Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
АҚЫНДАР НЕ ҮШІН АЙТЫСАДЫ?
17.05.2012 11:27

Адамдардың атақ-дәрежесіне, лауазымына, байлығына қарап баға бере­тін жағдайға жеттік. Енді бұлардың қатарына айтыс ақындары қосылды. Оларға қалай баға бере­міз? Ұлтының намысын жыртып, сойылын соғып жүрген жандардың қай айтыста қандай орын алғаны мен қанша көлік мінгені жұртты қатты қызықтырады. Жақында олжалы айтыскерлердің тізімі тү­зілді. Мұны 1984 жылдан бері қарайғы ре­кордтық көрсеткіш деуге­  болатындай.

Жалпы, айтысты қа­зақтың төл өнері ретінде жоғары  бағалайты­нымыз шындық және солай болып қала бермек. Бірақ кейбір келеңсіз жәйттер­дің бір ұшы төл өнерге де ке­сірін  тигізбей  қоймады. Тіпті­ қайбір  жылдары «саясатқа араласты» деген желеумен төл өнерімізге шектеу қойыл­ғаны бел­гілі. Дегенмен, сөз додасы өнер жанашырларының арқасында қайта қанатын қақты. Сонымен бұл айтыста бағы жан­ғандар  да, сағы сынғандар да баршылық. Бағы мен бабы қатар шауып, ақындар рейтингі­сінің алдыңғ­ы шебінде Айнұр Тұрсынбаева тұр. Ол осы күнге дейін 34 те­мір тұл­парды тізгіндеп, көш баста­ды. Әзірге оған еш­кім ілесе алмай келеді. Ең алғашқы көлігін 1996 жылы студент кезінде жеңіп алған ол көлікті үйіндегілерге сыйлапты. Одан кейін тізімде 20 кө­лікті тізгіндеген Аманжол Әлтаев орналасқан. Ол 22 жыл бойы тың­дарманның құлақ құрышын қандырып келіп, бүгінде жастарға жол берді. Ал 10-нан астам көлікпен үшінші орында тұрған Ринат Зайытов айтыспен қош айтыс­қанын мәлім­деді. Одан кейін арқалы Айтақын Бұлғақовтың баласы Жандарбек Бұл­ғақов небәрі 21 жаста болса да, 10 темір тұл­парды еншілеген. Ал үздік бестікті 7 көліктің кілті қолына тиген Бал­ғынбек Имашев қорытындылады.

Жасыратыны жоқ, қай өнер болмасын, оның құны ақшамен өлшенетін деңгейге жеттік. Мұның төл өнерімізге де қатысы жоқ емес. Ақындар не үшін айтысады, ойланып көрдіңіз бе?..

Н.ЕРСЕЙТПЕНБЕТ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2012 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары