Өзекті мәселелер

  • 22.02.18

    Бүгінде заңдылықтың сақталуын қадағалайтын прокуратураға көмек сұрап келетіндер көп. Азаматтардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін орган әділеттілікке қол жеткізе алмай жүрген қаншама жанның мәселелерінің оң шешімін табуына ықпал етеді, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, құқықтық көмек көрсетеді. Мысалы, бір ғана 2017 жылы Қызылорда облыстық прокуратура органдарына жеке және заң...

    Толығырақ...
  • 22.02.18

    Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы қазақ-қырғыз шекарас­ына бірігіп жүргізген атышул­ы операциясын аяқтады. Дәлірек айтсақ, контрабандалық тауарларға тосқауыл қоюдың орнына­, керісінше, қомақты сомаға оларды заңсыз өткізіп беріп жүрген шекара қызметкерлерін тұтқындады. Әйтпесе сүліктей соратын жемқорлар, арандай аузын ашқан парақорлар...

    Толығырақ...
  • 22.02.18

    Елдегі инфляциялық дүмпу салдарынан туын­дай­тын баға қымбатшылығы халықтың қалтасына оңай тимесі  анық. «Зейнетақы мен жәрдемақы, айлық өсті» деген хабар елдің құлағына тиер-тиместен нарық тауар­ларының құны шарықтап шыға келетініне көз үйренген.  Сыртқы  сауда  нарығындағы  жағдай да көңіл көншітерлік деңгейге жеткен жоқ. Мәселен, ресми мәлімет бойынша елдегі инфля­ция 2017 жылы 7,1 пайызды қ...

    Толығырақ...
  • 22.02.18

    Бүгінде ой санамыздың төмендеп  бара жатқандығынан ба, әлде масыққан тірлік пе, әйтеуір ішер асымыздың аяқасты болып, жейтін нанымыздың қадірсіз қалып жат­қанын жиі байқаймыз. Дас­тарқанымыздың төрінен түс­пейтін қасиетті асымызды бүгінде қаншалықты  қастерлеп жүрміз? Ал соңғы ғасырдың жаңашыл жастары астың үлкені деп дәріптейтін ұннан жасалған торттың бетіне туған күн кештерінде балауыз шамын ...

    Толығырақ...
  • 22.02.18

    «Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық» дейді қазақ халқы. Иә, рас. Естігеннің қайсысы шын, қайсысы өтірік екенін саралап болмайсың. Осы заманда­ адамдарды күре тамырынан байлаған әлеуметтік желі мен теледидар болып тұр. Жатыпішер жалқаулар көбейіп, адамдар кітапқа емес, ұялы телефонға бас қойды. Бұрындары жетімнің басын сипайтын қолы қазір смартфон бетін сипаудан ары аса алмауда.­ Онымен қос...

    Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТIК РӘМІЗДЕР
03.02.2012 17:43

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ

Сөзін жазғандар:
Нұрсұлтан Назарбаев
Жұмекен Нәжімеденов

Әнін жазған:
Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел – бақытты,
Біздің ел – осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

 

Күнтізбе

< Ақпан 2012 >
    1 2 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары