Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1549
mod_vvisit_counterКеше2451
mod_vvisit_counterОсы аптада14045
mod_vvisit_counterӨткен аптада16609
mod_vvisit_counterОсы айда76042
mod_vvisit_counterӨткен айда90857
mod_vvisit_counterБәрі5006472


Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ӨНДІРІСТІ ӨҢІРДІҢ ӨРКЕНДІ ӨРІСІ
19.12.2019 15:20

«ПАРЫЗ»   СЫЙЛЫҒЫ –  «АБЗАЛ   және   К»-ДА

 

Ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы саналатын еңбек ерінбесең, ерініңді асқа тигізеді, ерінсең, иегіңді тасқа тигізеді. Жанның азығы мен ырыстың қазығын жақсы сөз бен жақсы еңбектен іздеген адамды ғана Жер-Ана несібесіз қалдырмайды. Қазақтың  «Еңбек ет те, егін ек, жарымасаң маған кел,  Белді  бу да, бейнет қыл, байымасаң маған кел» деген мақалының түп-төркіні де салмақсыз емес. Пейіліңді кеңейтіп, мейіріңді қандыратын жұмысты­ң  қай түрі болса да, түбінде  бір берекеттің жататыны сөзсіз. Бүгінде еңбегінің еленгені елінің ескергенінен-ақ көрініп тұратын азаматтар жет­кілікті.

Тоқсаныншы жылдары басталған тоқырау заманында жұрттың біраз бөлігі ырзықсыз қал­ғанын жасырып қайтеміз? Сол заматта дарқан даланың­  бауырына дән салып, атызын шөлдетпей, несібелі жерін қорғаған еңбекшілер бүгінде ел ықыласына бөленіп жүр. Ал олардың басқаруындағы  компания Қызылорда облысының ғана емес, ел экономикасының  да  салмақты  бөлігін тара­зылап  отырғаны  рас.

1994 жылы айқын мақсат, ортақ мүдде аясында құрыл­ған «Абзал және К» толық серік­тестігі алғашқыда күріш сатумен айналысты. Содан кейін Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов ауы­лында күріш егіп, оны өңдеп, жемісін көре бастады. Бүгінде компанияның Оңтүстік Корея­ және Германиядан алған­ екі зауыты бар. Қуат­тылығы 5 тоннаны құрайтын әр зауыттың жылына 25 мың тонна күріш өндіруге қауқары жетеді. Өндірілген өнімнің тең жартысынан астамы Ресей­, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия елде­ріне жөнелтіледі. Озық сапалы технологиялық қондыр­ғыларды қолдану мен білікті мамандардың тынымсыз ізденім­паздығы нәтижесінде үздік күріш өндірушілердің алғашқы үштігінен түскен емес. Жыл өткен сайын салалық кәсіптің тынысы ашылып, өрісі кеңейгеніне халық та куә. Тек ғана куә емес, ай­қын дәлелдер де жеткілікті. Мынау – мынадай, анау – анадай деп тізімдемей-ақ, Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов ауылын бағыттай салған­ның өзі көп жайттан хабар береді. Он шақты жылдан бері тал бесігі тербетілген туған ауылын түлетуді қолға алған компания бас­шылығы бизнестің әлеумет­тік жауапкершілігі аясында соңғы жылдардың өзінде   1 млрд теңгеден астам қаржы құйған. Мәселен, ауылдарға көпшілік серуендейтін орындар мен спорт  кешендерінің салынуы, ондағы субұрқақ, көгалдандыру  жұмыстары, жарықшамдар, уақыттың қадірін ұғындырып тұрған алып сағаттың өзі жастардың ойын өзгертіп, олардың психологиялық  дамуына  үлкен септі­гін тигізері анық. Көптеген спорттық үйірмелерге  тартылған жастар да уақыт құндылығымен санасады деген сөз.

Одан өзге бизнестің әлеуметтік жауапк­ершілігі аясында компания биылд­ың өзінде 54 жаңа жұмыс орнын ашып, жалпы 400-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз еткен. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында жаңа күріш зауытын, «Мүсірәлі» мешіті мен мешіт жанынан медресесін, Нағи Ілиясов ауылында стадион, ауылдық округ әкімдігі ғимаратын, «Айтбай» мешітін салып, ауылдағы мұражайды күрделі жөндеуден өткізді. Ауылдағы тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылардың үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүр­гізіп берді. Компания жұмысшыларын қызмет барысын­да тегін тамақпен, қызметтік көлікпен, медициналық тек­серумен қамтамасыз етіп отыр. Бес қызметкерінің үйін күрделі жөндеуден өткізіп, бір қызметкеріне жаңадан пәтер алып берді. Қызметкерлерін компан­ия есе­бінен Корея мен Германияда тәжірибе алмасуға жиі жібереді. Ел ішіндегі тұрмысы төмен, көпбалалы  отбасы­лар­ға, мүмкіндігі  шектеулі жандарға қаржылай  көмектер  көрсетті.

«Елге қылған жақсылық еленбей қалмайды» дегеннің тағы бір айқын көрінісі, ол – Абзал Жұмашұлының 2012 жылы ҚР білім беру саласына қосқан айрықша үлесі үшін «Меценат»  алтын  медалімен, 2013 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министр­лігінің «Ауыл шаруашылығы саласының­ үздігі» төсбелгісімен және өзі бастаған ұжымның Президен­ттің өзі тапсыратын «Парыз» сыйлығын бірнеше мәрте иеленуі. Биыл да осы тарихи сәттің кезекті көрінісі қайталанды. Нұр-Сұлтан қаласынд­а ел президенті Қасым-Жомарт­ Тоқаев Сыр өңірінің маңдайалды компаниясы саналатын «Абзал және К» толық серіктестігіне «Парыз» сыйлығының «Үздік әлеуметтік жауап­ты­  кәсіпорын»  номинациясының  Алтын­  жүлдесін  табыстады.

Қазақта «Ай жарығы – әлемге, шам жарығы – түбіне» деген сөз бар. Бүгінде бұл игі іс, оң бастаманы ізбасары Мағжа­н Абзалұлының жалғап келе жатқан­ына тәнті болмайтын қазақ жоқ. Яғни, компания еңбекпен тапқанын өзіне ғана жұмсап отырған жоқ, Ай секілді қараңғыда жарық болып, ел ықыласының арқасында жеткен жетіс­тіктерінің белгілі бір бөлігін халықтың пайдасына жаратып отыруды өзіне парыз­ тұтты. Демек, бұл серіктестік күріш егіп, оны жинап алып, сатумен ғана айналысып отырған жоқ. Ауылды абаттандыру, ел игілігіне әлеуметтік нысандар салу, қоғамдық орындарға күрделі жөндеу жүргізу, қайырымдылық жасау, жастардың мәдени-көпшілік жұмыстарына араласып, спортпен айналыс­уына да демеушілік көрсетуде еңбегі  зор.

 

 

«МАҒЖАН  және  К» –  «АЛТЫН  САПА»  ИЕГЕРІ

 

Рим философы Сенека Луций «Жақсыл­ыққа құр сөз арқылы шақырып, ынтықтыру мүмкін емес. Адамның табиғаты сол – кез келген нәрседе үлгіні қажет етеді» депті. Сыр елінің құнарлы топырағы ауыл шаруашылығы саласын жандандыруға қолайлы болғандықтан атакәсіппен қатар егін шаруашылығын қоса атқарып отырғандар жеткілікті. Таң алагеуімнен күн ұясына батқанша еңбектенетін шаруалардың несібесін Жер-Ана әзірге молайтып тұр. Соның арқасында егін де берекелі, егінші де риза, ел де тоқ. «Егінші – мәрт, Жер – жомарт» деген осыдан қалса керек. Айтпа­ғымыз, «Абзал және К» серіктестігіне қарасты 2005 жылы құрылған «Мағжан және К» кәсіпорны тағы бар. Бүгінге дейін күріш шаруашылығын дамыту үшін жаңа технологияларды енгізіп, күріш өндіріп, тұқым шығарумен айналысады. Германиядан тұқым өндіретін арнайы құрал-жабдық алдырып, зауыт салдырды. Қажетті құрал-жабдықтар немістің «Petkus» компа­ниясынан тікелей алынған. Соңғы жылдары «Янтарь», «Лидер», «Фишт», «Анаит» секілді күріш сұрыптарын жерсінд­ірумен қатар, «Айсәуле», «Сыр сұлуы» күріштерін сынақ ретінде еккен де – осы шаруашылық  диқандары. Яғни, негізгі қызметі – күріш өсіру мен элиталық тұқым шаруашылығын өндіру. Бүгінде 350-ге тарта адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіп­орын жоғары стандартты сапа менеджменті  жүйесінің СТ РК ИСО 9001-2016 ұлттық сертификатымен, ISO22000: 2005 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігі үшін сертификатымен, сондай-ақ «Тағам өнімдері қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының ТР ТС 021/2011 Техникалық регламентімен рас­талған. Әрбір өндірілген өнімнің сапасын  үнемі жақсартуды мақсат етіп отырған компания жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі екенін жақсы білеміз. Күріш және жоңышқ­а тұқымы Германиядан шыққан сағатына 8 тонна тұқым тазалайтын жоғары технологиялық зауытта өңделеді. Компания облысқа қарасты Нағи Ілиясов атындағы ауылдағы еңбекке жарамды­ тұрғындардың 55-60 пайызын жұмыспен қамтыған. Бұл көрсеткіш ауылдағы ғана емес, аудандағы жұмыссыздар қатарын азайтып, экономикалық  белсенді халық қатарын арттыруда зор үлес қосып отыр. Өндірген өнімдері ел аумағынан бөлек, Ресей, Украина, Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстанға экспортталады. Айта кетерлігі, еліміз бойынша сандық жүйеге көшкен тұң­ғыш күріш өңдеуші зауыты бар бірден-бір компания. Сағатына 5 тонна жоғары­ технологиялық күріш өңдейтін зауыт қондырғысын Корей Республикасынан әкелген. Компанияның техникалық паркінің 90 пайызы жаңартылып, «JOHNDEER», «CLAAS», «MacDon», «Case IH» секілді дүниежүзіне танымал өндірушілердің комбайндарымен, жаткасымен (дестелегіш), тракторларымен, агрегаттарымен жабдықталған. Компания тұқым өндіру саласындағы жетістігі, үздік шаруашылық, техникалық паркін жаңартудағы жоғары көрсет­кіші үшін жергілікті атқарушы органдардың алғыс хаттарымен марапаттал­ған. Бұл серіктестік те жыл соңында үздіктер қатарынан көрінді. Сыр елінің адуынды кәсіпорнының бірі саналатын «Мағжан және К» кәсіпорны «Алтын сапа» сыйлығының «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылық өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша еліміздің ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында жеңімп­аз атанды. Аталмыш сыйлықты ҚР  Индустрия және инфра­құрыл­ымдық даму министрі Бейбіт Атамқұл­ов компания дирек­торы Дархан Ералиевке­ Елордадағы салтанатты шара бары­сында  табыс  етті.

 

 

«СКЗ-U»  –  ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ЖОБА  ҮЗДІГІ

 

Қызылорда облысында өңдеу саласының қадамы өрісті екенін индус­триалды-инновациялық бағдарламаның жүзеге асу барысынан-ақ аңғаруға болады. Бұл ретте Жаңақорған ауданындағы «СКЗ-U» ЖШС күкірт қыш­қылы зауыты – аймақтың инновациялық  серпінділігі  жоғары  жобаларының бірі. Зауыттың  жобалық  қуаты  жылына 500 мың тоннаны немесе тәулігіне 1500 тоннаны құрайды. Кәсіпорын қызметі «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ Уран өндіруші кәсіпорындарының күкірт қышқылына қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Химиялық қос­паны өндіру технологиясының елімізде­ өзге баламасы жоқ. Өндіріс техноло­гиясы қалдығы аз болып және шикі­заттың мақсатты өнімге көшуін 99,9% деңгейін­де жүзеге асыруға мүм­кіндік береді­. Сыр жұртының қуанышы екі компанияның жетістігімен қоса, тағы да еселенді. Елорда төрінде мемле­кет басшысының қатысуымен өткен «Алтын сапа» сыйлығы иегерлерін марап­аттау рәсімінде қызылордалық «СКЗ-U» ЖШС «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпазы атанды. Кәсіпорынның бас директоры Мәдихан Бекжанов­қа «Алтын сапа» сыйлығының «Үздік инновациялық жоба» номинациясының жүлдесін президент Қ.Тоқаев өз қолымен табыстады.

Елбасының «Өндірісті дамыту – елді дамыту, өндірісті нығайту – Тәуел­сіздікті нығайту. Сондықтан бұл салаға жұмсалған әрбір тиын, бұл бағытта істелген әрбір шаруа мәнді. Осыны көкейге түйіп жүрейік» деген сөзі Сыр жұртшылығы үшін мотивациялық мәнге, шаруашылық шабытқа ие.

 

Н.ҚАЗИ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары