Өзекті мәселелер

  • 15.11.18

    Сыр елінің серпіні ерекше екенін аймақ тұрғындары да, сырт көз – сыншылар да жиі айтып жүр. Экономикалық даму тұрғысынан кей салаларда сәл шегініс болса, басым бағыттар да жеткілікті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» екендігін дәлелдеп келе жатқан қызылордалықтар мемлекеттік бағдарламалар аясында біраз шаруасын шалқытып отыр. Әсіресе кәсіпкерлер тарапы жолдауда айтылған тапсырмалар бойынша өз міндет...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

     

     

    Берікбол  БАЙХОЖАЕВ,

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызы...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    «Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды? Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел» деп келінін өзі таңдайтынын айтқан Төле бидің Данагүлді қалай жолық­тырып, баласына айт...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Қытық! Қызылы бар қызық сөз, құмары бар құнды сөз. Мұны солдан оңға қарай оқысаң да – қытық, оңнан солға  қарай  оқысаң да – қытық. Бұрын­ғы қыздардың бетінде қызарып, көз тартып­, көрініп тұрушы еді. Қазір ше? Зәру. Қат дүние. «Бүгінгі күні бүтін махаб­бат бар ма? Әй, қайдам? Сезім шіркін семіп кеткен. Ал қытық байғұс қырық жыл бұрын қайтыс болған» деп гөйітеді баз біреулер. Жо-жоқ, қытық әлі ...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Бір күні қарап отырмай жеке бизнес жасағым келді. Жұрттың бәрі байып жатыр.­ «Кедей бол» деп менің маңдайыма біреу бормен бадырайтып жазып қоймағ­ан болар. Ауладағы жазғы үйді бұзып, «шындық» сататын дүкен аштым.

    - Әй, балам көп ұзамай тақырға отыра­сың,­ - деп әкем басын шайқады.

    ...
    Толығырақ...
ТЕГІН ІРІМШІК ҚАҚПАНДА ҒАНА БОЛАДЫ
11.07.2013 14:39

«Аңқау елге арамза молда» демекші, халықтың қаржы­лық сауатсыздығын пайдаланып, ақшасын алдап алып кетіп жүрген небір компанияларды көріп жүрміз. Мұндай алаяқтықпен айналысатын компаниялар айдың күні аманында қарапайым жұрттың қалтасын қағып, жанға майдай жаққан «сиқырлы» сөздерімен сананы улайды. Олардың сөздеріне Құдайдай сенген жұрт­шылық компанияға алғашқы қаржысын салғаннан кейін-ақ, артын­ша «әттеген-ай» деп сан соғып қалады.

Маңдай терімен тапқан тиын-тебенін әп-сәтте қайдағы бір болмаш­ы қаржы пирамидасының шотына жіберіп, ақыр соңында кімнен қандай көмек сұрарын білмей дал болып­ жүрген жұрт қаншама. Жалған жарнаманың жетегімен қаржы пирамидасы бір қарағанда пайдасы жоғары ғана емес, сондай-ақ кепілдендірілген сенімді ақша табу көзін­дей көрінеді. Мұндай пирамиданың ерекшелігі сол, оның ресми тіркелген ұйымының, банктерде бірегей шоттарының жоқтығында. Барлық ақша айналымдары тек тікелей­  пирамида қатысушылары арасында жүреді.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әлемде алаяқтардың арбауына түсіп, қаржылық пирамидаға қатысатындардың ұзын саны 10-15 млн. адамды құрайды екен. Қазақстанда «МММ» аталатын пирамиданың cегіз кеңсесі қызмет етсе, соңғы үш жылда қаржы пирамидаларының заңсыз қызме­тіне қатысты 61 қылмыстық іс қозғалып, жапа шеккендер саны 4000-ға жуықтаған. Осыдан-ақ, қара халықтың қаржы пирамидаларының құрсауына ілігіп, қаншалықты жапа шегіп жатқандығын пайымдауымыз­ға болады. Айылын жимаған алаяқтардың сұрықсыз әрекеттері әлі де тыйылған жоқ. Кері­сінше күн өткен сайын қаржылық пирамидалардың қатары ұлғайып келеді. Бірінен бірі өтіп, өздерін жарнамалағанда еріксіз баурап алады. Атақты Мавродийдің «МММ»-ін алайық. Бұл қаржы пирамидасы осыдан екі жыл бұрын пайда болды. «Мы можем многое» деген атаумен атағы «жер жар­ған» бұл халықаралық пирамиданы білмейтін адам кемде-кем шығар. 1992 жылдан бастап жұмысын қолға алған компания халықтан қаржылай қор жинап, өз акцияларын беріп отырды. Нәтижесінде олар қатарына 10 млн.-нан астам адамды тартып үлгерді. Кейіннен «бизнесі» құлдыраған компания соңында банкрот деп жарияланды. Қазір елімізде, жоғарыда айтып өткендей, ақпараттық технологиялар арқыл­ы қыруар қаржы табуға мүмкіндік беретін «МММ-2011» деген атаумен аты шулы Сергей Мавродидің қаржы пирам­идасы іргесін қалап үлгерді. Олар тіпті пирамиданың кез келген сәтте банкрот­қа ұшырауы мүмкін екендігін жасырмайды. Яғни, осы арқылы олар кейін басы дауға қалмас үшін алдын ала «ескерту» жасайды. Бұл олардың заң алдын­дағы жауапкершіліктен жалтаруының алғашқы қадамы саналады. Жалғыз бұл ғана емес, қазір Қазақстанда қаржы пирамдиасының сан түрі жаула­ған. Бірі косметикалық тауарлар сатумен  айналысатын компания болса, бірі – денсау­лыққа пайдалы дәрі-дәрмектерді дистрибюторлар арқылы айналымға шығаратын ком­паниялар. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, әсіресе шетел­дік «Q-net» компаниясының өкілдері еліміздің жер-жерінде­ қарқынмен жұмыс жасап жатқа­н көрінеді. Мұндай компанияларға тәуекел етіп кірген адамдардың бірі қыруар қаржыға кенеліп, «байып» жатса, енді біреулері салған қаржы­ларының қарымын қайтара алмай­ сот жағалап жүр. Жуырда Қызылорда қаласының  100-ден аса тұрғыны қаржы пирами­дасына алданып қал­ған. «Лайт Бизнес Маркетинг» атауын жамылған шетелдік компания алаяқтықпен айналысып, халықтан қыруар қаржыны жымқырған екен. Пирамида салымшылары ғаламтор арқылы бағалы тауарларға тапсыр­ыс беріп, оны сатып, мол табысқа кенелеміз деп сенген. Алайда компания шотына­ түскен қаржылар Алматы­дағы «Tristar KZ» жауап­кершілігі шектеулі серікте­стігінде жұмыс жасайтын қаржылық пирамиданы ұйымдаст­ырушылардың қал­тасына кетіп отырған. Жүз­деген қы­зылордалықты сан соқты­рған аталған компания ресейлік «Мар-Партнер» ашық акционерлік қоғамымен байланыста болған. Бұл туралы жуырда 24.kz телеарнасы хабарла­ды.

- «Лайт Бизнес Маркетинг» бағдарламасымен заңсыз жұмыс  атқарып отырған қызметкерлер анықталып, нәтижесінде Қаржы полициясымен ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлімі «Б» тармағымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргі­зілуде. Тергеу ісі бо­йынша сезік­тілерден жауаптар алынып, Ресей Федерациясына халықа­ралық тапсырма жол­данып, қазіргі таңда жауабы күтілуде,- деді қалалық прокуратураның бөлім бастығы Ә.Баймаханов.

Бұдан бұрын Көкшетау, Петропавл қалаларында қаржы пирамидасына қатысты дау шығып, құқық қорғау орган­дарының араласуымен «Микрокредитная организация «КазРосИнвестпроект» ЖШС-нің қызметіне тосқа­уыл қойылды. Одан кейін мәжіліс депутаты М.Қазбекова Қазақстанда қаржы пирамидасына заң жүзінде тыйым салу жөнінде Премьер-министр Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады. Халықтың қалтас­ы мен жүйкесін қоса жұқартқан қаржы пира­мида­ларының жолын заңмен кес­песек, артық амал қалмады. Осыған байланысты жуырд­а Мәжілісте палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен жалпы отырыс өтіп, онда заңнамалық негізде Қазақстан аумағында қаржы пирамидаларына тыйым салу шешімі қабылданды. Енді қаржы пирамида­ларын түзген алаяқтар қатаң жазаланады. Кү­шейтіл­ген заң жобасын мәжі­лісмендер бірінші оқы­лымда-ақ мақұлдады. Бұдан былай заң арқыл­ы қаржы пирамидаларының жолы кесіліп, оған бағын­баған  күнде қыл­мыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

P.S. Ресми мәліметтер бойынша соңғы үш жылда қаржылы­қ пирамида бойынша 61 қылмыстық іс қозғалып, 866 млн. теңге шығын келіпті. Сондықтан «қаржылық пирамид­алардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері туралы­ заң жобасына өзгертулер енгізу керек болды» дейді мамандар. Халықты қанаған алаяқтар енді аяқтарын аңдап басатын шығар деген ойдамыз.

Ә.НАЖМАДИН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2013 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары