшада отын болмағаны үшін қолда бар өнімнен отын жасауды қолға алған. Бұл бастамаға мемлекет қолдау көрсетіп, субсидиялаған. Нәтижесінде бұл елдерде 100-ге жуық зауыттар халыққа қол жетімді бағада гранула түріндегі отындар шығарып, отын мәселесі толығымен шешіледі. Осы тәжірибелерді зерттей келе, «АбайДәулет» компаниясы сабанынан гранула түріндегі отын жасауды қолға алуда. Қызуы жағынан көмірден кем түспейтін бұл отын түрін шығаруды қолға алса 4 мәселені шешуге болатындығын жеткізуде. Біріншіден жаңадан жұмыс орындары ашылады, екіншіден отынның құны арзандайды, үшіншіден сексеуіл, жыңғыл сынды табиғи отыр түрлерін бей-берекет пайдаланудың алдын алуға болады. Төртіншіден топырақтың құнары сақталмақ.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары