Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2216
mod_vvisit_counterКеше2743
mod_vvisit_counterОсы аптада11519
mod_vvisit_counterӨткен аптада16249
mod_vvisit_counterОсы айда44682
mod_vvisit_counterӨткен айда81370
mod_vvisit_counterБәрі4031525


Өзекті мәселелер

  • 19.09.19

    Әлемдегі өте қауіпті қылмыскерлер қамалатын, қауіпсіздігі ең қатаң сақталатын «Алькатрас» түрмесінен 1963 жылға дейін бірде-бір тұтқын қашып шыға алмаған. Ел абақтыны «Рок» (құз) деп те атайды. Сыртынан қарағанда сұсты көрінетін түрме әу баста қорғаныс шебі ретінде қолданылып, кейінірек әскери түрме салып, содан соң өте қауіпті қылмыскерлерге арналған абақты ретінде пайдаланылған. Толығырақ...

  • 19.09.19

    ЖҮРЕК   ДЕРТІНЕ  ШАЛДЫҚҚАНДАРҒА  КӨМЕК

    Кеудедегі жұдырықтай жүректің қызметіне тең келер не  бар?!  Оны адам ағзасының «моторы» дейміз. Бірақ жүрек дерті жас талғамай тұр. Тым жасарып бара жатыр. «Жүрегі тоқтап қалыпты», «жүрегі ауырады»  деген сөздер бүгін­де  жасамысқа  емес, жастарға да  айтылатын  болды.

    ...
    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Әлемнің  дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру идеясы жарқын  болашаққа бас­тайтын жол болуы тиіс. Жаһандану үдерісі дәуірінде еліміз өз тәуел­сіздігін орнықтырып, шекараларын айқындап, ядролық қарудан бас тартып, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтай отырып, әлемдік ау­қымдағы тұрақтылық, достық, толеранттылық идея­ларын негіздеуде. Және бұл мәселелер Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    «Мәңгілік ел» идеясының негізі – бұл біздің Қазақстан халқы ұрпақтарының алдындағы жауапкершілік, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену мәртебесі белгіленген және бұйырған лайықты және ұлы Қазақстанды дамытудағы біздің стратегиямыз. «Мәңгілік ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарих...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    ОЙ   ТОЛҒАДЫМ  БІР   КЕЗЕК

    Сөз жоқ, социализмді гүлдендіріп, коммунизм ор­нат­пақшы болған қоғамды қайтадан құру машақаты бастал­ғалы сонау отызыншы жылдардан «коммунизмнің сталиндік алып құрылыс­тары» ұранымен жүргізілген шабуылдан табиғаттың тепе-теңдік заңдылығын бұзып...

    Толығырақ...
ШЫРАЙЛЫ ШИЕЛІ
12.09.2013 10:25

Шиелі ауданының бірқатар саласында атқарылған жұмыстар, мемлекеттік және стратегиялық бағдарламалардың орындалуы жөнінде тиісті бөлім басшылары баспасөз мәслихатында баяндады.

 

КҮЙДІРІЛГЕН КІРПІШ ПЕН ӘК ШЫҒАРЫЛМАҚ

Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және  туризм бөлімінің мәлі­метіне сүйенсек, қазіргі күні ауданда 3 422 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тір­кеуде тұр. Оның 187-сі – заңды, ал 2 788-і жеке тұлға болса, қал­ған бөлігін шаруа қожалық­тары құрайды. Жыл басынан бері 379 жұмыс орны ашылып, нәтижесінде 7015 адам жұмыспен қамтылған. Халық пен бизнес субъектілері арасында кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға бағытталған ақпараттық-насихаттық шаралар жиі өткізіліп тұрады. Мысалы, тамыз­ айында «Даму» кәсіп­кер­лікті дамыту қорының аймақ­тық филиалының өкіл­дері Қоғалы, Тартоғай, Майлытоғай, Сұлутөбе ауылдарында болып, тұрғындарға қажетті кеңе­стер ұсынды. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінде билік өкілдерінің жөнсіз  әрекеттерін анықтау және ескерту мақсатында сенім телефоны (8/72432/4-38-80) жұмыс жасайды. Екінші деңгейлі банктер, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «ҚазМикроҚаржы» АҚ-ның филиал­дары, «Наурыз-Дем» ЖШС несие серіктестігі, «Бастау» шағын несие ұйымы кәсібін дөңгелетіп әкеткісі келетін азаматтарға шағын несие  берумен айна­лысады. 2013 жылдың 1 тамызына де­йінгі мәліметке қарағанда, 1 116 кәсіпкерге 372 млн. 947 мың теңге несие берілген.

2010-2014 жыл­дарға арналған елі­міздің үдемелі ин­дустриялдық-ин­новациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы ая­сында биыл 6 айда 822 млн. теңгенің   2 инвестициялық жобасы  мақұлдан­ған.  Атап  айтсақ:

1. Өндіріс көзде­рінің қатарын арт­тыру мақсатында жеке кәсіпкер Базаркүл Жеңсікбаеваның жобасы қолдау тапты. Ол жалпы сомасы 45 млн. теңгені құрайтын жылдық қуаттылығы 2,8 млн. дана күйдірілген кірпіш өндіру зауытының  жұмысын ал­ға бастыруды көз­деп отыр. Қазіргі таңда карьерге барлау жұ­мыстарын жүргізу басталған. Зауытқа қажетті құрал-жабдықтар жеткізіліп, трансформатор орна­тылып, 2,18 шақырымнан электр желісі тартылды. Жоба іске  қосылғанда 30 адам тұ­рақ­ты  жұмыспен  қамтылмақ;

2. «Шиелі тас - Оңтүстік» ЖШС-нің әк шығару зауыты жобасы құнының артуына байлан­ысты өңірлік индус­трияландыру картасына қайта енгізілді. Ол бойынша 84 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Сонымен қатар болашақта карбид, бор өнімдері өндірілмек.

- Бүгінгі күні тиісті жер телі­мі алынып, оны инфрақұрылыммен жабдықтау мақсатында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес құны 55 млн. теңге болатын жоба аймақтық үйлестіру кеңесіне­н өтті. Әкімшілік және қондырғыларды орна­татын зауыт­ құрылысы бас­талып, Қытайдан құрал-жабдықтар әкелініп жатыр, - дейді аудандық кәсіпкерлік, өнер­кәсіп және туризм бөлімінің басшысы  Р.Нысанханов.

Алдағы  уақытта  тағы мына­дай  жоспарларды жүзеге асыру­ міндеті тұр:

1. Жеке кәсіпкер Ақмұрат Алтынбектің жобалық  құны  131 млн. теңгені құрайтын ту­ризм­, демалыс орны және жа­ғаж­ай  кәсібін  дамыту  жо­басы;

2. «Алтынкенқазған» ЖШС-нің  асқабақ дақылынан езбе (пюре) дайындау және оны арнайы ыдыста шығару жобасы­ (жобалық құны –   50,7 млн. теңге);

3. «Шиелі Мия» ЖШС-нің мия тамырын өңдеу және дәрі-дәрмек дайындау жобалары.

Осы күні оларды аймақтық үйлестіру кеңесіне ұсыну үшін қажетті құжаттар жинақталуда. «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында да Шиелі ауданынан бірнеше жоба ұсынылған:

1. Әк шығару зауытын ин­фрақұрылыммен (электрлен­діру жүйесі) қамтамасыз ету мақсатында «Шиелі тас - Оңтүстік» ЖШС-нің құны 55 млн. теңге­ні құрайтын жоба­сына аймақтық үйлестіру кеңесінен оң қорытынды алынды;

2. Аймақтық үйлестіру кеңес­і жеке кәсіпкер Сұлушаш Смағұлованың өз кәсіпкер­лі­гін дамыту мақсатында «АТФ» банкінен 40 млн. теңге несие алып, ішінара субсидиялау туралы ұсынысын да мақұлдады.

3. Жеке кәсіпкер Тұрсынай Есенова «Шиелі такси» мекемесін дамыту үшін 6 млн. теңгеге  4  жеңіл автокөлік алу ниеті бар екенін жеткізген. Ол үшін «БТА»  банкінен  несие  алғысы келеді. Құжат жинаумен «Даму» қоры айналысуда.

4. Жағажай кәсібін дамыту үшін «Цесна Банктен» 20 млн. теңге несие алмақ ойы бар жеке кәсіпкер Ақмұрат Алтынбек те аймақтық үйлестіру кеңесінің жауабын күтіп отыр.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында биыл 5 жоба бойынша несие алу және субсидиялау жос­пар­ланған.

 

ТОҒЫЗ   МЕКТЕП

ЭЛЕКТРОНДЫ   ОҚЫТУ  ЖҮЙЕСІНЕ   КӨШТІ

Жаңа оқу жылы Шиелі ауданында «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты салтанатты жиындармен басталды. Биыл  1 сыныпқа 1 700 оқушы барған, ал жалпы оқушылардың саны 15 мыңнан асады. Облыстық бюджет  қаржысына  білім беру мекемелеріне ағымдағы жөн­деу жүргізілсе, №219 орта мектеп күрделі жөндеуден өткі­зілді. Оқу орындарын жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықтауға 16 388 мың  теңге қаржы қаралған.

- Биыл ҰБТ тапсырудағы негізгі  пәндерден  барлығы 898 мұғалім білімін жетілдірсе, Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәй­кес 9 мектепте «Е-learning» электронды оқыту жүйесі қолданысқа енді, - деп мәлімдеді аудандық білім бөлімінің басшысы Э.Тәкен.

Бүгінде ауданда 40 мектеп, 1 жалпы білім беретін кешкі мектеп, оқушылар үйі, әуез мектебі, «Сыр ұланы» тынығу жайы бар. 7 мектеп апатты жағдай­да тұр, олар: №252, 141, 142, 205, 243, 84, 214 мектептер. №252 мектепті жаңадан салуға 2012 жылы республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстарын «Бақ Жай» ЖШС жүргізуде, қараша айында балалар жаңа білім ошағының есігін ашатын болады. №142 мектептің құрылысына былтыр облыстық бюджеттен 349 млн. теңге бөлініп, «Универстрой» серіктестігі мердігер деп танылды. Ал №84 мектепті «Қазқұрылыс» ком­паниясы салды. №205 мектеп те жап-жаңа, әсем кейіпте бой көтеріп келеді. №141 және 243 негізгі мектептердің жобалық-сметалық құжаттарын әзір­леуге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Жылу беру мау­сымында барлығы 45 мекеме­нің 40-ы қатты отынмен, қал­ғандары сұйық отынмен жылытылатын болады. Бу қазандықтары мен пештер қыс мезгіліне­ сақадай сай.

 

ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН

АУЫЛДЫҚ КЛУБТАР ҚАЙТА САЛЫНУДА

Құрылыстың қарқынды жүруі Шиелінің одан әрі шырайла­на түсуіне айтарлықтай әсерін тигізуде. Аудан көлемінде биыл 9 әлеуметтік нысан салына бастаған. Шиелі кенті мен Қосүйеңкі, Бірлес­тік, Еңбекші, Бестам ауыл­дарында кезең-кезеңімен еңселі де әсем білім ошақтары бой көтеріп жатса, «Дәнекер» құрылыс компаниясы аудан ортал­ығынан бір ауысымда  250 адамның келіп қаралуына мүмкіндік беретін емхананың құрылысын жүргізуде. Мердігер оны жыл соңына қарай пайдалануға бермек. Ы.Жақаев, Сұлутөбе елді мекендерінде салынып жатқан дәрігерлік амбула­ториялардың да жұ­мысы  аяқталуға  жақын.

- Сұлутөбе ауылдық клубы апатты жағдайда деп танылған болатын. Оның орнына қазір 240 орындық жаңа нысан тұр­ғызылуда. Бәйгеқұм ауы­лын­дағы  тозығы  жеткен клубты да осылай қайтадан салып шығу жоспарланған, - дейді аудандық құрылыс бөлімінің бас­шысы  А.Сүйіндік.

Облыстық бюджеттен бө­лінген 50 млн. теңге есебінен Жиделіарық, Ә.Тәжібаев, Ортақш­ыл, 1 Мамыр, Бірлес­тік, Майлытоғай, Бидайкөл, Ботабай, Жансейіт және Бала би елді мекендерін спорт алаңдарымен қамту көзделген. «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында үй ке­зегінде тұрғандарға жалға бе­рі­летін бір пәтерлі 2 үйдің құрылысы жүргізілуде. Олардың әр шаршы метрінің құны – 90 мың теңгеден. Ал келесі жылы жалға берілетін 13 баспана салын­бақ. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында  12 пәтерлі 2 қабатты 5 тұрғын үйдің құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттар әзір­ленуде. Аудандық бюджеттен бөлінген 5 млн. теңге есебінен кенттің «Шұғыла» мөлтек ауданындағы жалға берілетін үйлер түсетін аумаққа электр желілерін, ауызсу құбырын тарту, тастақ жол төсеу мақсатында жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Халықты тіршілік нәрімен қамтамасыз ету бағытында бұған дейін атқарылған шаралар бүгінде жалғасын тауы­п келеді. 2002-2010 жылдарға арналған «Ауызсу» бағдар­ламасы бойынша 9 елді мекендегі су тораптары қайта жаңғыртылса, «Ақбұлақ» салалық­  бағдарламасы ая­сында сол 9 ауылдағы әр үйге су желілері кіргізіліп, есептегіш құралдар орнатылған. Жиделі топтық су құбырының ІІІ кезеңі бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстарына республикалық бюджеттен 125 млн. 746 мың теңге, облыстық бюджеттен қосымша 13 млн. 972  мың  теңге қаржы бөлін­ген. Жоспарда Шиелі кентінің су құбырлары жүргізілмеген көшелері мен жаңа мөлтек аудандары қамтылды. Жиделі топтық су құбырының №5 көтеру сорғы стансасынан Жөлек елді мекеніне дейінгі су құбырын орнату, елді мекендерді бас су қабылдау қоймасы мен су торабына қосу, ішкі су құбырының құрылысын жүр­гізуге биыл 1 244,3 млн. теңге қаралды. Ол бойынша Досбол би, Алмалы, Тәжібаев, Бала би, Жөлек, Бәйгеқұм, Бидайкөл, Алғабас ауылдарының ауызсу жүйелері  толықтай жаңғыртылмақ.

- Қазіргі  күні  су  ресурстары  комитеті мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастыруда. Таяу арада мердігер анықталып, тиісті құрылыс-монтаж жұмысы басталады. Бірінші кезекте Бидайкөл мен Алғабас елді мекендерінің ішкі су құбырларын жаңғыртып, жыл  соңына  дейін пайдалануға беруд­і көздеп отырмыз, - дейді  құрылыс  бөлімінің  басшысы.

Сондай-ақ №5 СКНС-нан №21 бекетке дейінгі 8 км су тасым­алдаушы  магистральдың ескіруіне байланысты 21-бекет, Жансейіт және Ортақшыл елді мекендеріне тиянақты су берілмей келеді. Осы олқылықтын орнын толтыру мақ­сатында магистральды жаңғыртуға қол жеткізілді.

Н.ҚУАНДЫҚ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2013 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары