Өзекті мәселелер

  • 22.08.19

    Елімізде дәрінің көмегімен өмір сүретін азаматтар аз емес. Олардың дәрілік препаратсыз қауқары жоқ. Антибиотикке тәуелді науқасқа кім қарайды? Ақысыз берілетін дәрі-дәрмектерді кімдер, қайдан және қалай ала алады?

    ...
    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Халық «Елін сүйген ер болар» дейді. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» дейді тағы  да.

    Иә, ел намысы үшін ерлік­ке бара алар азаматтарды кебен­ек ішінде танып-білу аса маңызды.

    Кебенек – сыртқы киім. Оны көбіне-көп жорықта, аңшылықта киеді. Демек, бұл киімді кез келген адам кие алады. Олай болса, «Ерді кебене­к ішінде  таны» деген – ер жігітті киіміне қарап емес, жан дүниес...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    ТЫНДЫРЫМДЫ   ІС – НӘТИЖЕЛІ   КӨРСЕТКІШ

    Қаланың экономикалық тұрғыда дамып­, қалыптасуында стратегиялық міндет жүйелі түрде өз-өзін айқындап отырады. Шаһардың болашағына байлан­ысты әр жоспар, әр бағыт өзіндік құнымен маңызды. Осындай іргелі істерді атқару барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың іскерлік һәм басшылық міндеті ж...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Өткен бейсенбіде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының қолдауымен, өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Шиелі ауданына баспасөз турына барды. Жолай біз бағыт алған өңірдегі баратын нысандардың тізімі қолымызға тиді. Риза болғанымыз, бір-біріне ұқсамайтын бес қызмет түрін жандандырып отырған шағын кәсіп иелерімен таныстық. Оның ішінде ауқымды жерді алм...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    192   ШАҚЫРЫМ  ЖОЛ  ЖӨНДЕЛЕДІ

    Елдегі көлік саласы маңызды рөлге ие. Оған сауда-экономикалық бағыттағы тауарлардың көліктің қай түрімен болсын тасымалдануы дәлел. Одан өзге аймақтар үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жол­дардың  өзектілігі  жоғары.  Өткен  жылы осындай жолдар мен көшелерді дамыту­ға республикалық бюджеттен 1...

    Толығырақ...
ҚАТЕРЛІ ІСІК: қауіп қайдан?
30.05.2012 16:19

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді қазақ. Осы сөздің түбіне терең бойлай білсек, ауру атаулыға дес бермес едік-ау. Ел естімеген аурулар көбейді. Қатерлі ісік деген тажал жер шары тұрғын­дарын жалмап барады. Ең сорақысы, бұл ауру көбіне адам өлімімен аяқталуда. Басты мәселе де – осы. Бірақ мамандар дер кезінде алдын алсаң, бұл қатерді де жеңуге­ болатынын айтады.

Дүйсенбіде облыстық онкология орталығында маманда­р дөңгелек үстел басына жиналды. Дүние­жүзіндегі сияқты аймағымызда да 14 мамырда “Қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау және алдын алу” айлығы басталды. Мамандар шараның маңызды­лығына тоқталды. Сонымен қатар ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы адам денсаулығына қатысты басым бағыттарды назарға­ алды. Статистикалық мәліметке жүгінсек, еліміз­де жыл сайын 29 мыңдай адам қатерлі ісікпен ауырып, оның 17 мыңға жуығы қайтыс болады екен. Ал Қызыл­орда облысы адам өлімі бойынша ІІ орынға шығып отыр. Бұған негізінен өмір салты мен қоршаған орта факторлары – темекі шегу, дұрыс тамақ­танбау, ауаның ластануы мен физикалық белсен­діліктің төмендігі әсер етеді. Сала мамандары аурудың алдын алуға, белсенді профилактикалық тексеру арқылы ерте анықтауға, тіпті болмаса, медициналық көмек арқылы адам өмірінің сапасын жақсартуға толық мүмкіндік барын айтады. Осы мақсатта денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық ауруларды анықтау үшін арнайы қаражат бөліп, сүт безі, жатыр мойны және тік, тоқ ішектерін тексерістен өткізу шараларын қолға алды. Жағымд­ы жаңалық, алдағы уақытта облыс­ аумағынан 175 орындық онкологиялық орталық бой көтермек. Жалпы сметалық құны шығарылған, құрылыс­ 2013 жылы басталады. Оған қоса, кешен жаңа медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылатын болады.

Әрбір азамат өз денсаулығына жауапты. Олай болса­, аурудың алдын аламын деушілер тиімді тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстанып, уақытылы тексеру­ден өтуі тиіс.

А.МАМАНҚЫЗЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2012 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары