Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2216
mod_vvisit_counterКеше2743
mod_vvisit_counterОсы аптада11519
mod_vvisit_counterӨткен аптада16249
mod_vvisit_counterОсы айда44682
mod_vvisit_counterӨткен айда81370
mod_vvisit_counterБәрі4031525


Өзекті мәселелер

  • 19.09.19

    Әлемдегі өте қауіпті қылмыскерлер қамалатын, қауіпсіздігі ең қатаң сақталатын «Алькатрас» түрмесінен 1963 жылға дейін бірде-бір тұтқын қашып шыға алмаған. Ел абақтыны «Рок» (құз) деп те атайды. Сыртынан қарағанда сұсты көрінетін түрме әу баста қорғаныс шебі ретінде қолданылып, кейінірек әскери түрме салып, содан соң өте қауіпті қылмыскерлерге арналған абақты ретінде пайдаланылған. Толығырақ...

  • 19.09.19

    ЖҮРЕК   ДЕРТІНЕ  ШАЛДЫҚҚАНДАРҒА  КӨМЕК

    Кеудедегі жұдырықтай жүректің қызметіне тең келер не  бар?!  Оны адам ағзасының «моторы» дейміз. Бірақ жүрек дерті жас талғамай тұр. Тым жасарып бара жатыр. «Жүрегі тоқтап қалыпты», «жүрегі ауырады»  деген сөздер бүгін­де  жасамысқа  емес, жастарға да  айтылатын  болды.

    ...
    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Әлемнің  дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру идеясы жарқын  болашаққа бас­тайтын жол болуы тиіс. Жаһандану үдерісі дәуірінде еліміз өз тәуел­сіздігін орнықтырып, шекараларын айқындап, ядролық қарудан бас тартып, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтай отырып, әлемдік ау­қымдағы тұрақтылық, достық, толеранттылық идея­ларын негіздеуде. Және бұл мәселелер Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    «Мәңгілік ел» идеясының негізі – бұл біздің Қазақстан халқы ұрпақтарының алдындағы жауапкершілік, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену мәртебесі белгіленген және бұйырған лайықты және ұлы Қазақстанды дамытудағы біздің стратегиямыз. «Мәңгілік ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарих...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    ОЙ   ТОЛҒАДЫМ  БІР   КЕЗЕК

    Сөз жоқ, социализмді гүлдендіріп, коммунизм ор­нат­пақшы болған қоғамды қайтадан құру машақаты бастал­ғалы сонау отызыншы жылдардан «коммунизмнің сталиндік алып құрылыс­тары» ұранымен жүргізілген шабуылдан табиғаттың тепе-теңдік заңдылығын бұзып...

    Толығырақ...
ҚАЗАЛЫДА ҮШЕМДЕР ӨСІП КЕЛЕДІ
12.09.2013 10:07

«Балалы үй базар». Төлеген Алпысбаевтың отбасындағы көріністі есіме түсіріп, еріксіз жымидым. Мені отанасы Ұлтуған апай жылы ықыласпен қарсы алған еді. Жанындағы ибалы жүзді келіні Аягөз ізетпен сәлем салып төрге бас­тады. Ортаңғы бөлмедегі қазақы оюмен өрнектелген құрақ көрпелердің үстіндегі үшемдер Айбол, Ербол, Нұр­болды жанарым шалды. Бір­келкі киінген сүйкімді бүлдір­шіндер қаз-қатар жайғасыпты. Құдды бір-бірімен шүйір­келесіп жатқандай. Жарық дүниеге келгендеріне небары жеті айға қадам басыпты. Маған олар қатықтай ұйыған, ынтымағы жарасқан жанұяның құт-берекесіндей елестеді. Толқи тұрып «Ғұмырларың ұзақ болсын. Тіл-сұқтан сақтасынды» іштей қайталадым.

Қазақта «Келін қайын енесінің топырағынан жаратылады» деген ұғым бар. Қашанда байсалды қалпынан жаңылмайтын Ұлтуған апайдың Аягөзі де сабырлы мінез­дің иесі. Бір қызығы, оның да мамандығы енесі тәрізді қаржыгер екен. Жолдасы Дархан шаңырақтағы жалғыз ұл. Әкесі Төлеген теміржол са­ласында, анасы  Ұлтуған салық басқармасында ұзақ жыл еңбек етті. Қарындасы Гүлия –заңгер. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді», бұл - әулеттің басты ұстанымы.

Дархан отау тіккенде әке-анасының қуанышында шек болмады. Өздерін әлемдегі ең бақытты жандардай сезінді. Алайда адамның арманы таусылған ба? Сырғып айлар, жылдар өтті. Уақыт жылжыған сайын Төкең мен Ұлтуғанның «немере сүйсек» деген ниеттері арта берді. Қай жерде білікті дәрігер, танымал тәуіп бар деп естісе, келіндерін алып елден бұрын бұлар жету­ші еді. Ақыры «Шын жалбарынса Аллаһ көз жасыңды көреді» деген ақиқатқа айналды. Ақ түйенің қарны жарылды. Жарық дүниеге бірінен соң бірі Айбол, Ербол, Нұр­бол келді. Ауыл-аймақ, барша ағайын- туыс қосыла қуанды. Дәрігерлер сақтық ойлап Аягөзді облыс орталығында босандырды. Ондағы ақ желеңділердің білік-парасаты, кәсіби шеберлігі, адами қа­сиеттеріне  Ұлтуғанның  риза­шылығы  шексіз.

Үшемдерді бағып-қағу оңай шаруа емес. Оған қоса мерзімінен бұрын туылғандықтан олардың тағдыры үшін қорқыныш та болды. Әйтеуір бәрі артта қалды. Шақалақтардың еті дұрыс жеті­лмегендіктен жиі сыр­қаттанды. Әсіресе баланың кіндігінің қалыптасуы үлкен күшке түсті. Осындай жайттың бірінде Төлегеннің отбасы төмендегі оқиғаны бастан кешірді. Қазалы қаласында Оля есімді емші келіншек бар. Қызуы көтерілген нәрестелерді  бұлар Оляға апарды. Ал емші дем салған жұмыртқаларды аулаға көміп, күн са­йын нәрестелердің киімін жуған кірдің суын сол жерге төгуді тапсырды. Оляның айтқаны бұлжытпай орындалды. Құй сен, мейлі иланба. Сонан бері үшемдер қайтып ауырған жоқ. Табиғаттың тылсым күші деген­іміз  осы  шығар.

- Бар қызығымыз, қуа­нышымыз осы нәрестелер. Айбол атасының, Ербол менің,  Нұрбол  әке-анасының баласы. Бар тілегіміз олардың аман-есен ер жетуі, - дейді Ұлтуған апай.

Ынтымағы мол, жарасымды жанұямен қимай қоштастым.

Жұмабек  ТАБЫНБАЕВ,

Әйтеке би кенті

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2013 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары