Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
АҚОРДАДА ТАҒЫ ДА АУЫС-ТҮЙІС
19.12.2019 16:20

Тәуелсіздік күніне орай төрт күн демалыстан кейінгі жұмыс аптасы Ақордадағы ауыс-түйіспен басталды. Ақорданың ресми сайты таратқан ақпарат біреуге жайлы, енді біреуге жайсыз тиер, жоғарғы билік көшінде жүрген ұлтшыл тұлғалардың бірі саналатын Иманғали Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. Бұдан он күндей бұрын әлеуметтік желілерде Иманғали Нұрғалиұлының пайғамбар жасына толып, кіші қажылықта жүргенін жазып, оның алдағы күні биліктен де кететінін меңзегендер көп болды. Алдағы  уақытта Тасмағамбетовке  көрсетілген саяси сенім түгесіле ме, әлде тағы бір қызметтің құлағын ұстатады ма, ол жағын жоғарыдағылар  біледі.

Ал, оның орнына кім баруы мүмкін? Саяси жауырыншылар Ресейге елшілікке Дархан Кәлетаевтың баратынын айтады. Өйткені, кеше мемлекет басшысы Дархан Аманұлын ҚР Президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметі­нен­ босатты. Бір қызығы, биылғы 1 наурызда ол премьер-министр­дің кеңсесін басқаруға тағайындалып, Асқар Мамин бөлімнің жаңа басшысын таныстырған еді. Алайда ол бұл лауазымды ұзақ уақыт атқармай, 25 наурызда Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне келген болатын. Оның орнына Мәулен Әшімбаев қайтып келді. Қайтып келді дегенде, бұл қызмет Мәулен Сағатханұлына таңсық емес. Кеше Президент көмек­шісі қызметінен босатылған оның «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болғанға дейін аталмыш лауазымды (Президент әкімшілігі басшысының орын­басары. – авт.) атқар­ғаны бар. Қызығы сол, Қанат Бозымбаев ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалып, Энергетика министрі қызме­ті­нен босатылды. Бірақ, бұл қызмет ауыстырудан­ саяси астар іздеу­дің қажеті жоқ екен. Белгілі болғандай, Қанат Алдабергенұлы алдын ала мемлекет басшысына денсаулығына байланысты баяндап­ты. Мойын омыртқамен ойнауға болмайды,­ әрине. Отадан­ кейін дәрігерлер шенеунікке көлікпен жүруді және ұшақпен­ ұшуды азайтуға кеңес берген. Ал министрдің қызметінде­ бұл қиындық тудыратын жағдай. Себебі, ведомство басшысы үнемі түрлі нысандарды аралап, кездесулер мен келіссөздер өткізу үшін ел аумағында ғана емес, шетелге де баруы қажет. Сондай-ақ, оған ұзақ мерзімді физиотерапиялық қалпына келтіру шаралары белгіленген. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасө­з хатшысы Н.Жеңісбек жеткізді. Қ.Бозымбаевтың өзі де елдегі сайт­тардың біріне «Бәрі жақсы, мен үшін алаңдағандарға рақмет. Олар ауырмасын. Менің жағдайым олардың бастарына келмесін. Біртіндеп-біртіндеп, бәрі аман-есен болады. Бір, бір жарым ай реабилитация жасау керек», - деп денсаулығы туралы айтыпты.

Енді көпшілікті бұл министрлікті кімнің басқаратыны ойлан­дырып отыр. Бұл орынға Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев келеді­ деген де сыбыс бар. Айтпақшы, Мәдина Әбілқасымоваға да жаңа  қызмет  бұйырды. Өткен қыста Елордада тірілей отқа оранға­н бүлдіршіндердің қасіретінен кейін министр қызметінен кеткен­ М.Ерасылқызының Ұлттық банк төрағасының орын­басары болғаны белгілі. Енді ол ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыт­у  агенттігінің Төрағасы қызметіне тағайындалды.

Бұл тағайындаулар ауыс-түйістің басы да, соңы да емес. Алда әлі де бірқатар тағайындаулар болатыны айтылып жатыр. Әйтсе де, «қосылғыштардың орны ауысқанымен, қосынды өзгермейді» демекші, мұның өзі «қосалқы құрамда» тың «ойыншылардың» жоқтығын байқататын тәрізді...

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары