Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Жасотандықтардың жасампаз жұмысы
25.11.2014 17:24

Бүгін «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты облыстық филиалының кезекті VІІІ есеп беру конференциясы өтті. Жиынға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысты.

Конференцияда «Жас Отан» Жастар қанатының атқарып жатқан жұмыстары сараланды. Бұл ұйым жастардың мүддесін қорғауды мақсат санайды. Олардың әлеуметтік мәселелерін басты назарда ұстайды.

Жолдауда ел жастарының алдына айқын мақсат-міндеттер қойылып, өскелең ұрпаққа үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Жастарды қолдау бағытында жасалған жұмыстарға тоқталсақ.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы жас мамандардың ауылдық жерлерге барып тұрақты қызмет жасауына мол мүмкіндік беретін ТМД елдеріндегі теңдесіз жобаға айналды. Елбасының шешімімен «Болашақ» бағдарламасы қабылданды. 20 жылда әлемнің 33 елінде білім алған «болашақтық» 6015 жас бүгінде әртүрлі салаларда қызмет етіп жүр. Қазір 3 мыңға жуық стипендиат шетелде білім алуда. Айта кету керек, республикалық «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» жобасы нәтижесінде өңіріміздің 358 түлегі жоғары оқу орындарында, 420 түлегі техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде грант негізінде білім алуда. Соның ішінде қызылордалықтардың үлесі басым. Мәселен, республика бойынша ЖОО-на бөлінген 1050 грант иегерінің 34 пайызы, кәсіптік және техникалық оқу орындарына қаралған 1000 гранттың 42 пайызы біздің облыс жастар үлесінде. Сондай-ақ, «Жастар тәжірибесі», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту», «Қолжетімді баспана» бағдарламалары арқылы мыңдаған жастар әлеуметтік қолдау алып, қоғамда өз орындарын табуда. Аймақта мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында облыстық бюджеттен өткен жылы 199 миллион теңге бөлінсе, биыл 307 миллион теңге қаржы қаралды.

- Бұл құрғақ цифрлар ғана емес, әрбір көрсеткіштің артында Мемлекет басшысының қамқорлығы мен орасан еңбек жатыр. Сондықтан, Елбасының айналасына топтасып, Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылы - Нұрлы Жолда аянбай еңбек етуіміз қажет, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Жастар облыс әкіміне сауалдар қойып, тұшымды жауап алды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2014 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары