Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ҚЫЗЫЛОРДАДА "Q-MED" ЕМДЕУ МЕКЕМЕСІ АУҚЫМЫН КЕҢЕЙТТІ
23.12.2019 01:15

Сенбі күні облыс әкімі Қ.Ысқақов «Q-med» жаңа орталығының ашылу салтанатына қатысты.

«Q-MED» медициналық орталығы 2016 жылдың мамыр айында Новосибирск қаласындағы Ашот Папикович Хачатрянның "Халықаралық Денсаулық Академиясы" клиникасының аналогы бойынша ашылған. 2018 жылдың қаңтарынан бастап атауы «Q-MED» Медициналық Орталығы болып өзгерген. Аталмыш емдеу мекемесінде ересектер мен балаларға бірегей емдеу-сауықтыру бағдарламалары қолданылады. Орталық ем алушылардың иммунитетін табиғи қалпына келтіруге негізделген бағдарлама арқылы жұмыс істейді. Соңғы төрт жылдың ішінде орталықта 4600 адам кеңес алып, 3600 науқас кешенді емдеуден өткен.

Орталықтың ашылуымен құттықтаған аймақ басшысы қажетті кеңес пен дертіне шипа іздеген азаматтарға қызметін ұсынып отырған емдеу мекемесінің жұмысына сәттілік тіледі.

" "Бірінші байлық – денсаулық" дейді халқымыз. Ұлт пен ұрпақ саулығын алдыңғы орынға қойған мемлекетімізде медицина саласына барынша қолдау жасалған. Облыс бюджетінің де басым бөлігі денсаулық сақтау саласына жұмсалады. Бүгінде халыққа сапалы қызметін ұсынатын жеке клиникалар да көбейіп келеді. Соның бір дәлелі "Q-MED" медициналық орталығының екінші жаңа ғимаратының ашылуы. Бұл бастаманың тек медицина жағынан ғана емес, әлеуметтік жағынан да тиімділігін айту керек. Яғни, орталық бүгінгі күні 25 адамды жұмысқа тартса, оның ішінде жастар практикасымен келіп орналасқан 14 жас маман және 4 мүмкіндігі шектеулі азаматты тұрақты жұмыспен қамтуда. Сонымен қатар, өңірдегі мемлекеттік және жеке медициналық колледждер студенттері практикадан осы орталықта өтуде",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары