Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

    ...
    Толығырақ...
  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
ЖЕТІМДЕРДІҢ ЖӘРДЕМАҚЫСЫНА ЖАРМАСҚАНДАР жазасыз қалмауы керек еді
02.12.2011 09:00

Қазақ халқы жетімін жылатпаған, жесірін  қаңғытпаған. Бірақ  бұл қазыналы сөздің бүгінде қадір-қасиеті кетіп, жетімнің бұйырған несібесін тартып алу қоғам үшін дертке айналды. Сыр өңірінде де ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандарды шеттету белең алып тұр. Мәселен, асыраушысы жоқ жетімдерге ай сайынғы ақшалай берілетін мемлекеттік жәрдемақыны қорғаншы және қамқоршы органдардың жым­қыруы, жетімдердің үйіне айналған интернатта олардың тиісті білім алуына жағдай жасалмауы және де құқықтарының аяқ асты болуына жиі жол берілетін көрінеді. Тіпті қамқоршысы жоқтығын пайдаланып, арнайы білім ошақтарындағы балалард­ың «діни сауатын» ашпақ ниетте діни кітаптарды оқытқандығы анықталып отыр­. Бұл мәсе­лелер  кеше  облыстық  прокуратурада  өткен  алқа  мәжілісінде  мәлім  болды.


Статистикалық мә­ліметке сүйенсек, об­лыста 18 жасқа толмаған 269,3 мың жасөспірім бар екен. Аймақта ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтайтын және олардың құқығы мен мүдде­сін қорғайтын 8 қорғаншы және қамқоршы органдарда 8 қызметкер ғана жұмыс жасайтын көрінеді. ҚР үкіметінің №1245 санды «Қазақстан балалары» бағдарламасына сәйкес әр бес мың балаға бір қамқоршы және қорғаншы ор­ганның қызметкерінен келуі тиіс. Прокуратура қызметкерлерінің мә­лімдеуінше, бұл ретте бізде 41 қызметкер жетіс­пейді екен. Бұл жөнінде облыс әкімдігінде де бір­неше рет мәселе көтері­ліп, шешімін таппапты. Сондай-ақ, құзырлы ор­ган­ның мәліметіне сүйенсек, аталмыш ор­ган қызметкерлері ҚР «Неке және отбасы туралы» заңының 101-бабының 1-тармағына сай міндеттерді атқармапты.

Үстіміздегі жылдың он айында прокуратура қызметкерлерінің жүргізген тексеру жұ­мыстарында Қызылорда қалалық білім беру бөлімінде өрескел заңбұзушылықтар анық­талған. Жетім және ата-ананың қам­қорлығын­сыз қалған баланы күтіп ұстау үшін асыраушы­ларына берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленбеген. Құзырлы органның анықтауынша, қалалық білім бөлімі қызметкерлері 5,5 млн. теңге көлеміндегі жәрдемақыны асыраушыларға бермеген. Заңбұзушылық бо­йынша аталмыш қаражат өндіріліп, қалалық білім бөлімінің бастығы Б.Қалиге қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту  тәртіп­тік ша­расы қолданылса, бө­лімнің бас есепшісі С.Файзуллаевқа, әдіс­кер Л.Төлековаға, балалардың құқығын қорғау департаментінің мамандары М.Қожатаева мен Е.Бодановқа ескерту жасалған. Кеңес үкіметі кезінде мұндай заңбұзушылыққа барғандар тиісті жазасын алатын еді. Сондай-ақ, №1 мектеп-интернаты тарапынан да заңбұзушылықтың орын алғандығы сөз болды. Аталмыш арнайы оқу ордасының ғимараты 120 орынға шақталған. Бүгінде интернат қабырғасында 146 бала білім алуда. Сонымен қатар жасы жиырмаға келген М.Кимбаев әлі күнге интернатта білімін «одан әр дамытуда». Тексеріс барысында кәмелеттік жастан асқан азаматтың облыстық психоневроло­гиялық ауруханада «оллигофрения в стадии дебильности» диагнозымен тіркеуде тұрғаны анық­талған. Интернат басшылығы ақыл-есі дұрыс емес және кәмелеттік жастан асып кеткен соқталдай жігітті арнайы орынға тапсырмай, өмірдің өзі қатал сынаққа алған жәудір көз жетімдермен бірге отырғызып келеді. Интернаттың білім беру жүйесінде де қалыс қалған тұстары бар екен. Арнайы кәсіби білімі болмаса да қызмет ат­қарып жүргендер анықталған. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұға­лімі С.Джунельбаев тәрбиеленушілерге ал­ғашқы әскери дайындық пәнінен дәріс беріп келеді. Интернат үйін­де  44 педагог бар бол­ғанымен, бірде-біреуі ҚР білім және ғылым министрлігі бекіткен №16 «педагог қызметкерлерді аттестаттау тәрті­бін бекіту туралы» бұй­рығына сәйкес білік­тілік санатын арттырмаған. Сонда бұл, сөз жоқ, интернат балалары са­пасыз білім алып келеді дегенге саяды.

Аймақтағы құзырлы органдар жетімдер мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды аялаудың орнына­ оларға тиесілі мемлекеттік жәрдемақысынан айырып қана қоймай, одан да зорын жасап келеді екен. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген нақылды қалалық білім бөлімінің қызметкерлері басқаша түсінсе керек. Оларға ескерту ғана емес, одан да үлкен жазаның берілме­уі түсініксіз.

Дастанбек  САДЫҚ

 

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2011 >
      1 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары