Өзекті мәселелер

  • 22.08.19

    Елімізде дәрінің көмегімен өмір сүретін азаматтар аз емес. Олардың дәрілік препаратсыз қауқары жоқ. Антибиотикке тәуелді науқасқа кім қарайды? Ақысыз берілетін дәрі-дәрмектерді кімдер, қайдан және қалай ала алады?

    ...
    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Халық «Елін сүйген ер болар» дейді. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» дейді тағы  да.

    Иә, ел намысы үшін ерлік­ке бара алар азаматтарды кебен­ек ішінде танып-білу аса маңызды.

    Кебенек – сыртқы киім. Оны көбіне-көп жорықта, аңшылықта киеді. Демек, бұл киімді кез келген адам кие алады. Олай болса, «Ерді кебене­к ішінде  таны» деген – ер жігітті киіміне қарап емес, жан дүниес...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    ТЫНДЫРЫМДЫ   ІС – НӘТИЖЕЛІ   КӨРСЕТКІШ

    Қаланың экономикалық тұрғыда дамып­, қалыптасуында стратегиялық міндет жүйелі түрде өз-өзін айқындап отырады. Шаһардың болашағына байлан­ысты әр жоспар, әр бағыт өзіндік құнымен маңызды. Осындай іргелі істерді атқару барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың іскерлік һәм басшылық міндеті ж...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Өткен бейсенбіде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының қолдауымен, өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Шиелі ауданына баспасөз турына барды. Жолай біз бағыт алған өңірдегі баратын нысандардың тізімі қолымызға тиді. Риза болғанымыз, бір-біріне ұқсамайтын бес қызмет түрін жандандырып отырған шағын кәсіп иелерімен таныстық. Оның ішінде ауқымды жерді алм...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    192   ШАҚЫРЫМ  ЖОЛ  ЖӨНДЕЛЕДІ

    Елдегі көлік саласы маңызды рөлге ие. Оған сауда-экономикалық бағыттағы тауарлардың көліктің қай түрімен болсын тасымалдануы дәлел. Одан өзге аймақтар үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жол­дардың  өзектілігі  жоғары.  Өткен  жылы осындай жолдар мен көшелерді дамыту­ға республикалық бюджеттен 1...

    Толығырақ...
СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СЫҢҒЫРЫ
30.05.2012 16:25

Биылғы мектеп бітіруші түлектердің білім нәрімен сусындаға­н алтын ұясымен қоштасуы Қызылорда қаласының орталық алаңында «Желкенін керіп үміттің» мерекелік шарасым­ен астасты. Ашық аспан астындағы «Соңғы қоңырау» салтанатында облыс әкімінің міндетін атқарушы Р.Нұр­таев, қала әкімі М.Жайымбетов, білім басқармасының басты­ғы А.Мұхимовтар түлектерге сәт-сапар тіледі. Аталмыш шараға қала көлеміндегі 38 мектептің бітіруші түлектерімен қоса, ата-аналар, білім саласының ардагер ұстаздары да қатысты.­

Биылғы оқу жылында облыс аумағында 8595 оқушы алтын ұя мектептің табалдырығынан аттап отыр. Соның 86,7 пайызын алда ҰБТ сынағы күтіп тұр. Егер оқушылар түгелдей сыннан сүрінбей өтсе, облы­стық білім беру бас­қармасының үміті ақталып, осы уақытқа дейін тір­кел­ген «Алтын белгіге» үміткер 419-ға, «үздік аттестат» иегерлері 231-ге артады.

«Желкенін керіп үміт­тің» атты мерекелік шара «Жас ұлан» қоғамдық бір­лестігінің сәлемдесуімен басталып, «Мектебім, аяулы мектебім» хореографиялық композициясының орындалуымен жал­ғасты. Ақ көгершін мен түрлі-түсті шарларды көкке ұшырған оқушылар шеруі орталық алаңды шаттық пен қуанышқа бөледі. Артынша армандар орын­далатын аймаққа сапар шеге­тін ақ желкенді «Үміт» кемесі орталық алаңдағы «айлаққа» келіп тоқтады.

- Тарыдай болып еніп, таудай болып шығатын алтын ұя мектеппен қоштасу ешкімге оңай тимесі анық. Бірақ, бұл - өмір заңдылығы. Білім нәрімен сусындаған әрбір шәкірт бұл заңдылықты орындайды. Мектеп бітіруші түлектерді бүгінгі «Соңғы қоңырау» мерекелік шарасымен құттықтай отырып, арман айдынында қанаттарың талмауын тілеймін. Алдағы үлкен сын - Ұлттық бірыңғай тесті­леуді абыроймен өткізіп, арты­лған сенімді ақтайды деген сенімдемін, - деді Р.Нұртаев.

Биылғы оқу жылының соңғы қоңырауын соғу үстіміздегі жылы пәндік олимпиададан алты медаль иегері атанған бітіруші түлек Н.Бексұлтан мен бірінші сынып оқушысы К.Байназароваға бұйырды. Қызыл автокөлікке мінген қоңырау соғушылар орталық алаңды айналып, түлектердің жез қоңырау үнін соңғы рет естуіне мүмкіндік жасады. Сонан соң, мектеп бітірушілер мінген «Үміт» кемесі арман теңізіне сапарға аттанды.

- Бүгін үлкен өмірге қадам басып отырмын. Әрине, кеудемде мектебіме  деген қимастық сезімі бар. Он бір жыл бойы бауырларымдай болып кеткен сынып­тастарымды да қимаймын. Бәрі де өмір заңы. Менің арманы­м - маған артылған мол сенімді ақтап, Абай атамыз айтқанындай, ке­тігімді тауып кірпіш болып қалану, - деді мектеп бітіруші А.Әбдіғаппарұлы.

Шара соңында жас тү­лектер вальс билеп, орталық алаңнан  қимастықпен  та­расты.

Дастанбек  САДЫҚ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2012 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары