Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

    ...
    Толығырақ...
  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
КIМДЕРГЕ РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАЛАДЫ?
08.12.2011 09:14

Қазақстан сотталғандардың саны жөнінен әлемде 22-орын алады.­ «Халықаралық түрме реформасы» ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігі осындай дерек келтіріпті. Статистикаға сүйенсек, айналдырғ­ан 16 жарым миллиондай адамы бар елде оның 57 мыңдайы түрмеде отыр.

Таяу арада түрмелер біраз босап қалуы мүмкін. Мәжіліс ма­құлдаған «Қазақстан Республикасы тәуелсіз­ді­гінің 20 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасы қазір сенатта қаралу үстінде. Жоба бойынша онша ауыр емес және ауырлығы орта­ша қылмыс жасап сотталған жасөспірімдер, кәмелетке толмаған балалары бар және жүкті әйелдер, жалғызбасты бала тәрбиелеуші ер адамдар, І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектер, жасы 50-ге толған әйелдер мен 63-ке толған ер адамдар және ол жастан асқан адамдар, Ұлы Отан соғысына, Ауғанстандағы соғыс қимылдарына, Чернобыль апаты­ның салдарын жоюға қатысқан, әскери және интернационалдық борышын атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің жесірлері, күйеулері соғы­с мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар болып табы­латын әйелдер, бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімі­нің кемінде төрттен бірін өтегендер, Қылмыстық кодекстің 63-бабымен шартты жаза­ға кесілгендер, 70-бабына сәйкес жаза өтеуден мерзі­мінен  бұрын  шартты түрде  босатыл­ғандар, 71-бабына сәй­кес жа­заның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылған, 72-бабына сәйкес сот үкімі­нің орындалуы кейін­ге қалдырылған жүкті әйелдер және жас балалары бар әйелдер, жас балаларды өзі тәр­биелеп отырған ерлер, 73-бабына сәйкес ауруға шал­дығуына байланысты жаза­дан  босатылғандар амнистияға  іліге  алады.

Заң қабылданған жағдай­да Қызылорда облы­сының аумағындағы түзеу мекемелері мен қыл­мыстық атқару инс­пекция­ларынан 302 адам үйлеріне оралмақ. Оның ішінде қатаң режимдегі 169/5 түзеу мекемесінен – 35, 169/4 түзеу меке­месінен (қоныс-колониясы) – 4, 169/1 мекемесінен (тергеу изоляторы) – 2 адам. Қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жүрген тағы 3 адамның мерзімдерінің жартысы қысқартылады. «Сондай-ақ қылмыстық атқару инсп­екцияларында есепте тұрған, онша ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыру­мен байланысты емес жаза түрлеріне тартылған, жаза өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған, жазаның өтелмеген бө­лігі неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылған, сот үкімінің орындалуы кейінге қалдырылған 258 адам жаза өтеуден босатылады. Олардың 1-еуі – ІІІ топтағы мүгедек, 3-еуі – жасы 50-ден жоғары әйел және 63-тен асқан ер кісілер», - деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Заң жобасының 7-бабына сәйкес ауыр, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған және сот үкімі бойынша әрекетінде қылмыстың қауіпті неме­се аса қауіпті қайталануы бар деп танылғандарға бұл нормалар қолданылмайды.

Осыған дейін елі­міз­де жеті рет рақымшылық шарасы жүзеге асырылған. Биыл 13 мыңдай адам үкіметтің мейі­ріміне бөленуі мүмкін. Алайда, олардың бәрі бірдей өмірден орнын тауып, қайта оралған ортасына сіңісіп кете ала ма? Ойланарлық сұрақ. Ең бастысы, амни­стия  алдында  түр­меден шыққандарды жұмыспен қамту мәселесін  шешкен  жөн.

Н.ШАМАУ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2011 >
      1 2 3 4
5 6 7 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары