Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2211
mod_vvisit_counterКеше2743
mod_vvisit_counterОсы аптада11514
mod_vvisit_counterӨткен аптада16249
mod_vvisit_counterОсы айда44677
mod_vvisit_counterӨткен айда81370
mod_vvisit_counterБәрі4031520


Өзекті мәселелер

  • 19.09.19

    Әлемдегі өте қауіпті қылмыскерлер қамалатын, қауіпсіздігі ең қатаң сақталатын «Алькатрас» түрмесінен 1963 жылға дейін бірде-бір тұтқын қашып шыға алмаған. Ел абақтыны «Рок» (құз) деп те атайды. Сыртынан қарағанда сұсты көрінетін түрме әу баста қорғаныс шебі ретінде қолданылып, кейінірек әскери түрме салып, содан соң өте қауіпті қылмыскерлерге арналған абақты ретінде пайдаланылған. Толығырақ...

  • 19.09.19

    ЖҮРЕК   ДЕРТІНЕ  ШАЛДЫҚҚАНДАРҒА  КӨМЕК

    Кеудедегі жұдырықтай жүректің қызметіне тең келер не  бар?!  Оны адам ағзасының «моторы» дейміз. Бірақ жүрек дерті жас талғамай тұр. Тым жасарып бара жатыр. «Жүрегі тоқтап қалыпты», «жүрегі ауырады»  деген сөздер бүгін­де  жасамысқа  емес, жастарға да  айтылатын  болды.

    ...
    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Әлемнің  дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру идеясы жарқын  болашаққа бас­тайтын жол болуы тиіс. Жаһандану үдерісі дәуірінде еліміз өз тәуел­сіздігін орнықтырып, шекараларын айқындап, ядролық қарудан бас тартып, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтай отырып, әлемдік ау­қымдағы тұрақтылық, достық, толеранттылық идея­ларын негіздеуде. Және бұл мәселелер Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    «Мәңгілік ел» идеясының негізі – бұл біздің Қазақстан халқы ұрпақтарының алдындағы жауапкершілік, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену мәртебесі белгіленген және бұйырған лайықты және ұлы Қазақстанды дамытудағы біздің стратегиямыз. «Мәңгілік ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарих...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    ОЙ   ТОЛҒАДЫМ  БІР   КЕЗЕК

    Сөз жоқ, социализмді гүлдендіріп, коммунизм ор­нат­пақшы болған қоғамды қайтадан құру машақаты бастал­ғалы сонау отызыншы жылдардан «коммунизмнің сталиндік алып құрылыс­тары» ұранымен жүргізілген шабуылдан табиғаттың тепе-теңдік заңдылығын бұзып...

    Толығырақ...
Түс – Тәңір cыйы
12.09.2013 10:49

Түс дегеніміз – ақиқат әлеміне кең ашылған есіктен бұрын болып кеткен, я болашақта болатын оқиғалардың сол күні бірқатар ны­шанд­ар арқылы тамашалануы, яғни жалпақ тілмен айтқанда, ұйықтап жатқанда  көрінген тылсым белгілер. «Түс – тәңірдің аяны» дегенге сеніп, көрген түсіміздің ненің нышаны­ екендігін білуге асығамыз. Ал енді біреулеріміз «Түс – түлкінің тезегі» деп, қолды бір сілтеп, мән берместен жүре де бере­міз. Дегенмен, ақиқатқа айналып жатқан түсте­рі­міз қаншама?

Егер адам түсінде:

Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңін­де үлкен дәрежеге жетеді;

Жақсы көйлек кисе - кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді;

Өзінің өліп қалғанын көрсе - онда өңінде ұзақ жасайды;

Басына тәж кисе - онда ол өңінде байлыққа ие болады;

Жылаған болса – өңінде қуанады;­

Аспанда тұрған айды көрсе - өте жақсы белгі,  мұратына жетеді;

Күнді көрсе – мерейі, өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулет­і тасиды;

Жұлдыздарды көрсе - балаларының дәрежесі жоғары болады;

Өзен көрсе - кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді;

Баққа кіріп, оны аралау - жақсылықтың белгісі;

Қызыл гүл көрсе - өңінде бай болады;

Бал арасын қуып жүрсе - өңінде пайдаға жолығады;

Өлген кісіні көрсе, қорықпаған жөн. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады;

Суда жүзіп жүрген балықты көрсе - адам өңінде перзент сүйеді;

Өзінің ұйықтап жатқанын көрсе - онда өңінде жақсы табысқа жетеді;

Үйіне түскен ұрыны көрсе - онда ол өңінде табыс табады;

Шашын алдыратын болса - онда ол өңінде кедейленеді;

Керісінше шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды;

Үйленген болса - тілеп жүрге­ніне жетеді;

Алтын көретін болса - онда оған өңінде дәулетті кісілер демеу береді;

Жағымсыз иіс - өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді;

Қолын жуса - өңдегі мазасыздықтан арылу;

Көпірден өткен кісі - өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді;

Ақ, жасыл түсті затты немесе суды көрсе - жақсы нышан;

Қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді отты көрсе – жаман.

Тісін сындырып алу - өңде досын­ жоғалтып алу;

Ақ түсті киім кисе - онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құр­метке бөленеді деген сөз;

Сары түсті киім кисе - онда ол өңінде өз ісіне қарай бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады;

Қызыл түсті киім кисе - онда ол өңінде ел билеген болады;

Қара түсті киім кисе - өңінде қайғыға ұшырайды;

Құс ұстап алатын болса - онда ол өңінде үйленеді;

Кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады;

Қыранды көрсе - дәрежеге ие болады;

Көгершінді көрсе - өңінде оның ісі оңғарылады;

Ақ қоян енсе - онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе - онда қыс жайлы болады;

Ит қабатын болса - өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды;

Ас ішсе - өңінде мол дәулетке ие болады;

Ет жесе - өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді;

Алма жесе - өңінде тілегіне жетеді;

Балық ұстап немесе жеп жүрсе - өңінде дәулеті артады;

Жылан қуса - әйелдердің арбауы­на түседі;

Сақалы ағарса - ауруға ұшырайды­;

Үйі құлағанын көрсе - ұрыс-керіс болады;

Пышақ қайраса - қауіп-қатер болады;

Аттан құлап қалса - қатерге кездеседі;

«Түсті көруінен емес – жоруы­нан қорық» демекші, түсті жақсылыққа ғана жориық. Себебі,­ түс – Тәңірдің сыйы.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қыркүйек 2013 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары