Өзекті мәселелер

  • 13.06.19

    Ежелден халық педагогикасы ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі болып келді және бұл бағытта жас ұрпақтың болашағына берік байлам жасалды. Әсіресе, дарабоз қарттарымыздың даналық ойы, салиқалы сөз саптау үлгісі, өмір белес­терінен  көрген-білгенін, ғибратты әңгімелерін  тәрбие құралына айнал­дырып, одан жақсылыққа ұмтылу, ынтымақ­қа ықылас қою, бауырмалдық қасиетк­е бет бұру секілді тағылымның түрлі ө...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Бүгінде басы ауырып, балтыры сыздамайтын пенде жоқ. Сырқаттанған адамның алдымен жедел жәрдемнің көмегіне жүгінетіні белгілі. Дәрігердің ауырған жерін тәптіштеп сұраса, көпшіліктің дертінен айыққандай күй кешетіні тағы бар. Алайда «103» қызметкерлерінің әр күні сын сағатқа толы. Көбісі ем-дом жасауға дайын арашашы жандардың сан түрлі жағдай мен оқиғаны бастан кешетінінен бейхабар. Бұған...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Тоқсаныншы  жылдардығы тоқырау көптің есінде ғой. Жоспарлы экономикадан нарықт­ық экононмикаға бет бұрып, жаңа белесті бағын­дыруға бой түзедік. Бұқара бұған бірден үйрене қойған жоқ. Әркім «балапан басына, тұрымтай тұсына» кетті. Ал отба­сы ошақ қасында болған әйелдер ала  дорбасын асынып, көшеге шықты. Сауда-сат­тықпен айналысты. Ал еркек­ кіндіктің кейбірі көше кезіп кетсе, енді бірі арақ-ша...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    «Бірінші байлық – денсаулық». «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы» мемлекеттік мекемесінің есігінен аттаған бойда осы аталы сөз ойға оралды. Жоқ, басқаша ойлап­ қалмаңыз. Ауладағы самал желмен­ тербелген әсем гүлдер, жайқалған саялы талдар, жеміс ағаштары, сүйкімді иісі танауды қытықтаған балғын жоңышқа, жүйектерді қуалап, сылдырай аққан тіршілік нәрі, баршасы мұнда шаруасына мығым ие...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Әдетте, футболда көбінесе шабуылшылар­ға аса мән береді. Алайда­ команданың жеңуіне қақпашылардың үлесі зор екенін бірі білсе, бірі білмес. Үздік қақпашы найзағайдай жылдам реакц­иясымен, болаттай төзімді жүйкесімен және де дұрыс позиция таңдай білетін ақылымен командасына сеп­ті­гін тигізеді. Әсіресе, ойын тағдыры шешіле­тін «пенальти» секілді шиеленісті ойын кезін­де­ қақпасын голдан қор­ғап,...

    Толығырақ...
ҚАР АДАМЫ: ақиқат па, әлде аңыз ба?
12.09.2013 10:44

Қар адамы – адамзат баласының сұрағы бар, жауабы жоқ жұмбағының бірі. Жартылай адам, жартылай маймыл тектес тіршілік иесі қағаз жүзінде бар болғанымен, іс жүзін­де жоқ дүние десек те болады. Алайда әр халық пен ұлттардың аңыздарына арқау бола­тын қар адамын іздеу әлі күнге дейін доғарылмай келеді. Ал, оны іздеген экспедициялар оның басқан ізіне тап болудан әріге бармай отыр. Айтпақшы, қар адамы әлемнің әр бұрышында әртүрлі атқа ие. «Бигфут», «саскуоч», «йети», «йерен» есімін жамылған жұмбақ тіршілік иесі жайлы сөз етпекпіз.

Антрополог Ричард Гринуэлл қар адамының бар екеніне сенеді. Ол әр халықта­ әртүрлі атауы болғанымен, бір түр екенін де алға тартады. Қар адамы табиғаттың қателігі емес, неандертальдық адам болып табылатындығын тілге тиек етеді. Антропологтың пікірінше, бүгінде қарақұрлықта “ергежейлі піл” өмір сүріп жатыр. Ол кәдімгі пілдің үштен бір бөлігіне татиды. Ал, алып пілдер жоғалуда. Ергежейлі піл­дердің пайда болуына табиғ­и жағдай мен адамзаттың әсері бар. Алып пілдер уақыт өте азайып, тек қар адамы сықылды “жұмбақ” болып қалуы ықтимал.

 

Қытай “жабайысы”

Өткен ғасырда аспан­асты елінің шаруалары “йеренге” ұшырас­қаны жайлы түрлі дерек бар. Дене тұрқын жүн бас­қан, бойы екі метрге жететі­н қытай “құбыжығы” әдетте қолында тас қаруымен жиі көзге шалынады екен. Алты елдің ғалым­дарынан құ­рылған экс­пе­диция “йерен­нің” “бір тал ша­шы” болса да бір белгісін табуды мақсат етеді. Орталық Қытайда АҚШ-тың Огайо штаты университетінің профессорлары Джин Пуарье мен Ричард Гринуэлл Гималай тауына дейін барып, нақты фактілер таппады. Алайда жүн қалдықтарын тапты. Ғалымдардың толық гендік зерттеуі бұл қалдық­тар төрт аяқтылардың, тіпті адам мен маймылдың емес, ерекше түрдің қылшығы екені анықтаған. Джин Пуарье елге оралған соң арнайы жиында “бұл түктер қалдығын­ың  хромосомаларының құрылысы бізді таңғалдырды. Адамзаттан тыс өмір сүретін “қар адамы” бар екені ақиқат” дегенд­і айтқан.

1976 жылы 19 маусым күні таң қылаң бере тауға шыққан Кунли елді мекенінің тұр­ғыны Гонг Юлан үсті-басын жүн басқан алып адамды көріп қалады. Үрейленген Гонг бар шаруасын ұмытып таудан төмен қаша жөнеліп, ауылындағыларға көргенін баян етеді. Бұл әңгіме Хубей провинциясында құрылған ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері Гонгке қар адамының суретін көрсеткенде, оқиға кейіпкері “ол дәл осы” деп жауап берген екен.

 

Гималай “құбыжығы”

Қытайдағы жабайы адам жайлы деректерден бұрын батыстағыларға Гималай тауын­дағы қар адамы жайлы ақпарат ертеректеу жетті. 1832 жылы Г.Хотдсон есімді ағылшын Гималай тауының бір шатқалында­ қоныстанып, көзі шалғанын еліне хатпен­ жолдап отырған. Ол бірде денесін түгел түк жапқан құбыжыққа тап болғанын қағазға түсіріпті. Ал, Британияда Хотдсонның көр­генін аю немесе лангур маймылының үлкені деп болжаған. Алайда неапалдық сапарластарымен екінші мәрте жүнді адамға жолыққанда, қасындағылардың бәрі қашып кеткен­ екен. Құбыжық көзден ғайып болғанда, неа­палдықтар мұның “ракшас” екендігін айтқан. Аударылғанда “құбыжық”, “шайтан” деген ұғым береді екен. Жарты ғасыр уақыт өткен соң үндістандық әскердің медициналық қызметкері Лоуренс Уоддел есімді ағылшын азаматы жүнді тіршілік иесінің іздерін фотоға түсіріп алып, “Гималай жайлы” атты еңбегінде жазып қалдырған. Келесі бір жайт, 1914 жылы Р.П.Джент Гималай тау­ла­рынан жүнді адам тапқанын айтқа­н екен. Сол кездерден бастап 20-30-жылдары батыстық “жаңалық ашқыштар” Гима­лайға ағылды. Ал, бұл жердің тұрғындары “йетидің” (қар адамының атауы) тау шатқалдарында жиі кездесетінін әлі күнге айтып келеді.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2013 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары