Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
Аймақ басшысы Қытай делегациясын қабылдады
25.11.2014 12:44

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қытайдан келген халықаралық «Сани Груп» компаниясының өкілдерін қабылдады. Бұл компания облыстағы құрылыс және мұнай-газ саласына қызмет көрсетуге инвестиция салмақ.

Компания бас директорының орынбасары Ли Цзяньхуа Қазақстан мен Қытай елі арасындағы достық және экономикалық қарым-қатынастың жылдан-жылға нығайып келе жатқанын айтты. Қызылорда облысында құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарын өндіруді дамытуды көздеп отыр. Соның бастамасы ретінде аймақта цемент шығару зауытын салуды жоспарлап отырғандықтарын жеткізді. Компанияның бұл салада тәжірибесі мол. Атап айтқанда, Индонезияда ауқымды индустриалдық аймақты осы кәсіпорын салған. Бүгінде сол елдің тәжірибесін біздің аймақта қолданбақ.

Аймақ басшысы Қызылорданың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен таныстыра келіп, Елбасы шағын және орта бизнестің дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп жатқанын айтты. Аймақтың потенциалдық мүмкіндігін кеңінен пайдалана отырып, отандық және шетелдік инвестицияны өндіріске, ауыл шаруашылығы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, құрылыс саласына тарту керектігін, сондай-ақ, бүгінде осы салаларда Қытай елінің технологиялары бізде жоғары сұранысқа ие болып отырғанын атап өтті.

Екі жақты кездесу барысында тараптар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Алдағы жоспарлар жайлы айта келіп, достық қарым-қатынастың дами беруі өз нәтижесін береді деп сенім білдірді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2014 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары