Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1610
mod_vvisit_counterКеше2899
mod_vvisit_counterОсы аптада14634
mod_vvisit_counterӨткен аптада22678
mod_vvisit_counterОсы айда68000
mod_vvisit_counterӨткен айда82830
mod_vvisit_counterБәрі4905011


Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
«КУВАД СИНДРОМЫ»: СЕБЕП пен САЛДАР
19.12.2019 12:20

«Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал. Оның белгілері жүктілік белгілеріне қатты ұқсас. Кувад синдромы кезінде адамның тәбеті төмендеп, кейде мүлде жоғалып немесе қатты ашылуы мүмкін.

 

Қысқасы былай. Әйелі бала көтерген уақытта күйеуі де дәл сол әйелінің күйін кешеді. Егер әйелдің тәбеті төмендеп, тамаққа зауқы соқпаса, күйеуі де сол жайтты бастан өткереді. Тіпті құсу, еңсесі басылу күй­лері де еркекке  қарай  ауыт­қиды екен. Белгілі ғалымдар H.Тресуман мен M.A.Конлон ұсынған деректер бойынша бұл симптомдар жиынтығын еркектердің 11%-ы бастан өткереді екен. Десе де, ғалымдар әлі күнге дейін «еркектердің жүк­тілігінің» пайда болуының нақты­ себептерін анықтай алмай­  келе  жатқанға  ұқсайды.

Канадалық ғалымдар жүк­тіліктің  әртүрлі  кезеңдеріндегі әйелдердің  күйеулеріне зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сонда әйелдерімен қоса еркектердің де гормондарында өзгерістер  болатындығын байқаған. Мәселен, тестостеронның үлес салмағы керісінше әйел­дерінде көбейіп, еркектерінде азая  бастаған.

- «Кувад синдромы» жүкті әйелдері бар ерлердегі психогендік  және психосоматикалық бұзылыстардың жиынтығын білдіреді. Бұл жағдайда күйеуінің патологиялық жай-күйі бала күткен әйелінің жағдайына  сәйкес  келеді. Сондай-ақ ол әйелінің басындағы ауырсынуды, мысалы, жамбас сүйектеріндегі айырмашылықты сезінеді, - дейді РУДН университетінің психиатрия және медициналық психология кафедрасының профессоры Валери­й  Марилов.

Әлемдегі кейбір этникалық топтарда «кувад синдромын» қара магияшылар әдейі қол­данады екен. Яғни, әйелі бала көтеру кезіндегі қиындықтар мен ауыртпалықтарды күйеу­леріне  сездірту  үшін  сиқыршыларға  арнайы  жүгінетін  көріне­ді. Бұл патологияның жекелеген белгілері одан да көп кездеседі. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында жүкті әйелі бар тексе­рілген ерлердің 40%-ында «кувад синдромының» белгілері анық­талған. Ғалымдар «егер мұндай белгілер ерлерде кездесетін бол­са­, дереу психотерапиялық ем алуы қажет» дегенді айтады. Тәжі­рибелер барысында дәрі­герлер тобы «кувад синдромы» бар еркектер әйеліне терең жан­аш­ыр­лық танытқан кезде пролактин­нің (гормон түрі) көбірек шығаратынын, яғни балаға көбірек қамқорлық жасайтындықтан пайда  болатындығын  анықтады.

Мұндай синдроммен ауыратындар біздің елімізде әлі кездескен жоқ. Дегенмен, қазақстандық кинорежиссерлардың идеясына дәл осы «кувад синдромы» іліккен. Себебін білмей­міз, бірақ өздеріңізге етене таныс­ «Брат или брак» комедиясындағы бас кейіпкер Айдар аяғы ауыр әйелінің күйін кешіп, әбден  азап  шегеді.

Осы турасында Қызылорда облыстық кеңес беру диагнос­тикалық орталығының уролог-андролог маманы Досбол Әбеновпен  сөйлескен  едік.

- Біздің елімізде және біздің облысымызда әзірге мұндай фактор кездескен жоқ. Бұл – еркектердің әйелдердегі жүктілік сезімін сезіну құбылысы. Әзірге елімізде, біздің өңірімізде мұн­дай психологиялық жай-күйге шағымданып ешкім келген жоқ. Есесіне облысымызда бедеу еркек­тердің саны артып келеді. Орталыққа кеңес сұрай келген пациенттеріме «егер үйленгеннен кейін бір жыл ішінде әйе­ліңіз жүкті болмаса, уролог-андрологқа көрініңіз» деп кеңес берем­ін. Өйткені «бала көтеремін» деген үмітпен жылдарын жоғалтатын  жұптар өте көп, - деді  ол.

Хош, еркектің жүкті әйелдің күйін кешкені мына бір оқи­ға­ның қасында түкке тұрғысыз болып қалатынын білмедік. Бұл жігіт жүктіліктің күйін кешкендей әсерде болмаған, одан да сорақысы аяғы ауыр болған­. (!)  Есімі – Томас Бити. Ол 2008 жылы алғашқы перзен­ті – қыз баланы дүниеге әкелген. Алайда Томас онымен тоқтамай, үлкен қызын туғаннан кейін екі рет жүкті болып, тағы екі ұл тапқан. Сөйтіп Томас Бити үш перзенттің ата-анасы атанған. Айта кетейік, ол өзінің жүкті екендігін ең алғаш 2007 жылы жариялаған болатын. Осыдан кейін әлемде екінші болып британдық 20 жастағы Хайден Кросс та өзінің аяғы ауыр екенін шетелдік БАҚ-қа жариялайды. Жынысын әйелден еркекке ауыстырса да, бала көтеру мүмкіндігіне ие болған. Ол ұрық донорын Фейсбук желісі арқылы тапқан. Сол себеп­ті, болашақ нәрестенің әкесі де, анасы да жалғыз өзі болып қалмақ. Хайден Кросс жынысын ауыстыру туралы шешімді 17 жасында қабыл­даған. Осы мақсатқа жету үшін ол дәрігерлердің көмегімен түрлі гормондық препараттар қабылдауға және өзінің жеке басын куәландыруды заңдастыру үшін төлқұжат жасау­ға 3 жылын сарп еткен. Алайда Кросс жынысын ауыстыруды ке­йін­ге қал­дырған. Себебі­ ол бала сүйіп, ана  атанғысы  келген.

Жер-жаһанды шарлаған осындай жаға ұстатар жайттар көп. Көресің – күйінесің, ести­сің – таңданасың. Күнара өзге­ріп тұратын әлемде көзкөрген­нің барлығына көз үйретпей-ақ, өзге бір жаратылысқа жат дүниелер құлағыңа жетіп жатады. Расынд­а Құдай жаратқан денеге «дақ» түсіріп, өзгеруге құлық таныту­дың жазасы Тәңірден өзгеге беймәлім әзір­ге. Ал жүк­ті­ліктің әсерін се­зі­нуге бейім ер адамдардың жай-күйін әлі ғалымдар да түйсіне алмай отыр.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары