Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

    ...
    Толығырақ...
  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
«ҚҰРЫШ ҚАЗАҚҚА» КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ ОСЫ МА?
25.11.2011 08:56

Аймағымызда мәдени ескерткіштер турасында шешілмей тұрған түйткілді мәселелер аз емес. Тек облыс көлемінде ғана емес, тіпті есiмi әлемге әйгілі ардақты азаматтарға мүсін орнатамыз да, оны кейде қараусыз­, қалтарыста қалдырамыз. Оларды қалыпқа келтіру ойдан шығып кетеді. Қараусыз қалған сондай ескерткіштердің бірі – бала жасынан мүгедектіктің кесапатын тартқан, ақын-жазушы Зейнолла Шүкіровтің бюсті. Бүгінде оның шағын мүсіні өзінің есімі берілген көшеде, «МиГ ХХI» ЖШС орналасқ­ан ғимараттың ауласында жанашырлық күйде тұр. Мәдени ескертк­іштің халі адам шошырлықтай. Мүсіннің сыртқы бояуы қабыршақтанып, бюст тұғырының кафельдері түсіп, сиықсыз күйге енген.

Зейнолла Шүкіровті келешек ұрпаққа тағылым ету мақсатында бюст орнатуға кезінде «Бірлік» автопаркінің директоры Құр­манғазы Шәмшиев көп тер төкті. Өзінің жеке қаржысына мүсінді жасатып, оны алдымен З.Шүкі­ров атындағы көшенің басына, кейін өз мекемесінің алдына орнат­ыпты. Қ.Шәмшиев өмір­ден өткен соң бұл ескерткіш қараусыз қалды. Мән-жайды білмек болған біз тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесіне арнайы барған едік. Бірақ ол жақтан тұщымды жауап ала алмадық. Тарих және археология бөлімінің меңгерушісі Г.Исмағұлова болса, З.Шүкіров­тiң мүсіні қайда орналасқанын білмей, дүдәмал күй кешті. Жөн сұрастыра келе бюсттің орналасқан жерін білген соң, оның мемлекет қамқорлығында екенін ұғынды. Бірақ мәдени ескерт­кіштің халінен хабарсыз болып шықты. Мәдени ескерткішке жанашырлығы басым азаматтардың аталмыш бюстті жұртшылық көзінен таса жерден жарыққа шығарып, яғни Универсам аумағындағы АТФ банкінің жанына, жұрт жиі жүретін жерге қоюды айтқаны бар-ды. Біз мекеме маманына осы уәжді жеткіздік. Оның айтуынш­а, мүсіннің орнын ауыстыру­  үшін  жоғарғы  жақтың шешімі керек екен. Бұл меке­меден тұщымды жауап таппаған соң, «МиГ ХХI» ЖШС басшы­лығынан сұрадық. Серіктестік директоры Е.Қарекенов сөй­лесуден жалтарып, әрнені сылтау­ратқан соң,  қызметкерлерін сөзге тартуға тырыстық. Жақында ғана ғимаратын күрделі жөн­деуден өткізген серіктестік басшылығы З.Шүкіровтің мүсініне де өзінше өзгерту енгізіпті. Өзгерту болғанда, бюстте­гі жазушы­ның сынған көзілдірігін қалпына келтіріпті. Мұның қаншалықты заңды екенін білмек боп, ҚР тарихи­-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы­ заңын парақтадық. Бұл заңның 7-тарауының («Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалану тәр­тібі») 33-бабына сәйкес «жеке және заңды тұл­ғалар өздеріне пайдалануға берілге­н жерлерде тұрған тарих және мәдениет ескерт­кіштерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті» екен. Ал «МиГ ХХI» ЖШС мүсіннің халін мүшкіл күйде қалдырып, тек көзілдірігін қалпына кел­тіріпті. Сондай-ақ, осы заңның 34-бабында «Тарих және мәде­ниет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жеке және заңды тұлғалар лицензия негізінде жүзеге асы­рады» делінген. Ал аталмыш серік­тестіктің бюстті қалпына кел­тіру жұмысына лицен­зия алмағ­аны айдан анық.

Дұрыс-ақ, құзырлы мекеме еліне еңбегі сіңген ардақты ұлдың мүсінін қараусыз қалдырғанымен, жеке мекеменің заңды бұзып жатқанын біле ме екен? Олар мәдени ескерткіштердің бұзылмауын және сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Ал тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі З.Шүкіровтің мүсініне реставрация жасамақ түгілі, оның қайда орналасқанынан да хабарсыз. Сонда мұны қалай түсіндік?..

Д.САДЫҚ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2011 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 26 27
28 29 30        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары