Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

    ...
    Толығырақ...
  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
ОППОЗИЦИЯ – БІР ЖАҚ...
01.12.2011 16:25

«Сайлау өтеді» дегенді естігелі елдегі­ саяси партиялар етек-жеңдерін жинап, бытырап жүрген оппозиция қашанғы әдетімен бір-бірін қайта түгендей бастады. Дағдарыс алдындағы дүбір күшейген тұста қай-қайсысы да мәжіліс төрінен дәмелі. Тіркеуде бар 9 партия жарыса съезд өткізіп жатса, сот  шешімімен жарты жылға жұмысын тоқтатқан компартияға осының бәрін сырттай қызықтау ғана қалған сияқты. Жылдар бойы тіркеле алмай жүрген «Алға» жалпы­ұлттық социал-демок­ратиялық пар­тияның жағына шықты.

- Бүгінгі билік талайдан бері оппозицияның жүзеге асыра алмай келе жатқ­анын өз қолымен жасап берді – біздің басымызды біріктірді. Қоғамдағы оппозицияның ымырасыз, белсенді бөлігін тіркемеу, қызметіне тыйым салу арқылы­ сайлауға қатыстырмауды көздеген билікке қарсы тұрған – жалғыз­ ЖСДП және онымен бірге біз бармыз, - деп мәлімдеді «Алғаның» жетекші­сі В.Козлов жуырдағы партия съезінде.

Оппозицияның атынан сынға түскелі отырған социал-демократтар егер бұл сайлау әділ әрі заңды жолмен өтетін болса, өздерінің жеңіске жететін­іне сенімді.

- Оны билік те сезеді, - деген пар­тияның тең төрағасы Ж.Тұяқбай мәжі­лістегі «төртінші тараудың» ас­тарын­да саяси гәп барын жеткізді. – Өткен сайлауда 90 пайыз дауыс жинадым­ деп бөскен депутаттар неге парламентті тастап, тым-тырақай қашып жатыр? Өйткені, біріншіден, олар өздерінің халықтың өкілі емес екенін сезеді. Екінші­ден, жауапкерші­ліктен қорқады. Бүгінгі халықтың билік­ке деген ашу-ызасы мен өкпесі күннен-күнге күшейіп келе жатқанын көріп отыр.

ЖСДП ұсынған тізімге негізінен оп­позицияның айналасына топтасқан тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров, саясаткерлер Б.Әбілов, Б.Тұрсын­баев Ж.Тұяқбай, Ә.Қосанов, Г.Ерғалиева – бас-аяғы 57 адам енген. «Мемлекеттік тіл» қозғалысының жетекшіс­і, азулы ақын М.Шахановтың:

- Маған биліктің қа­жеті жоқ. Бұл сайлауға ұлтты сақтап қалу үшін ғана түсемін, - деп, «Руханияттың» атынан ат ерттеуі тіпті тосын қадам болды.­

«Табиғат» партиясын құратын болған эколог М.Елеусізов «патриоттармен» қосылып, парла­менттен орын алуға ниет етіп отыр. Айта кетейік, ол бұдан үлкенінде – президент сайлауында бақ сынап­ көрген. «Сөзсіз президент боламын» деп, биылғы сәуірдегі сайлау кезінде «аңдамай сөй­леген» Ж.Ах­мет­беков және халықтық компар­тияның жетекшіс­і В.Косарев те билікке бір табан жақын екенін көрсетті. Ал прези­дентшіл «Ақжол» партиясы­ның тізімі негі­зінен бизнесмендермен толықты.­

- Зиялы қауымның қаруы – ой мен сөз болса, биз­нес­тің қаруы – іс. «Ақжол» – бүгінде нақты сөз бен істің партиясы, - деді партия төрағасы А.Перуашев өздерінің съезінде.

Нағыз билік партиясы – «Нұр Отан» құра­мында­ әнші, музыкант, спортшыға дейін бар «жұлдызды тізім» жасапты. Ең ұзақ тізім де «Нұр Отанның» енші­сінде сияқты – 127 адам. Бұрынғы және қазіргі шенеуніктердің, экс-депутаттардың қасында президе­нттің үлкен қызы Д.Назарбаева жаңа есім ретінде аталды. Арал ауданының халық сайлаған қазіргі әкімі Н.Мұсабаев та Астана жақты аңсап жүргенге ұқсайды...

Н.ШАМАУ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2011 >
      2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары