Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

    ...
    Толығырақ...
  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
ПАРТИЯЛАРҒА ЖАН БІТТІ
25.11.2011 09:26

Әншейінде қоғамда орын алып жатқан келеңсіз жәйттерге, ұлттық, мемлекеттік мүддеге бас ауырта бермейтін (ал заңды болсын­, заңсыз болсын, билік партиясы – «Нұр Отанның» қай істе де әсіредемократтығы өз алдына)­ саяси партиялардың үлкен доданың дүбірі естілісімен-ақ «атқа қонғаны» қайран қалдырады. Қазір сайлау алдындағы қарбалас қатты, сәуірдегі  сайлаудағыдай бұл жолы да әбігерге түскен әр партия ұпай жинаудың ұтымды жолдарын қарастыруда.

 

Сайлаушылардың көпшілік дауысына иелік ету үшін қай-қайсысы да аянып қалмақ емес. Әйтсе де бір нәрсе анық, көш жердегіні күні бұрын сезетін «Нұр Отанға» қай жағынан да «жасыл шам» жанып тұр. Ал сайлау болатынын аяқ астынан білген өзге партиялар етек-жеңін жинап үлгермей бір қалса, ертең үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде оларды аяқтан шалып, «көреген көздер» етектен екі тарта­ры сөзсіз. Бір қызығы, елдегі­ оппозиция бірін-бірін енді түгендей бастады. Апта басынд­а тіркелмеген «Алға» партиясының бастамасымен демократ­иялық күштердің жиыны­ өтті. Парламент сай­лауына қатысу жайын қаузады. Қазір елдегі тіркелген жалғыз оппози­циялық партия – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) екені белгілі. Демек, оппозициялық ұйымдарға осы партияның ая­сына біріккеннен басқа амал­дары жоқ. «Азат» ЖСДП тең төрағаларының  бірі Б.Әбілов бұл мүмкіндіктен  құр қалмай, алдағы сайлауға бірігіп қатысу керектігін айтса, тіркелмеген «Алға» пар­тиясының жетекшісі В.Козлов та көмек беруден кетәрі емес. Есесі­не қай кезде де бүйректен сирақ шығарып жүретін Ж.Қуаныш­әлин бұл сайлауды да заңсыз деп санайды. Оның бар ойы – бойкот­. Қазақстан коммунистік партиясы сот шешімімен жұ­мысы алты айға тоқтатылғанына қарамастан, сайлауға қатысуға өтініш жазатын болды. Ал «Нұр Отан» партиясының төрағасы, президент Н.Назарбаев 25 қарашада партияның XIV съезін шақыру туралы қаулыға қол қойса, жуықта төрағасы ауысқан «Ақ жол» партиясының президиумы 27 қарашада Алматыда сайлауалды съезін өткізетінін хабарлады.

Адамнан айла артылған ба? Мерзімінен бұрын өтетін Мәжіліс сайлауында кейбір партиялар қатарлары­н елге танымал тұлғалармен толықтырып, саяси ұпай жинауға көшкен. Алғашқы тосын саяси жүрісті «Руханият» жасады, партия қатарын азулы ақын М.Шаханов пен Президент сайлауында тіл сынағынан сүрінген оппозициялық саясаткер У.Қайсармен толықтырды. Ұлтының болашағы үшін шырылдап жүрген ақын өзі құрған «Халық рухы» партиясын билік тіркемеген соң, «Руханият­қа» өтуге мәжбүр болдым» дейді. У.Қайсар да «партияның жарғысын» қолдағанын айтады. «Қазақтың Жириновскийі» деген атаққа ие болған генерал Ғ.Қасымовтың «Патриоттары» бұл жолы да қолдан келгеннің бәрін жасауға әзір. «Әділеттің» жетекшісі М.Нәрікбаев та қарсыластарынан қалыспақ­ емес, «Қаражорғаны» билеп беріп, ұпай жинайтын түрі бар. Коммунистер де (ҚХКП) тас-түйін дайындалып жатыр. Қарсыластарын шаң қаптыру­ үшін каратэден қара белбеудің иесі Ж.Ахметбек­товті алға қоймақ. Күтпеген жерден билік партиясынан шығып, «Ақ жолдың» тізгінін қолға алған А.Перуашевтің жұмысы қауырт қазір. «Ақ жол» партиясы бөлек, жұлдыздардың партиясы­ емес. Қатарлы адамдардан құралған халықтың партиясы. Әрине, белгілі адамдар болуы мүмкін, бірақ атақ іздеп жүрген адамдар емес»,- дейді ол. Бұл – оның «арзан ұпай жинамаймын» дегендегісі. Есесіне, «Нұр Отан» да құрамын жұлдыздармен толықт­ырып жатыр. Оны қайбір күні билік партиясы­ның  құрамына  Б.Төлегенова  бастаған бір  топ  әнші, әртістердің  мүшелікке  қабылдан­ғанынан  байқауға  болады.

Айтпақшы, аталған партиялардың облыстардағы бөлімшелері де қарбаласып жатыр. Етек-жеңін жинап­, жан-жағын түгендеп, жергілікті мәслихаттардан орын алып қалудың қамына кіріскен. Соныме­н, 15 қаңтарда өтетін саяси додаға дайындық қыза түсті. Бір-бірімен жайлы орынтаққа таласқанда­рдың еншісінде әлі екі айдай уақыт бар. Бірақ, қызықтың көкесі сайлауалды үгіт-насихат кезінде басталуы мүмкін. Сайлаудың «болғанынан» «боладысы» қызық деген де – осы.

Н.КЕНЖЕТАЙ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2011 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 26 27
28 29 30        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары