Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
АРДАГЕР АЯҚДОПШЫЛАР АЛҒАН АСУ
19.12.2019 16:25

«Спорт - салауаттылық кепілі» дегенді жиі қайталаймыз. Оған қоса, спорт адамның біріне-бірінің жақын араласып, бауырдай  сыйласуына дәнекер де екен. Бұған жуырда ғана Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында ардагер футболшылардың арасында өткен республикалық турнир дәлел бола алады. Еліміздің бас қаласында өткен байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 12 команда қатысуы жарыстың бәсі қаншалықты жоғары екенін аңғартады. «Мен атайын, сен тұра тұр» дейтіндей өңшең мықтылардың арасынан суырылып алға шыққан қасиетті Қазалының перзенттері турнирдің күміс жүлдесін иеленіп, айды аспаннан бір-ақ шығарды. Әрбір жетістіктің соңында телегей тер, ізденімпаздықпен қатар жеңіске деген жігер-сенім тұратыны – дәлелдеуді қажет етпейтін ұғым.

Қазалылық ардагер аяқдоп шеберлері де осындай күйді бастан кешірді. Нұр-Сұлтандағы жеңіс тағы да сәттілікке жол ашты. Іле-шала Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыда ұйымдастырылған Халықаралық турнирге Қырғыз, Ресей елінен, алаң иелерінің командаларынан басым түсіп, турнирдің алтын медалін еншілеп, жеңімпаз атанды. Ірі жетістік. Небір марғасқалардың алдында Қазалының перзенттерінің де ала допты ұршықтай үйіретінін дәлелдеген жерлестеріміздің алаңдағы өнерлері көрермендерін қуанышқа бөледі.

«Жақсының жақсылығын айт...». Бұл жетістікке команда капитаны Әкімжан Әбішев, Бауыржан Ахантай, Толыбай Жүсіпов, Серік Тоқтаболатов, Нұрлан Қозыбаев, Байтақ Тұрсынбаев тағы басқа да атпал азаматтар зор үлестірін қосты. Шеберлігімен дүйім қауымды тамсандырған ойыншылардың тізімін жалғастырсақ, нар көтере алмас жүк болар еді.

Орайы түскенде Қазалының түлектерінен жасақталған ардагер футболшылардың есімдері мен команда жайлы аз-кем дерек келтіре кетсем.

2008 жыл. Қазыналы Қазалының перзенті Бауыржан Ахантай саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Достар» қорын құрған болатын. Игілікті істі өзге өңірлерде тұратын басқа да жерлестер қызу құптады. Осылайша Қазалы түлектерінен арнайы спорт командасы жасақталып, бәсі биік бәсекелерде бақтарын сынаған. Сонан бері қас қағымда біршама уақыт өтті. Осы аралықта Қазалы түлектері Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Тараз, Қостанай, Көкшетау, Қызылордада спартакиада ұйымдастырып, көрермендер ілтипатына бөленді. Атағы көпке мәлім «Қайрат» футбол командасымен, Ресей, Қырғыз елінің аяқдопшылармен жолдастық кездесу өткізді. Ағымдағы жылдың өзінде ардагер футболшылар Байқоңыр, Тараз, Нұр-Сұлтан, Алматыдағы ірі жарыстарға қатысты.

Ардагер аяқдопшылардың алған асуы спорт деген тылсым әлемнің жасқа қарамайтынын аңғартқандай.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары