Өзекті мәселелер

  • 22.08.19

    Елімізде дәрінің көмегімен өмір сүретін азаматтар аз емес. Олардың дәрілік препаратсыз қауқары жоқ. Антибиотикке тәуелді науқасқа кім қарайды? Ақысыз берілетін дәрі-дәрмектерді кімдер, қайдан және қалай ала алады?

    ...
    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Халық «Елін сүйген ер болар» дейді. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» дейді тағы  да.

    Иә, ел намысы үшін ерлік­ке бара алар азаматтарды кебен­ек ішінде танып-білу аса маңызды.

    Кебенек – сыртқы киім. Оны көбіне-көп жорықта, аңшылықта киеді. Демек, бұл киімді кез келген адам кие алады. Олай болса, «Ерді кебене­к ішінде  таны» деген – ер жігітті киіміне қарап емес, жан дүниес...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    ТЫНДЫРЫМДЫ   ІС – НӘТИЖЕЛІ   КӨРСЕТКІШ

    Қаланың экономикалық тұрғыда дамып­, қалыптасуында стратегиялық міндет жүйелі түрде өз-өзін айқындап отырады. Шаһардың болашағына байлан­ысты әр жоспар, әр бағыт өзіндік құнымен маңызды. Осындай іргелі істерді атқару барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың іскерлік һәм басшылық міндеті ж...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Өткен бейсенбіде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының қолдауымен, өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Шиелі ауданына баспасөз турына барды. Жолай біз бағыт алған өңірдегі баратын нысандардың тізімі қолымызға тиді. Риза болғанымыз, бір-біріне ұқсамайтын бес қызмет түрін жандандырып отырған шағын кәсіп иелерімен таныстық. Оның ішінде ауқымды жерді алм...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    192   ШАҚЫРЫМ  ЖОЛ  ЖӨНДЕЛЕДІ

    Елдегі көлік саласы маңызды рөлге ие. Оған сауда-экономикалық бағыттағы тауарлардың көліктің қай түрімен болсын тасымалдануы дәлел. Одан өзге аймақтар үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жол­дардың  өзектілігі  жоғары.  Өткен  жылы осындай жолдар мен көшелерді дамыту­ға республикалық бюджеттен 1...

    Толығырақ...
БАСТЫ МАҚСАТ – ТАЗА ОРТАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
30.05.2012 16:29

Қызылорда қаласының сани­тарлық тазалығын қалып­тастыруда «Ибрайхан  және  К-ЛТД»  ЖШС-нің рөлі зор. Облыс­ орталығынан шыққан­ тұрмыстық қалдықтардың бейберекет шашылып жатпауын жіті қадағалаған серіктестік заманауи құрылғылар шығарып келеді. Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің жанынан жерасты контейнерлерін орнатып, халық көп шоғырланған аймақта­рда экологиялық ахуалды қалыпты ұстап келеді. Жуырда қала әкімдігі, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ және «Ибрайхан және К-ЛТД» ЖШС арасында үшжақты меморандум жасал­ған. Меморандумға сәйкес қаланың халық көп шоғырланған аймақта­рына жерасты контейнерлерін орнату жүктелген-ді. Бүгінде міндеттелген жұмыстарды игерген серіктестік бастамасымен Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың Студенттер сарайында «Коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы жеке сектор мен жергілікті атқарушы органмен өзара іс-қимылының Қызыл­орда қаласындағы жай-күйі» тақырыбында республикалық деңгейдегі дөңгелек үстел өткізілді.

Аталмыш шараға қала әкімінің орынбасары Е.Төрәлиев, «Вайзер Групп» жеке қорының басшысы Г.Вайзер, «Мюльсервиз» ЖШС-нің директоры О.Логовский және қала тазалығын қамтамасыз етіп жүрген мекеме басшылары қатысты. Дөңгелек үстел барысында қалдықтың пайда болуының алдын­ алу мен оларды­ азайту, есепке алу мен бақылау сынды мәселелер талқыланса, мамандар тұрмыстық қалдықтарды залалсыздан­дыру мен тасымалдау төңірегінде пікір алысты. Жиынның басты мақсаты Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару саласын­дағы өзекті мәселелерді  талқыл­ау және оны шешудің жол­дарын табу, сондай-ақ, еліміз бо­йынша алғаш Қызылорда қаласында енгізілген осы бағыттағы жұмыс жайын талдау және оны дамыту жолдарын табу болатын. Мамандар­дың ойы біртараптан шығып, тұрмыстық қалдықтарды залаласыздандыруға қатысты алдағы уақытта да тәжі­рибе алмасатынын жеткізіп тарасты.

Д.САДЫҚ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2012 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары