Өзекті мәселелер

  • 18.04.19

    Түрме рейтингі – кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін танытат­ын көрсеткіштің бірі. Бұл ретте­ Қазақстан қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын іске асыра отырып, жыл сайын бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың баламалы­ шараларын қолдану саласын кеңейтуде­. Соның нәтижесінде бұл түрме зерт­теулерін қадағалаудың халықаралық орталығы­ның (ICPS) жалпыәлемдік рейтингі...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құ­мары... Екіншісі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деп талпынып, көзі көрген, құлағы естігеннің  бәрін  сұрап  тыншымау. Бұл – жан құмары...»

    Абай  Құнанбаевтың

    «Жетінші  қара...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Дана қазақ «Көп жа­саған білмейді, көпті көр­ген біледі» дейді. Көп жасамадық, көпті көрмедік. Айтпақшы, «менің білге­німді өзгенің білмеуі керек» деп ақпаратты қыз­ғанатындар бар екен. Бар емес, олардың қатары қалың көрінеді. Әрине, әңгімеміз пайдалы ақпараттар мен мәліметтер турас­ында ғана. Әйтпесе, оқырман мен тыңдарманды адастыратын ақпараттың әрдайым жасырынып жүрген...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Бала кезімнен әкеме жақын болып­ өстім. Таң атқаннан кеш батқан­ға дейін ізінен бір елі қалмайтын едім. Әкем жаны жайсаң, түрі сұсты, балаларына қамқоршы, мен үшін асқар таудай биік шың дер едім. Бізге қаладан «балала­рыма» деп базарлық­тың түр-түрін әкелетін. Осыдан әкемнің даладай дарқан көңілін  байқауға  болады.

    ...
    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Осыдан екі жыл бұрынғы ақпаратты айтайық. Ең алғаш естігенде есеңгіреп қалдық. Елімізде 2017 жылы 110 мың адам жоғары оқу орнын бітірген. Тек олардың мамандық бойынша жұмысқа орналасқандар саны – 7-ақ пайыз. Мұны мәжіліс депутаты Мұрат Бақтиярұлы баяндад­ы. Бұл ретте бітіруші түлектердің қалғаны қайда деген заңды сауал туын­дайт­ыны рас. Мәжіліс депутаты «КТК» арнасына берген сұхбатында жастарғ...

    Толығырақ...
САРСАҢҒА САЛҒАН «СЫР ЖАРЫҒЫ»
27.06.2013 13:18

Қалада қазіргі күні қызу талқыға түсіп, екінің бірінің аузында жүргені - «светтің» ақшасын тө­леуге барғандағы әлегі. Бүгінде жұрт бар жұмысын ысырып қойып, тұ­тынып отырған жарығының соңына шырақ алып түсуі керек-міс. Қаладағы жарықты тұтынушы тұр­ғындар 2011 жылдан бастап «Сыр жарығы» ЖШС-не көрсеткен қызметі үшін төлем жасап отыр. Үш жыл өтер-өтпес­тен енді бұл мекеме қызметін басқа бір мекемеге өткізіп жатыр. Айта кетерлігі, бұл жерде көр­сетілетін қызмет серік­тестіктер арасында допша домалап жүр. Ал ха­лық болса, осыны қуа­лаумен әуре. Бүгінде «Сыр жарығы» мекемесіне барсаңыз, халыққа жасал­ған жағдайдың шынай­ы үлгісін сол жақтан көресіз.

Жиналған жұртшылық ығы-жығы. Басы мен аяғы қайда екені беймәлім ұзын-сонар­ кезекті көргенде, көзіңіз шарасынан шығып кетеді. Мазасыз күй кешкен қала тұрғындарының шарасыз жағдайына назар аударып жатқан бірде-бір басшылықты байқамайсыз. Ызаға булыққан көпшіліктің жоғары жақтағыларды былай қойғанда, билік пен халықтың арасында көпір болып жүрген журналистерге деген сенімдеріне де селкеу түскен. Себебі, «олар айтады да қояды» дейді. Тұрғындардың бірінің: «Кеше осы «Қоғам ТВ»-дан келіп түсіріп кетті. Не өзгерді? Дым да біткен жоқ»,-дегені­н құлағымыз шалып қалды. Осы күні қала тұрғындары «Сыр жа­рығынан» кейін тізгінді алатын­ «Энерго Сервис» мекемесіне қайта тіркелу үшін  алдыңғы  мекемеден «қарызы жоқ» деген анықтама алу керек. Сол анықтама алуға келгендердің кейбірі қағаз жү­зінде  қарызға белшесінен  батқан.

- Өзі жол жабық кезде, шыр көбелек айналып осыған күнде салпақтап келеміз. Кезек деген қыр­ғын. Күнде келеміз, «кім соңы?» дейміз де, сонымен тұрамыз. Мекемелер өзара шешпей ме, халықты сонша әбігерге түсір­генше?! Еңкейген қариялардың өзі кезектің соңында тұр. Мүдде өздерінікі, қарапайым халық неге зардап шегуі керек? Тіп­тен, кеше егде жастағы үлкен кісі күннің ыстығына шыдамай құлап қалды. Жедел жердем келіп, әйтеуір жаны қалды. Айтарғ­а сөзіміз жоқ, - деді қала тұрғыны Ораз­күл Асанбекова.

Жоқтан бар жасап, қарызы жоқ адамға қарыз іліп қою деген сұмдық­тарға куә болдық. Біреуге 15 мың, екіншісіне          30 мың теңгені мойын­дарына қиып салған. Арты­ғымен төлеп қой­ғандар ақшаларының қайда  кеткеніне аң-таң. Түсініксіз жағдайларға тіптен түсініп болмайсың. Жағдайдың жай-жапсарын «Сыр жарығы» ЖШС-нің тұтынушылармен жұмыс жасайтын бөлім қызметкері Әділ­жан Әділбековтен сұрағанымызда:

- Халықтың заңды дұрыс білмеуі біздің кінәміз емес. Оларға ешкім артық төлем жасап қой деген жоқ. Біз өз жұмысымызды аяқтап, келесі мекемеге өткізіп жатырмыз. Біз БАҚ арқылы қызметіміз­дің 1 маусымнан бастап тоқтайтындығын ескерткен болатынбыз, - деді.

Жеке шаруа қожалығы иелерінің айтуынша, алдын ала төлем жасалмаса, күндері қараң. «Қиып кетеміз» деп қиғылықты салады екен. Жеке кәсіп­керлерді қабылдау уа­қыты сағат 11-ден 13-ке дейін ғана. Ал қалада қаншама жеке кәсіпкер бар?! Оны елеп, ескеріп жатқан ешкім жоқ. Ал, қала тұрғындарын қа­былдап жатқан кассаның өзі жалғыз.

Халықтың жергілікті билікке деген өкпесі қара қазандай. Айналдырған бір жарық жүйесіне бола қаншама жұрт сенделіп жүр. Халық қиналған сәтте қасында болып, жанын­а медеу болудың орнына жергілікті би­ліктің тырп етпей отыр­ғаны мынау. Әр мекемені жеке серіктестікке беріп қойып, жауапкерші­ліктен жалтару кімнің ойына келді екен?! Естір құлаққа айтқан болдық. Алайда айтылған  сөздің айтылған  жерде  қалмасы - құзырлы орындардың қолында.

Г.ЕСІМОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2013 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары