Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
БІРЛІГІ БЕКЕМ ҰЖЫМҒА БЕРЕКЕ ДЕ БЕЙІМ
19.12.2019 12:40

Мұрат  СӘРСЕНБАЕВ,

«Абай  Дәулет»  ЖШС  директоры:

«Қарекет қыл, пайдасы көпке тисін». Бұл – Абайдың байлық пен дәулетке бастайтын терең философиялы тұжырымдарының бірі. Бұл – ұғынғанға ұлы ғибрат. Біздің заманымызда кәсіп қылса да, қарақан басын күйттейтіндер бар. Керісінше шаруасын ширатып, шартарапқа шарапатын тигізіп отыратындар бар. «Абай Дәулет» – Сыр өңіріндегі қарекеті мен қайырымы қоса жүретін компаниялардың бірі емес бірегейі. Ірі істерді кез келген адам ілгерілете алмайды. Басшының  мықтылығы  сол, оның  стратегиясында. Осы орайда біз «Абай Дәулет» ЖШС-нің директоры, 30 жылға жуық  ауыл  шаруашылығы  саласында  маманданған  білікті басшы Мұрат Сәрсенбаевпен жолығып, бизнестің, серіктестік жұмыстарының  айналасындағы әңгімелерді тарқатып  қайтқан  едік.

 

- Мұрат Абайұлы, мемлекеттік марапат­ыңыз,  толайым жетістікте­ріңіз құтты болсын! Бұл, сөз жоқ, ұжымғ­а берілген баға. Өзіңізді туған жерді түлетіп жүрген арда азамат­тардың бірі деп білеміз. Бесарықтағы ағайындарға деген жанашырлы­ғыңызды көріп-біліп жүрміз. Өзге де ауылдық  елді  мекендерде  атқарыл­ған  істерге аз-кем тоқтала  кетсеңіз?

- Рақмет!  Біз  ауылдарды қолдауға, мәдени және әлеуметтік жобала­рға, іс-шараларға демеушілік жасау­ жұмыстарына өте көп көңіл бөлеміз. Бұл біздің компанияның негізгі бағытт­арының бірі десек те болады. «Оң қолың бергенді сол қолың көрмесін» дейді ғой. Сұраған соң, атап өту керек. Былтыр түрлі салалард­ағы  жобаларды  іске  асыруға жалпы сомасы 47 млн 285 мың 400 теңге көлемінде қаржы бөлінді. Қызылорда қаласындағы тұрмысы төмен отбасыларға көмек ретінде 1 млн 575 мың теңге, А.Тоқмағам­бетов және С.Сейфуллин ауылдарындағы балаларға арналған ағылшын тілін ұйымдастыру жұмыс­тарына 1 млн 440 мың теңге, Корея Республикасында студенттерді оқытуға 3 млн теңге және Бесарық елді мекеніндегі әлеуметтік жұмыстарға қаржы қарастырылды. Спортты дамытуға да жіті көңіл бөлеміз. Мәселен, Қызылорда қаласындағы Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы мен №253 орта мектептегі  спорт секцияларына 670000  теңгеден  қаржы  аударылды. Бұдан  бөлек, ІІІ Интернационал  ауылын абаттандыру, жарық­­тандыруға және ондағы аз қамтыл­ған отбасы­ларға көмек көрсетілді. Осылай­  бұйырғанды бөлісеміз. Одан біздің ырысымыз артпаса, кеміп  жатқа­н  жоқ.

- Әлеуметтік жобаларыңыздың ішінде білім беру, спорт саласына көп көңіл бөледі екенсіздер. Сіздер қар­жыландырған салада қандай да бір жетістік  немесе  нәтижелер көрсеткіші бар  ма?  Еңбек  ақталып  жатыр  ма?

- Дұрыс айтасыз. Бөлінген қаржы болашаққа салған инвестиция болып­ саналады ғой. Қолдау көр­сеткеннен  кейін  әйтеуір  халыққа бір пайдасы тисе, ел разы болса деген­ ниет болады. Келешек білімді жастардың қолында екендігін жақсы білесіз. Осыған орай біз Қызылорда қаласынан «Зияткер» атты мектеп ашып, онда ағылшын, физика, матема­тика пәндерінен аптасына үш күн тұрақты сабақ берілуде. Асқар Тоқмағамбетов пен Сәкен Сейфуллин ауылдарында 40 оқушы ағылшын тілінен, 40 оқушы логикалық математикадан  дәріс  алып жүр. Енді соның нәтижесі деп білемін, бітір­ген оқушылар қаладағы «Білім-иннова­ция» лицей интернаты, №4 облыстық дарынды балаларға арналға­н мектептерге оқуға түсіп жатыр.­ Жаңа  спорт  турал­ы да сұрап қалдыңыз. Сырдария ауданының Бесарық ауылында таэквондо­  секциясын  ашқаны­мызға 15 жылдай уақыт болып қалды. Одан бірнеше дүркін Қазақстанның және Халық­аралық  турнирлердің  жеңімпаз­дары шықты. Дзюдо күресін де қолға алғанбы­з. Бүгінде 60-тан аса жасөспі­рім осы күреске қатысуда. Бұл спорт түрінен ауылдан Азия чемпионы және 30-ға тарта спорт шеберлігіне  үміткерлер  бар. Салын­ған­  инвестицияның  нәтижесі  деген – осы.

- Өңірде күріш өсіру, өңдеу саласы бойынша өзіңіз басқаратын серік­тестікке бәсекелес компаниялар бар. Сіздердің өзге өндірушілерден басты айырмашылықтарыңыз  неде?

- Өте орынды сұрақ. Өздеріңізге белгілі, біздің компания  шаруашылықтардың  күріштерін  өңдеп, сатумен  айналысады. Күріш өсіру саласымен «Бесарық» ЖШС мен «Достық Жер МК» ЖШС айналысады. 5000 гектардай күріш алқабы ІІІ Интернационал, А.Тоқмағамбетов, С.Сейфуллин, Бұқарбай батыр және Бесарық ауылдарында орналасқан. Күріш өсіру кезінде алғашқы репродук­цияның тұқымдары және ГОСТ-қа сәйкес жоғары сапалы тыңайтқ­ыштар қолданылады. Бұл халықты сапалы және пайдалы өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жуырда ғана жаңа зауытты іске қостық. Онда 80 адам жұмыс істейді. Қуаттылығы сағатына 7 тоннадан астам күріш шығарады. Зауытта күріш жармасы қалдықсыз өнді­ріледі. Артықшылығы – осында. Жұмыс сапалы істеледі. Соның нәтижесінде салмағы 5, 10, 25 кг болат­ын «Syr dani» брендімен күріш жармасы ішкі нарықта және экс­портқа да сатылады. Дәл осы бренд Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Украина­, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан және тағы да басқа ТМД мемлекеттеріне шығарылады. Биыл өндіріс үш есе, экспорт 28 па­йызға артты. Бұл біздің ең үлкен жетістігіміз деп білемін.

- Күріш жармасы  деп қалдыңыз ғой, оның  қандай  түрлері  өңделеді?

- Бірнеше түрін атап айтуға болады. Мәселен, «Янтарь» күріш жармасы. Оны Қызылорда облысының кристалды мұзы деп те атауға болады. Онымен пудинг, палау, суши тағам­дарын пісіруге болады және өте тез пісіріледі. «Абай Дәулет» ЖШС күріш өңдеудің жоғары технологияларын пайдалана отырып, дәнді дақылд­арды өңдейді және олармен сіз сүйікті тағамыңызды 20 минут ішінде алдын ала суға тұндырмай-ақ дайындай аласыз. «Лидер» деген түрі бар күріштің. Одан бөлек «Камолино» күріш  жармасын да  астын сызып  айтуға  болады. Бұл күріш маймен өңделетіндіктен, тағам дайындағанда өсімдік майын үнемдесе де болады. Компания дайын  өнім­дерді экспортқа шығарудан бөлек, Алматы,­ Астана, Шымкент қала­ла­рында  ресми  филиалдарын ашуды­  жоспарлап  отыр.

- «Күріш сабанынан гранула өндіруді қолға аламыз» дегеніңізді естідік. Бұл  шаруа  шешілді  ме?

- Негізі егіс алқабында күріш қалдық­тарын өртеу арқылы ғана жояды.­ Ал бұл өз кезегінде топырақтың құнарлылығын жояды, жыл өткен сайын әлсіретеді. Көп жылдар бойы зерттеу жасай келе, күріш қалдығы­нан гранула түріндегі отын жасауға шешім қабылдадық. Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Егер бұл іске асырылса, жаңадан жұмыс орындары­ ашылады, отынның құны арзандайды, сексеуіл, жыңғыл сын­ды­ табиғи отын түрлерін бейберекет пайдаланудың алдын алуға болады­ және топырақтың құнарлылығын сақтап қалу мүмкіндігі бар. Бұл тұрғыда жұмыстар жүргізіліп жатыр.

- Төрт түлік мал өсіруде қандай нәтижелер  бар? Мал шаруашылы­ғы­ның  даму  деңгейіне тоқталсаңыз.

- Қазақтың атакәсібі саналатын қой шаруашылығы туралы айта кетейі­н. Кеңестік кезеңде Бесарық ауылында 48000 бас қой өсірілген. 2016 жылы Қазығұрттан 700 бас аналық­,  700 бас тұсақ, 700 бас ұрғашы­ қозы және 20 бас қошқар әкелген едік. Сол қойды өсіріп, міне, биыл 5500 басқа жеткіздік.  2017 жылы 750 бас, былтыр 1100 бас еркек­ қозы сатылды. Қой шаруа­шылы­ғында ауыл шопандары ауысымдық әдіспен жұмыс істейді. Осы үлкен жұмысты қолға алардың алдында біз Австралия, Германия және Польша фермерлерінің жұмыс тәжірибесін оқып, үйрендік. Бұдан бөлек, түйе шаруашылығы да қарқынмен жүр­гізіліп жатыр. Бүгінгі таңда шаруашылықта 59 бас аруана бар, оның  40-ы  сауында  тұр.

- Бақша шаруашылығы жайлы айтыңыз­шы. Облыс жұртшылығы жеміс-жидектің қандай түрлерімен қамтамасыз  етілуде?

- Қызылорда облысының ауылшаруашылық картасында 2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін жеміс дақылдары егілетін алқап 500 гек­тарға ұлғайып, нәтижесінде  2040 тонна жеміс-жидек өндірілді. Бұл көрсеткіш жергілікті халық  сұранысы­ның тек 13 пайызын ғана құрайтын­ы белгілі. «Абай Дәулет» ЖШС  Сырдария   ауданында  барлығы 5 гектар жерге 10000 түп алма көшеттері­н отырғызды. Элиталық көшет «Р.С «Агро-Групп Холдинг» ЖШС-нен алынды. Барлық отыр­ғызылған алма ағаштары облыс халқыны­ң сұранысын қанағаттан­дыруға   бағытталған.

- «Абай Дәулет» ЖШС – шаруа­шылықтың  бірнеше  түрін жандандырып отырған көпсалалы кәсіпорын. Соның ішінде картоптың ерекше сорттары­  өсіріліп  жатыр  дегенді  естіп едік...

- Еліміздегі халық ең көп тұты­натын көкөністің бірі – картоп. Қазақстанда адам басына шаққанда 120-130 келі картоп қолданылады екен. «Екінші нан» саналатын кар­топтың қазір «Артемис», «Наташа» және «Родриго» деп аталатын сорт­тары бар. Оларды өндіруде жоғары сапалы тыңайтқыштар мен технологиялар қолданылады. Картоптың ерте пісетін сорттарын жаздың орта шенінде жинап­ алуға болады. Солардың бірі – «Артемис». Оның өнімдерін еккеннен кейін 45 күн өткен соң жинап алуға болады. Биыл аталмыш сорттан гектарына 3480 келі өнім жиналды. «Наташа­» сорты – жоғары өнімді және болашағы зор картоп өнімі. Оның пісу уақыты 70-80 күн аралығында 0,8 гектардан 3800 келі өнім жиналады. Ал «Родриго» сорты өзінің көлемінің үлкендігімен ерекше. Биыл бұл сорттан­  12,6 гектардан 28 800 келі өнім алынды. Картоп өндіруде халықтың­  сұранысына  орай  оңтайлы жұмыстар  атқарылып  жатыр.

- Бал өнімдерінің пайдасын айтпаса да түсінікті. Сіздер омарта шаруашы­лығын қашаннан бастап қолға ал­дыңыздар?

- Ара балы – табиғаттың ең пайдалы өнімі. Оның құрамында өзге тамақ өнімдерінде кездеспейтін пайдалы дәрумендер бар. Осындай құндылықтарын ескере отырып, біз бал арасы шаруашылығын 2003 жылдан бері жүргізіп келеміз. Оның үстіне балға деген  халықтың  да  сұранысы  жоғары. Біздің елімізде де бұл сала өте жақсы­ дамыған. Қазіргі күні шаруа­шылықта 35 ара тұқымы бар. Бірнеше сорты дайындалады, атап айтқанда, май, жантақ, мия тамырының балы және тағы басқалары бар. Балдың ең жақсы, жоғары сорты ГОСТ 19792-2001 стандартымен дайындалады. Олар 0,5 келі салмақта ыдыстарға құйылып, оралады. «Шипа» деген брендтік атаумен шығарып жатырмыз. Бал түрлерінің ішіндегі мия тамы­рының балын ең ерекшесі деп атап өтер едім, өйткені оның өзіне тән нәзік хош иісі мен дәмі бар. Оны әсіресе, жөтелгенде, тұмауратқанда пайдаланса, денсаулыққа өте пай­далы.­

- Компаниядағы осынша игілікті істердің  барлығы бір  ғана  адамның  емес, ұжымдағы жұмысшы-қызмет­керлердің жымдасып жұмыс істеп, бірлесіп  білек  сыбанып жүргенінің нәтижесі­ екені белгілі. Еңбек адам­дарына  қандай  колдау  бар?

- Адам – басты капитал. Осы себеп­ті жыл сайын компания қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында, оның ішінде жас мамандарды шетел­ге тәжірибе жинақтауға жіберіп отырамыз. Мысалға алатын болсақ, былтыр мамандар Германиядағы «Ф.Х.Шуле Мюленбау ГМБХ» ком­паниясында сәтті тағылымдамадан өтті. Соның нәтижесінде мамандар өндірістегі мәселелерді оңай шеше бастады­. Сондай-ақ компания жұмысшылар үшін тұрақты түрде семинар-тренинг, біліктілік арттыру курстарын ұйымдастырып тұрады. Бұл олардың кәсіби дамуларына септігін тигізеді деп ойлаймын. Жыл қорытындысымен үздік еңбеккерлерді қаржылай, заттай ынталандырып келеміз. Ынтымағы нық, бірлігі бекем ұжымға береке де бейім болатынына өзіміз куә болып­ жүрміз. Мен  осыған  қуанамын.

- Әңгімеңізге  рақмет!

Әңгімелескен

Әйгерім   НАЖМАДИНҚЫЗЫ


 

 

Жылдық   жетістік

 

Мұрат Сәрсенбаев – «Абай  Дәулет» ЖШС директоры.

2019 жылы – Үздік ауыл­шаруашылық компаниясы но­мина­циясы бойынша «Халық қалаулысы» Ұлттық сыйлы­ғының  лауреаты;

2019 жылы – «Сапа көш­басшысы - 2019» конкурсының жеңімпазы;

2019 жылы – Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеумет­тік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» ордені мемлекеттік  наградасы  иегері;

2019 жылы – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министр­лігінің «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасының «Туған жер» арнайы жобасын іске асыру мақсатында ұйымдастырған «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жыл меценаты» номинациясы иегері.

2019 жылы – Нұр-Сұлтан қаласында өткен дәстүрлі «Алтын­ сапа», «Парыз» сыйлықтары мен «Қазақстанның үздік  тауары - 2019» республикалық   көрме-байқауында  отандық өнімді экспорттаушылар арасында еліміз бойынша үздік деп танылып, «Ұлы дала елі» ортақ брендінің жеңімпазы атанды.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары