Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1633
mod_vvisit_counterКеше2899
mod_vvisit_counterОсы аптада14657
mod_vvisit_counterӨткен аптада22678
mod_vvisit_counterОсы айда68023
mod_vvisit_counterӨткен айда82830
mod_vvisit_counterБәрі4905034


Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
БИЛЕР ШЕШІМ ЕТКЕН ІЗБЕН СОТТАР КЕСІМ ЕТЕДІ
19.12.2019 12:35

Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы шешімді сұрады. Ал, би болса, әділ әрі таза шешім шығарып, кесім кесіп, қара қылды қақ жарған. Бұл біздің дала мәдениетіміз, өркениетіміз бен болмысымыз еді. Тұңғыш Президенті­міз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, біз мақтанатын бабалардың асыл жолы  еді.

Міне, азаттықтың самалымен тыныс­таған 28 жылдың ішінде экономикасы дамыған тәуелсіз, рухы мықты елге айналдық. Бүгінде көкірегімізді кең керіп, жүректен шыққан жалынды қуаныш сезіммен бүкіл әлемге біздің Тұңғыш Президентіміз, Көшбасшымыз бар деп ауыз толтырып айта аламыз.

Егемендігіміз қайта оралып, қаз-қаз тұрдық. Бірақ, көптеген құндылық­тар­дан айырылып қала жаздадық. Ұмыт болға­н ұстанымның іздері осы бүгінгі сот саласында да сайрап жатты. Қайта құ­рылған жүйе қолда барды қару етіп, аяққа қойды. Міне, содан бері даму үстіндеміз. Бұрынғы болмысымызға жайлап оралып келеміз. Мысалы, кезін­дегі әулеттің үлкенінің орнын ауылдың ақсақалдар алқасы басты. Елімізде сотсыз татуласу орталықтары ашылып, жұмыс істеуде. Нақты кезеңде қанша адам осы медиаторлардың алдынан татула­сып шығып жатыр. Бұл да біздің рухани жаңғыр­ғанымыз емес пе? Яғни, Елбасы айт­қандай, көнені заманауи тұрғыдан жаңалады­қ. Бұл – ел саяса­тының  дұрыс бағытта  бара  жатқанының  дәлелі.

Тектілікті бойына жиған тарихы­мызға назар салып қарап отырсаңыз, қандай да бір дау туындай салысымен бидің алдына бармаған. Әуелі төменгі сатыдан басталып, әулеттің үлкені, ақсақалының алдында айтылған. Осы бір болмыстың жұқаншағы әлі де бар ғой. Бала бір бұзақылық жасап қойса, ата-анаңа айтамын деп жатпай ма? Болмаса­ «Үлкендеріңнің алдынан өтейік» деген түсінік осының айғағы. Бұл бұғалық бола алмаған адамды ауылдың ажасының алдына апарған. Ажа деген – қазір­гі ауыл әкімі секілді сөзі өтімді, айтқаны­ жүретін басшылық етуші жан. Бұл жерде­  де даудың басы бұғалыққа сый­май­ жатса, ел қожасының алдына барып жүгінеді. Содан кейін барып «Ажаны ақтап, қожаны түгендеп, биеке сізге келдік» деп бидің алдына барған. Ал, би болса, әділ әрі таза шешім шешіп, кесім кесіп, қара қылды қақ жарған.

Сан ғасырлардан бері жалғасқан билер­ жүйесін Қасым ханның қасқа жолы­мен Әз Тәуке «жеті жарғысымен» жаңала­ды емес пе? Міне, сол секілді бүгінгі  сот жүйесі де уақыт  өткен сайын­ ашықтығымен, ыңғайлылығымен, тиімділігі және жетілгендігімен сол жүйені  қайталап  келе  жатқандай.

Мәселен, «Түнгі  соттың»  тиімділігі, «Виртуалды соттың» жеделділігі және заманауи технологиялармен жабдық­талуы  осыны  көрсететіндей.

Сонымен қатар сот төрелігін әділ атқаруға «Жеті түйін», яғни жеті бағдар көрсетіліп, жарғыдай жарияланып, жүрер жолды анықтағаны нағыз руха­ниятпен ұштасқаны емес пе? Бұл бағыттың басты тұғыры – «Мінсіз судья» мен «Үлгілі сот». Себебі судья – сот жүйесі­нің жүрегі. Сот жұмысының айнасы да, басты қорғаушысы да – судья.

«Мінсіз судья» деп заңды жетік білетін мамандарды айтатыны түсінікті. Алайда судьяның мінсіздігі заңды жатқа­ білумен ғана өлшенбейді. «Мінсіз судья»­,  біріншіден, жан-жақты білімді, мәдениетті, парасатты болуы керек; Екінш­іден, тәкаппар, менмен, дөрекі болмауы керек. Үшіншіден, өмірлік те, кәсіби де мол тәжірибесі болу керек. Өйткені, судьялық қызмет – құқықтық-демократиялық елді құру және дамыту барысында, әділ, қатаң заң негізінде дұрыс билік айтуды талап ететін, әрі ол жөнінде соңғы болып нүкте қоятын, заң саласының ішіндегі ең шоқтығы биік, жауапкершілігі өте зор, мәртебесі бөлек  мемлекеттік  лауазым.

Үлгілі соттың ұжымында моральдық-психологиялық климат, сот қызметкерлерінің өзара қарым-қатынасы, адами сыйластығы жоғары деңгейде болатыны белгілі. Ал, кешегі өткен билер­дің бойынан осы қасиет та­былуы керек болды. Сола­й да еді. Сондықтан қара қылды қақ жарған­ деп ат қойып, «Тура биде туған жоқ, туған­ды биде иман жоқ» деп сенім мен жазғыруды қоса қоя­ды. Осы сөздің үдесінен шығу үшін таразыны тең ұстап өткен қанша билер бар.

Міне, сол сара жолға жетелеген «Жеті түйіннің» алғашқысы әділеттік, содан кейінгілері судьяның жауапкершілігі мен тәуелсіздігі деп аталды. Міне, кеше мен бүгіннің сабақтастығы, Рухани жаңғырудың  бүгінде  орындалып  жатқан көрінісі – осы.

Талант  ТІЛЕП,

Қызылорда  қаласының  мамандан­дырылған  тергеу  сотының  судьясы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары