Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1619
mod_vvisit_counterКеше2899
mod_vvisit_counterОсы аптада14643
mod_vvisit_counterӨткен аптада22678
mod_vvisit_counterОсы айда68009
mod_vvisit_counterӨткен айда82830
mod_vvisit_counterБәрі4905020


Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
МОНШАҚТАЙ ӘҢГІМЕЛЕР
19.12.2019 12:25

Ақыл  жетпес

Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

 

Жалғыз  тілекті  адам

Күллі дүние күл болып, жарты әлем жанып кетсе де, құйрығына жабысқан құйттай креслосын күйік шалмаса, жаһандағы жалғыз тілегі – сол...

 

Кері  құбылыс

Өзіңді қиындықтан қаншалықты алып қашып аяншықтансаң, өмір сені соншалықты көк төмпештің астына алумен болады.

 

Қызмет   түрлері

Халыққа қызмет ету – кереме­т, өзіңе қызмет ету – едәуір жақсы-ақ, біреуге қызмет ету – бір түрлі...

 

«Әдеби»  өмір

Қияли ертегі ойлап тауып, соның жетегінде өмір сүре­тіндер бар. Аңызға ауаланып, шектен тыс қаһарманданып өмір сүретіндер бар. Ғашықтық  жырларын  ұйып, көрін­ген сұлуға есі кетіп, мәжнүнденіп өте­тіндер бар. Қаймақ сөзді қатырып, өміріндегі  әр қадамын мақалдап, мәтелдеп  қорытындылап  отыратындар бар. Сыртқа  сырын алдырмай, өткенін де, жеткенін де жасырып, өзгелер шешуін­ өзі тапсын дегендей жұмбақ өмір  сүретіндер де  бар...

 

Жағымпаздың

бары мен  жоғы

Тәуір тәрбие, терең білім, парасатты­ пайым, салиқалы сөз, оралымды ой, қарымды қиял, мызғымас махаббат... Бәрі-бәрі  бар. Жоғы – алақандай ар мен ынсап  қана...

 

Жеңімпаздар

Өмірде мәртебесі асып, тұғырға көтері­лген жеңімпаздардан гөрі, тұғырсыз қалған жеңімпаздардың саны көптеу  сияқты...

 

Жиналысқа   жиналған   екен

Бәрінің де беті нарттай екен. Бәрі де мәйегі айналып семірген екен. Бәрі де жарылардай боп отыр екен. Бәрінің де қабағы қатқыл, көздері шатынаулы, жүздері сазарыңқы екен. Соған қара­ғанда, бұл жиналысқа тегін адамдар келмеге­ні  көрінеді...

 

Ескі   дегенше,

құсқы   десейші

Ескі үлгідегі жиналыстар... Ескі үлгідегі баяндамалар... Ескі үлгідегі марапа­ттар... Ескі үлгідегі атақтар... Ескі үлгідегі қолпаштаулар... Ескі үлгідегі мерейтойлар... Ескі үлгідегі кісімсулер... Осылардың арасында жүріп өзіңді ескіріп, ескерусіз қалғандай сезінесің...

 

Мақтаған   соң

Әкеңді  мақтамасаң  да,  әкімді  мақтай  бер.  Әкең шығара  алмаған  биік­терге  әкім  шығара  алады...

 

«Ару»

Сұлулана-сұлулана, әдемілене-әдемілене, көріктене-көріктене, бояна-боя­на, баяғы бір табиғи таза жаратылысынан айырылып, қан-сөлсіз құр мүсін­ге айналып қалған ару...

 

Дейміз-ау...

Тіліміз бай дейміз – бір бөлегіміз басқа тілде шүлдірлеп жүрміз. Музыкамыз ғажайып дейміз – әншілеріміз көршілердің әнін шырқап, бәрімізді селкілдетіп билетіп жүр. Жеріміз кең-байтақ дейміз – екінің бірі үй салатын жер таппай жылдар бойы жәутең көз боп сандалып жүр...

 

Теңесер   шақ

Кешегі ызбарлы, ызғарлы кабинеттің креслосын сықырлатып отыратын нән бастық пен өмір бойы белі бүгіліп, бейнеттен көз ашпаған қитабан шаруаның енді міне қол ұстасып, әжік-гүжік әңгіме сапырып, бір-біріне сүйенісіп, қалтылдап-құлтылдап бара жатқанын көрдім. Кәрілік адамдарды ана дүниеге барар алдында теңестіре бастайды екен-ау...

 

Бүгінгі   мықтылық

Бүгінде мықты мұғалім балалармен арпалысып, сабақ беріп, басын ауыртып жатпайды. Бүгін мына жерде, ертең ана жерде өтіп жатқан семинарларда, тренинг­терде, научниктерде «көрнекіліктерін» жарқыратып, жаңашылдық көрсетіп  іссапарда  жүреді...

 

Күтудеміз

Әне  жаңалық  болады, міне жаңалық­ болады деп сарылып күтеміз де жүреміз, күтеміз де жүреміз. Ал бұл күтулеріміз жылдарға ұласып бара жатыр.­

 

Өзі   үшін

Сенің елден асқан жақсы қасиеттерің үшін емес, өзінің әрбір айтқан сөзін мақұлдату үшін ғана сені бауырына тартып, маңдайыңнан сипайтындар бар.

 

Тиын мен  теңге

Сыңғырлаған тиыны талай-талай тәтпіштеуден өтіп әлеуметке жетті-ау, ал шытырлаған теңгесі қозғалмастан, бумасы ашылмастан әу бастағы қалтада қалып қалды.

 

Бүлдіргі

Бүлінгеннің  бәрін  өзі  бүлдіріп алады да, басқа біреуге неге бүлдіресің дегендей­ көзі бақырая қадалып қарап отырады.­

 

Бұл  да  атақты

Ақылы шолақ ақтай белсенді. Ал атағы  осындағы  дуалы ауыз абыздардан кем емес.

 

Айналасын  тыныш  қылды

Кер ауыз кеудемсоқтауына қызмет берді. Пыш-пышы көп пысықайына қолтығына қыстырар портфель берді. Майда-шүйделеріне жаудырып «Алғыс хаттар» берді... Енді құлағы тыныш, жан-жағы жайлы боп жүріп жатыр...

 

Кері  жаңғырық

Кейбіреуді бет-жүзіне қарамай жұмысқа сал, құлша жұмса. Құлша жұмсай алмасаң, кейін өзіңді құлша жұмсаудан  тайынбайды.

 

Жылдамдық

Біліммен білеулеп, қайратпен қарымдап, ақылмен амалдап, қара теріңді сығып жиырма жылда әзер шешеті­н мәселеңді бүгінде бір қалталы қалақбас екі-үш күнде қалпақпен ұрғандай­  лезде-ақ шешіп тастап жүр.

 

Құбылма

Күліп тұрып жылай салады, жылап тұрып күле салады.

 

Заманның  түсі

Кеңес заманында айналаңнан қан сорғалап тұрғандай болатын, қызыл әскер, қызыл ту,  қызыл галстук, қызыл алаң, қызыл партбилет, қызыл сенбілік, қызыл бұрыш, қызыл отау...

 

Жоқ   іздеген

Жоғалған Рухын іздеп жүрген соқыр халық...

 

Бос  жүрістің  адамы

Салпақтап анаған ереді. Салпақтап мынаған ереді. Бұл қасқаның тыныш жатар күні жоқ. Жұртқа айтар үні жоқ...

 

Кішкентай  қызметкер

Жоғарыдан келгендерге жол ашады. Төменнен келгендердің төбесінен ұрады.

 

Бюрократия

Үлкен-кіші кабинеттерде шіренген, шырт түкірген, өзі шамшыл, өзі «аршыл», тұяғы мұздаған, қабағы сыздан­ған білгіштер толып, иін тіресіп отыр. Аңдығаны – қазынаның қара қаза­ны­ның  қақпағы.

 

Аз бен  көп

Мал табарлық ақылы жоқ адамдар аз... Сонда да малы жоқ, сіңірі шыққандар жетерлік...

 

Шығарады...

Дүлейлі жылдар өзінің дүлдүлдерін шығарады. Ереулі жылдар өздерінің ерлерін шығарады. Сұрапыл жылдар өзінің сайыпқырандарын шығарады. Қа­һар­лы жылдар өзінің қаһармандарын шығарады. Жылымық жылдар өзінің жылар­мандарын шығарад­ы. Жеміс­ті жылдар өзінің жасампаздарын шығарады. Сұрқия  жылдар өзі­нің сұрқылтайларын  шығарады­...

 

Өмір   мазмұны

Бәріміз де азды-көпті күнәліміз. Әр­қайсысымыздың «қоржынымызда» сол күнә­нің аз не көп болуы – жеке өміріміздің маз­мұны.

 

Кемел  шақ

Өз ойыңнан өзің түшіркеніп, селт етіп шошына бастаған кезің – ақылыңның  толысқан шағы.

 

Фәни

Жер бетінде жоқ едің – жылап туып, бар болдың. Бұл жаһанда зор едің – жып-жылмағай  жоқ  болдың...

 

Шектеліп  қалдық

Балаларға текті тәрбие, басы бүтін білім беруіміз керек емес пе?! Ал біз болсақ, балаларға науқандық тапсырмалар ғана берумен шектеліп жүрміз...

 

Демейді

Мешкей қарын тойса тойдым демес, жемқор жемсауы толса да қойдым демес.­

 

Құрбандық

Адамдар көбіне-көп өздерінің озбыр­, опасыз  ойларының  құрбаны боп кетеді.

 

Жетек

Жетекшілеріміз құр жетектеуден әрі аспай отыр...

 

Қашқан  ой

Бір ойым қаламымды қайымдаймын дегенше, әп-сәтте санамнан шығып қашып кетті. Олай әуреленіп, былай әуреленіп таба алмадым...

 

Әлі  жүр

Ақсүйек аристократтар өз уақытында тамаша өмір сүріп, заманы жылжып кеткенде, тарих сахнасынан ығысты. Қызу қанды демократтар уақытында улап-шулап, толықсып-тулап, кезеңі өткенде олардың да қарасы көрінбей кетті... Ал парқы жоқ партократтар заманын­да үрлеп ішіп, шайқап төгіп, асып-тасып өмір сүрді. Заманы кетті. Уақыт өзгерді. Бірақ олар сол орнында, жылы-жұмсақтың айналасында әлі жүр... Тұмсықтан таяқпен ұрсаң да, кетет­ін  сиқы  жоқ...

 

Жаңа  әдістеме

Бастықтар бағыныштыларға әкіреңдеуін, қодыраңдауын, айбат шегіп шақыл­дауын сап қойыпты. Тек қана әдемі сөзбен сылап-сипап, алдап-сулап­, арқадан қағып, арсалаңдап жаңа қалыпқа  көшіпті.

 

Табысқан  орын

Әлеуметтік желіден әркім өз орнын тауыпты. Қу қуды тауыпты. Сұм сұмды тауыпты. Әкім әкімді тауыпты. Ақын ақынды тауыпты. Алаяқ ашық ауызды тауыпты... Бәрі де өздеріне-өздері риза... гу-гу... ду-ду...

 

Орын  жоқ

Қай сала тоқырап, дамымай қалса, сол салада кез келген адам жұмыс істей алады, әжік-гүжік істер тындыра алады. Ал дамыған озық салада тек кәсіби маманд­ар ғана талқанын тауып жей алады,­ дәлдүріштерге ол арада орын жоқ.

 

Жайыз  сөз  емес

«Мәңгілік» деп кез келген жерде көкіп, оңды-солды сабынымызды езіп жүреміз. Шындығында «мәңгілік» деген­ сөз бұл фәни, өтпелі жалғанның өлмелі пенделері – адамдарға жайыз сөз емес.

 

Көштен   қалған

Ана алмағайып заманды да көрген. Мына адуынды заманды да көрген. Оқыған. Тоқыған. Білімді. Ілімді. Қатар­ға қосылып, қызмет еткен. Бүгін­де де соқталдай қызметі бар. Бірақ жүрісі-тұрысы, сөйлеуі-күлісі, айғайы-ұрысы – кеңестік-кеңкелестік деңгейде  қалып қойған...

 

Қайшылық

Өзгерген қоғам. Өзгермеген адам.

 

Атақ пен  шатақ

Әрқилы  деңгейдегі  түрлі  салаларда дүрлі-дүрлі  атақ  көп. Сол атаққа қарай әукесі салбырағандардың арасында гүрлі-гүрлі  шатақ  көп.

 

Арман,  арман,  арман-ай

Жанындағыларға, жалпақ жұртқа жатпай-тұрмай, жанын салып жақсылық ғана жасайтын жасампаз, жақсы, жылы жүректі, жайдары жүзді ұлық­тарды  көргім  келеді...

 

Науқан мен  «сойқан»

Науқан тумасын. Науқан туса, мүләйімсіген мұғалімдердің тыныш тірлігінде  сорпақтаған  «сойқан» туады.­

Ерғали  Абдулла

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары