Өзекті мәселелер

  • 08.11.18

    Халық – сыншы әрі әр­қашан әділ. Өткен аптада Арал, Қазалы аудан­дарына іссапармен барға­н облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ел алғысын арқал­ап қайтты. Бұқараның базы­насын ескеріп, жұртшылықтың жағдайын  жақсартуда аймақ басшысы бір­қатар тірліктер атқарып жүр. Өткен аптада жер­гілікті тұрғындар сол игі істер­дің жалғасына куә болды.

    Алдымен Арал ауданы орталы­ғындағы жаңа аурухананың аш...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Кез келген тауарды сырттан тасымалдау үлкен тәуеке­л мен көп шығынды талап ететіні сөзсіз. Дамыған­ елдердің көпшілігі тұтынатын тауарын өзі өндіріп, кәсіпкерлері шаруасын шыр айналдырып отыр. Ал бізде ше? Қандай өнім бар дегеннен гөрі, нендей өнім жоқ дегенге жауап табу тез болып тұр. Былай қарағанд­а, қарапайым қаламсап шығаратын зауы­тыңыз  да  жоқтың  қасы. Қайтпек  керек?

    ...
    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Қазір әлеуметтік желі үлкен күшке ие. Ойыңызда жүрген жайтты жақсылап тұрып жазып, көпшіліктің талқысына тастай саласыз. Мұнда  сөздің  байыбына баратын, оны саралай алатын да, көкпардағы  серкедей  жүнін  жұлып, ту-талақай  ет етін де  жұртшылық бар. Ал, күшке ие дегеніміз – көп  мәселенің  шешімін  табатынында. Жама­н жері  кейде жаны ашып жазғандар да жазықты болып жатады­. Атын шыға...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Нәзіктік пен әсемдіктің символы – қыз баласы қашаннан сұлулыққа құмар. Ару­лар­ға ақыл мен  әдеміліктің қатар қажет екенін қазақ бұрыннан айтып кеткен емес пе? Көріксіз қыз – тұзсыз нанмен тең. Ендеш­е  сұлулығын  арттырып, тартымды бола түсу – бұрымдылар үшін сүйікті «мәселе». Бүгінде  айқабақ,  алтын  кірпік, қызыл ерін  сылқымдар кірпігін қалай  күтіп  жүр? Сырт көзге сөз қылуға тұр­майтын т...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    Редакция  қызметкерінің іссапармен бармайтын жері жоқ. Асулардан асып шыңға шығады, еңіске түсіп теңіз кешеді, балықшы мен диқанның қосына­ түнейді, шопандар мен жылқышыларға жолығу үшін жайлауды аралап шаршайды. Иә, жорналшы дегендер өмір бойы солай жол үстінде жүрген­дерінде бұрын көріп білмеген пенделердің талайымен жүзд...

    Толығырақ...
ТІЛ ТҮЙТКІЛІ «қасқырға қой бақтырғанмен» бірдей
20.06.2013 11:24

«Қазақ тілінің мәртебесін асырамыз», «мемлекеттік тілді дәріптейміз», «ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтеміз» деген жаттанды әрі ұранға айнал­ған сөздерге елдің де құлағы үйреніп кеткен. Одан қалды, тіл­дердің үштұғырлылығы, латын қарпіне көшу – бүгінгі күннің басты мәселесі. Қа­зақ тілінің қадірін асқақтата алмай жа­тып­, латын қар­піне  көшу  жоспарын әзір­леп жатыр. Жаңа­дан бір нәрсені қалып­тастыру үшін өткенді өшіре салу да көңілге қонбайды.

Онсыз да қазақ тілінен шала­сауатты болып жүр­ген халықтың бөлігі аз емес. Латын қар­піне көшіп, өтке­ні­мізді өшірсек, онда жаппай сауатсыздық етек жаяды. Еске сала кетейік, Елбасы биылғы­  Жолдауында Қазақстанның  латын алфавитін қолда­нысқа енгізуі жөнін­де тапсырма берді. «Біз 2025 жылдан баста­п әліпбиімізді латын  қарпіне, латын әліпбиіне көші­руге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуг­е тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды  жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы, қазақ  тілін  жаңғыртуға  жағдай туғызады», - деді Елбасы. Мұны жарғақ құлағы шалып қалған кей ғалымдар 2017 жылы Астана­да өтетін «EXPO – 2017» көрмесінің ашылу жылында көшуді ұсынып көрді. Мұндай пікірді Халықаралық түркі академия­сының президенті Шәкір Ыбыраев айтқан еді. Оның сөзінше, Астанада өтетін халықаралық көрмеге 5 мил­лионнан астам турист келеді екен. Сол кезде барлық ілінген қағаздарда латын қарпі болса әдемі көрінеді-міс. Тіпті 2025 жылы көшуге даярланып жатқан­ жаңа әліпбиіміздің  100-ден аса нұсқасын дайындап қойыпты, әрине, тілші-ғалымдар. Ал қазақ тілінің латын­ әліпбиіне көшуі «ЭКСПО-2017» көрмесіне де, басқа да жобаларға байланысты емес екендігін қазақтілді сайттардың редакторлары бас қосқан бірінші конференцияда «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин тайға таңба басқандай етіп мәлімдеген еді ақпан айын­да. Жұтпай тұрып шайнап алу керектігін естен шығар­ғанымыз қадірімізді қашыр­маса, асыра қоймайтыны анық. Қазақ тілін қатыра алмай жатып,­ латыншаға көшсек, грамматикалық қателік былай тұрсын, тарихи қателікке бой алдырмаймыз ба? Ал Ата заңымызд­а белгіленгендей, «мемлекеттік тіл» деп айқындап жазылған қазақ тілінің қазіргі қауқары қай деңгейде?

Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының атқарып жатқан жұмыс­тары қыруар екендігі белгілі. Дегенмен облыс орталығындағы шимай-шатпақты, тілдік орналасу реттілігінде қателігі бар шалажансар жарнамалар тілдің тұғырға қонуына кері әсер етіп тұрған жайы бар. Қала орталығындағы көптеген әлеуметтік нысандар (дүкен, сауда нүктелері, салондар) қазақша әріптердің орнына орысша әріп салып, шаласауаттылықпен жазылған. Естеріңізде болса, бұған дейін Қызылорда облыстық тілдерді дамыту басқармасының кәсіпкерлік нысан­дарындағы көрнекі ақ­параттар мен жарнамаларға тексеру жүргізуге құқықтары болмағандықтан, мұндай заңбұзушыларға тек түсіндіру және насихаттау жұмыстары жүргізіліп келген еді. Үстіміз­дегі жылдың қаңтар айынан баста­п «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес өңірлердегі тіл саясатымен айналысатын құрылымдарға берілген қада­ғалау мен  бақылау құзырет­тілігі сәуір айының орта шенінен бастап өз күшіне енгені жұмыстың жүйелі жүргізілуіне оң ықпал етпекші. Айта кетейік, өткен жылы аталмыш бас­қарма ұсынысымен құрылған «Жас Отан» ЖҚ Қызыл­орда облыстық филиалының жанынан құрылған «Таза тіл» ерікті жастар тобымен бірле­сіп, қала көлеміндегі 3000-ға тарта нысанға тіл заңнамаларын түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 1800 нысан өз кемшіліктерін жойған болатын. Ал, жыл басынан бері дәл осындай түсіндірме 800 нысан иелеріне бағыттал­ғанымен, кейбірі әлі де қатеге толы көрнекі ақпараттары мен жарнамаларын жөндемей отыр.  Бұл, біріншіден, елге деген­ жанашырлық сезімнің жоқтығын, екіншіден, елдегі заңнамаларға пысқырып қа­рамайтындығын білдіреді. Үшін­шіден, азаматтық жауапкершіліктің жоқтығы. Оған шаһар ішіндегі грамматикалық қателерден көз сүрінетін көше атаулары, толып жатқан сауда нүктелері дәлел бола алады. Мәселен, облыс орталығындағы А.Тоқмағамбетов көшесі бойындағы «зергерлік дукен» деген маңдайша көзге көрініп-ақ тұр. Түрлі алтын бұйым­дарын сату, қайтадан қалпына келтіру жұмыстарымен айналысатын бұл әлеуметтік орын атауындағы «зергерлік» сөзі бас әріппен жазылып, ал қасында­ғы тіркес «дукен» емес, «дүкен» болады. Яғни, қазақша «ү» әрпінің орнына орысша «у» әрпін салып, әріптік қате жіберген.

Қала көшелерін көзбен шолып­ жүре берсең, осы секілді қатеге толы сөздерді кездес­тіру қиын емес. Қаланың Шанхай бөлігіндегі көшеде де қате бар. Қате болғанда да өркескел қатеге­ бой алдырғандығын «Алшын­баева көшесі» деп жазылға­нынан  анық  аңғардық. Біз білетін, көше атауының иесі тіл ғылымына елеулі үлес қосқан қайраткер, ұстаз Рақым Алшынбаевтың атына берілген көшедегі қателік жаным­ызға батты. «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулы­ғы мен «Педтехникумда қазақ грамматикасын оқыту методикасы» кітапшасының авторына көрсетілген құрмет үлгісі осы ма?! Орысша жазылған деуге де негіз жоқ, себебі жанындағы «көшесі» деген сөзі қазақша жазылып тұр. Дәл осындай олқы­лықтардың қатары мұнымен шектелмейді. Облыс ор­талығындағы Қыдыров көше­сінің «Кыдырова көшесі», «Кыды­ров көшесі» деген секілді нұсқалары осы көшенің бойынан кезігеді. Абай көшесінде де «Абай даңғылы», «проспек­т Абая» деген бір көшенің бойынан екі түрлі атауды­  көруің ғажап емес. Бұл ұлы  Абайға  көрсетілген құрмет пе, қорлық па? Исаев көшесін де «Исаеваға» оп-оңай айналдырып алған түріміз бар. Қазақ халқындағы кіші жүздердің беделді­ ханы Әбілқайыр ханның атына берілген көше бо­йында да әртүрлілік байқалады. Шынында да «осы хан Әбілқайыр ма, әлде Әбілхайыр ма?» деген ойға шомарың хақ. Ал бізге ҚР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық жазушысы, 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту, Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» орден­дерімен және медаль­дармен марапатталған талантты ақын Сырбай Мәуленов есімі әлдеқайда таныс. Қазақтың біртуар азаматы ретінде Алматы қаласындағы орталық көшелерінің біріне есімі беріл­ген. Біздің Қызылорда қаласында да ақын атына берілген көше бар. Бірақ, көше тақтайшасына «С.Мауленова» деп еш ұялмастан іліп қойыпты. Сонда ол кім еді, бұл не сұмдық?! Әлде арда азаматтарымыздың тегіне «ова», «ева»-ны жалғап, жынысын да өзгерту «сәнге» айналып барады ма?! Бұл жағдайдың арымызға сын, аманат­қа жасалған қастандық екенін ұғып жүрген ешкім жоқтай. Сонда біз тектіден туған халық екенімізді осындай олқы істерім­ізбен дәлелдейміз бе? Қала көшелерінің барлығына да тән қателікті жөндеуге облыс­тағы ономастикалық комисс­ияның сауаты жетпейді, не болмаса, елге, тілге, арда  азаматтарға  құрметі жоқ, қызметтеріне  құлықсыздығын осыдан-ақ аңғару қиын емес. Жүктелген міндетті орындай алмаса, таратып жіберіп, қайтадан  жасақтау керектігі  жал­ғыз  менің  пікірім емес.

Біз арқаны кеңге салып жүретін қазақ даласында тұрамыз. «Қазақстан» сөзін қай жерде де мақтанышпен айтатын деңгейге де жеттік. Алайда­ дәл қазіргі жағдайымыз қас­қырға қой бақтырғанмен бірдей болып тұрғаны өкініш­ті. Ақпараттық технология қарыштап дамыған тұста әлемтор желісіндегі түрлі сайттар мен порталдардың соңында «kz» тіркесі қатар жүреді. Былтырғы қысқы олимпиада ойындары кезінде белгісіз біреудің қысқа жеңді кеудешесінен «KZAKHSTAN» деген жазуды көрген жұрт таңдайын қаға да алмай қалған жайы бар. Бұл сұмдықты немен, кіммен байланыстырарын білмеген дүйім жұрттың дені даңғаза күйде қалды. Өзімізден де кінә бар. Төл топырағымыздың төресі саналатын еліміздің атын әрнәрсеге, атап айтқанда, іш киімге дейін жапсырып, қаді­рін қашырып алғанымыз өтірік емес. Қай тіркесті айтсақ та, «каз» немесе «kz» сөзін жанына­ жапсырып қойғанды әдетке айналдырғандаймыз. Бұл ойға аялдамада көлік күтіп тұрғанда тереңінен шомдым. Себебі мұнда «Батыр» лотосын жарнамалаған шағын билборд ілулі тұр екен. Жарнамалық құрал бетінде қазақша емес барлығы орысша берілген. Бір жерінде «Лото «Батыр», төменгі бетінде «Казлото», «Т ақша» және Лото Батыр деп ешбір тыныс белгісіз сөздер анық көрсетілген. Бұл жердегі мәселе тыныс белгіден бөлек, «Казлото» сөзінің неге «Қазлото» емес­тігінде. Орысша нұсқасы ретін­де қарайын десең, жанындағы «ақша» сөзі таза қазақша қалпында көзге көрініп тұр. Сонда еліміздің абыройынан ақ­ша­ның мысы басым болғаны ма?! Мұндай көрнекі ақпарат құралдары бір ғана біздің аймағымызда және дәл осы аялдамада ғана емес, аттап бассаң кезігетін ақпарат. Демек, мұны қаншама өскелең ұрпақ, қазақшаны ми қыртысы «қақпайтындар» да көреді. Содан соң дұрыс нұсқасы «Каз» болады екен деген оймен барлық жерде­ солай қолданатынына шүбә жоқ. Ал тілдік орналасу реттілігіне байланысты да тізе берсең, өзің ұяласың. А.Байтұр­сынов көшесі бойындағы «Proton» сервистік орталығы мен «Агропром» аялдамасы жанындағы «Боченок» сыраханасы да заңдық реттілікті сақтамаған. Сыртқы беті тұнып тұрған жарнаманың бірі де қазақша емес. Бұл тек біздің көзімізге түскендері, ал «иесі­нің» немесе «тірегінің» көлеңкесінде  «жасырынып»  тұрғаны­ қаншама?!

Егемендік алып, елдің басты құндылығы саналатын туған тілдің тұғырға қонып, мәртебесінің биік болуы үшін күре­сіп келеміз. Осы ретте неге біз мемлекеттік тіл – туған тіл – қазақ тілін қазаққа үйретіп, қазақша насихаттап жүруіміз керек. Шынтуайтына келгенде айтқызбай ұғатын кезге келге­німіз белгілі. Қазақтың «естіген жұрттан ұятты» деген сөзі төрден табалдырыққа түсіп қалғанын аңғару қиын емес. Айтпақшы, көше атауларына қатысты бір жайт, әрбір тұрғын үй иесі ұлтына қарай көше атауы­ның маңдайшасын өзгер­тіп жазуға болады деген қағи­даны ешбір заңнан көре алмадық. Демек, бұл – бассыздық.

Н.ҚАЗИ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2013 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары