Өзекті мәселелер

  • 19.09.19

    Әлемдегі өте қауіпті қылмыскерлер қамалатын, қауіпсіздігі ең қатаң сақталатын «Алькатрас» түрмесінен 1963 жылға дейін бірде-бір тұтқын қашып шыға алмаған. Ел абақтыны «Рок» (құз) деп те атайды. Сыртынан қарағанда сұсты көрінетін түрме әу баста қорғаныс шебі ретінде қолданылып, кейінірек әскери түрме салып, содан соң өте қауіпті қылмыскерлерге арналған абақты ретінде пайдаланылған. Толығырақ...

  • 19.09.19

    ЖҮРЕК   ДЕРТІНЕ  ШАЛДЫҚҚАНДАРҒА  КӨМЕК

    Кеудедегі жұдырықтай жүректің қызметіне тең келер не  бар?!  Оны адам ағзасының «моторы» дейміз. Бірақ жүрек дерті жас талғамай тұр. Тым жасарып бара жатыр. «Жүрегі тоқтап қалыпты», «жүрегі ауырады»  деген сөздер бүгін­де  жасамысқа  емес, жастарға да  айтылатын  болды.

    ...
    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Әлемнің  дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру идеясы жарқын  болашаққа бас­тайтын жол болуы тиіс. Жаһандану үдерісі дәуірінде еліміз өз тәуел­сіздігін орнықтырып, шекараларын айқындап, ядролық қарудан бас тартып, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтай отырып, әлемдік ау­қымдағы тұрақтылық, достық, толеранттылық идея­ларын негіздеуде. Және бұл мәселелер Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    «Мәңгілік ел» идеясының негізі – бұл біздің Қазақстан халқы ұрпақтарының алдындағы жауапкершілік, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену мәртебесі белгіленген және бұйырған лайықты және ұлы Қазақстанды дамытудағы біздің стратегиямыз. «Мәңгілік ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарих...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    ОЙ   ТОЛҒАДЫМ  БІР   КЕЗЕК

    Сөз жоқ, социализмді гүлдендіріп, коммунизм ор­нат­пақшы болған қоғамды қайтадан құру машақаты бастал­ғалы сонау отызыншы жылдардан «коммунизмнің сталиндік алып құрылыс­тары» ұранымен жүргізілген шабуылдан табиғаттың тепе-теңдік заңдылығын бұзып...

    Толығырақ...
“МӘҢГІЛІК ӨМІР” МҮМКІН БЕ?
12.09.2013 10:41

Адам  мыңдаған  жылдар бойы қорқынышының нәтижесінде мәңгілік өмір иелері – Құдайларды дүниеге әкелді. Ежелгі мемлекеттердің іргесі қаланбай жатып, үңгірді паналаған арғы тегіміз қою бұлтты тілгілеген найзағайды “Құдайлардың қаһары”, аң аулауда мол өнімге қол жеткіз­се, “өлмейтіндердің “рақымшылығы” деп түсінді. Сол арқылы өмір сүрді. Алайда адам санасында олардың деңгейіне жету, “ажалсыз болу” деген ұғым да пайда болды. Жасы жетіп, қартайып өлгеннен гөрі, мәңгі жастық бейнесінде өмір сүр­гісі келетіндерді саусақпен санау мүмкін емес.

Өлмейтін болу, мәңгілік жастық сол тұстан бастап­ адам санасын улап келеді. Мәселен, шумерлердің патшасы Гильгамеш “мәңгілік өмір гүлін” іздеп әлекке түсіпті, күллі әлемді билеген Ескендір Зұлқарнайын “тірі суды” таппақ болыпты, Христофор Колумб батыстан “жастық бұлағын” іздепті деген тәмсілдер бар. Бірақ, күні бүгінге дейін “мәңгілік өмірге” ешкімнің қолы жетпеді.

Қазақ халқында “өлімнен құтылуды” армандағандардың қатарында Қорқыт бабамыз да бар. Бабамыз желмаясын желдіріп, сайын далада ажалдан­ шыбын жанын аман алып қалуды көздеп ел кезген деседі. Бірақ, күй атасы өзен бетінде тебірен­е күй тартып отырғанда жыланның шағуы­мен о дүниеге аттанды. Алайда кей мәліметтерде “ажалсыздық” қарғыстың нәтижесінде пайда болады­ деген түсінік бар. Әрине, кей ұлттың наным­ында. Адам үшін ең қиын дүние – жақыны­ның қиналғандығы, оның өлімі. Ал, “өлімсіздік” қарғысында адам тәні өлгенімен, жаны о дүниеге өтпей, бұ дүниеде кезбеленіп жүреді. Балаларының, шөберелерінің, тіпті өзінен тараған талай ұрпақтың соңғы қиналысын көзімен көріп, жаны қиналады-мыс. Кезінде бұтқа табынушылар Иса пайғамбарды қинап, иығына аша ағашты байлап, көшемен алып жүрген деседі. Жәбірленген пай­ғамбар әлден кетіп, жолда бір үйдің қабырғасына сүйеніпті. Сол-ақ екен үй иесі Агасфер Исаны итеріп жіберген. Ашуға булыққан пайғамбар “жаның әлемді кезіп, ешқашан дамылдауды білмесін” деп қарғапты. Әлі күнге дейін батыс халықтарында Агасфердің жаны тыншымапты деген әңгіме бар.

Әйгілі  зерттеуші Захария Ситчин ежелгі дүниелердің жазбаларын арқау ете отырып, “адамзат әдеттегіден жүз есе артық өмір сүре алады” деген  тұжырым жасаған. Ол пендені алғашында мәңгілік өмір сүру үшін жаратылғанын да алға тартады. Оның зерттеуіне арқау болған еңбектердің бірі ежелгі үнді кітабы “Махабхаратада” әлемде өмірді ұзартатын “өмір ағашы” бары айтылған. Бұл ағаш қартайған адамға жастық бейнесін оралтады екен. Ал, алхимиктердің еңбектерінде “философия тасы” туралы жиі айты­лады. Бұл қасиетті тас қарапайым металды алтынға, қарт адамды жастық бейнесіне айналдырады-мыс. Орыстардың арғы тегі тастаған тарих­и дүниелерде де жоғарыда айтып кеткені­міздей, “тірі су” жайлы біраз әңгіме айтылған.

Бүгінгі  таңда  бай  мен байшыкештердің  негізгі  арманы да – мәңгілік өмірге қол жеткізу. Ғалымдар да осы жолда біраз еңбек етуде, қол жеткіз­гені де шамалы. Мәселен, 1977 жылы  АҚШ-тың Техас университетіндегі ғалымдар жасуша­ның бір ағзасына “өлтірмейтін ем” қолданыпты. Алайда әлгі жасуша “ажалсыз” бол­мады, есесіне өмірі ұзартылды. Ал, кей ғалымдар адам өмірін оның денесін салқындату, яғни қатыр­у  арқылы ұзартуға болатынын алға тартады. Бірақ, бұл мүмкін болмай отыр.

Адамзат ғасырлар бойы “ажалсыздық емін” іздеп әлек. Түрлі тәжірибелер жасап та жүр. Нәтижеге қол жеткізген ешкім жоқ. “Жастық сусыны”, “өлімсіздік дәрумені” жайлы аңызды ақиқатқа жеткізу үшін тер төгетіндер азаймайды. Алайда адамға өмірді Алла бергендіктен, оны ұзарту да, қысқарту да құдіреттің қолында екені ақиқат.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2013 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары