Өзекті мәселелер

АЙМАҚ БАСШЫСЫ БИЗНЕС-ҚАУЫМДАСТЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
23.12.2019 01:00

Облыс әкімі Қ.Ысқақов бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесті. Шараға ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері, кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік мекемелер, қаржы институттарының басшылары қатысты.

Өткен жылы жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру, жұмыссыз азаматтардың санын азайтуға ықпал жасау, аймақта шағын және орта бизнестің үлесін ұлғайту мақсатында жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үшжылдығы жарияланды. Биыл үшжылдықтың екінші жылы қорытындылануда. Бұл кезеңдерде облыста кәсіпкерлік саласын дамытып, бизнеске барынша қолайлы жағдай жасауда бизнес өкілдері біршама жетістіктерге жетті. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында екі жыл қатарынан кешенді «Жол картасы» әзірленіп, әртүрлі қаржы көздерінен 32 млрд. теңге, осы жылы 34 млрд. теңге қаралған. Сондай-ақ, осы жылы 2 433 жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар ісін бастауға мемлекеттік бағдарламалар аясында 1 млрд. 75 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грант қаражаттарын иеленген. Сонымен қатар, облыс бойынша 1030-дан аса жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға, кәсіпкерлерге 4 млрд. теңгеге жуық шағын несиелер де қарастырылған. Тұрақты бизнестің 134 жобасына екінші деңгейлі банктерден 5 млрд. теңгеден астам несие қаражаты бағытталып, «Бизнестің жол картасы 2020», «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламалары аясында аз пайыздық несие берілген. Жыл басынан бері  6 мыңға жуық жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар кәсіпкерлік негіздерінде оқытылған.

Естеріңізге сала кетейік Тәуелсіздік күніне орай өткен республикалық "Алтын сапа-2019"  байқауында  "СКЗ-U" және "Абай Дәулет" ЖШС үздіктер қатарынан көрінді.  Сонымен қатар, аймақ басшысы кәсіпкерлік саласындағы бірқатар жетістіктерге тоқталып, алдағы атқарылатын шаралар туралы айтты.

"Жыл басынан бері жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 3 081 бірлікке ұлғайып, бүгінде  45 423 бірлікті құрады. Өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім – 6,7%. Облыстың экономикалық белсенді халқының үштен бір бөлігі, яғни 91 мыңнан аса бөлігі шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылып, 163 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Мемлекет басшысы ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесін 2025 жылы 35 пайызға жеткізу қажеттігін атап өтті. Соңғы 5 жыл ішінде өңірімізде шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өніміндегі үлесі 4,9 пайызға ұлғайып, 2018 жылдың қорытындысымен 16,9 пайызды құрады. Биылғы жылдың 6 айындағы көрсеткіш 4,9 пайыз болды",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Сондай-ақ, шарада кәсіпкерлік саласын дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар бизнес-қауымдастық өкілдері және кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік мекеме басшылары  облыс әкімінің  Алғыс хаттарымен марапатталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары