Өзекті мәселелер

  • 22.08.19

    Елімізде дәрінің көмегімен өмір сүретін азаматтар аз емес. Олардың дәрілік препаратсыз қауқары жоқ. Антибиотикке тәуелді науқасқа кім қарайды? Ақысыз берілетін дәрі-дәрмектерді кімдер, қайдан және қалай ала алады?

    ...
    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Халық «Елін сүйген ер болар» дейді. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» дейді тағы  да.

    Иә, ел намысы үшін ерлік­ке бара алар азаматтарды кебен­ек ішінде танып-білу аса маңызды.

    Кебенек – сыртқы киім. Оны көбіне-көп жорықта, аңшылықта киеді. Демек, бұл киімді кез келген адам кие алады. Олай болса, «Ерді кебене­к ішінде  таны» деген – ер жігітті киіміне қарап емес, жан дүниес...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    ТЫНДЫРЫМДЫ   ІС – НӘТИЖЕЛІ   КӨРСЕТКІШ

    Қаланың экономикалық тұрғыда дамып­, қалыптасуында стратегиялық міндет жүйелі түрде өз-өзін айқындап отырады. Шаһардың болашағына байлан­ысты әр жоспар, әр бағыт өзіндік құнымен маңызды. Осындай іргелі істерді атқару барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың іскерлік һәм басшылық міндеті ж...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Өткен бейсенбіде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының қолдауымен, өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Шиелі ауданына баспасөз турына барды. Жолай біз бағыт алған өңірдегі баратын нысандардың тізімі қолымызға тиді. Риза болғанымыз, бір-біріне ұқсамайтын бес қызмет түрін жандандырып отырған шағын кәсіп иелерімен таныстық. Оның ішінде ауқымды жерді алм...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    192   ШАҚЫРЫМ  ЖОЛ  ЖӨНДЕЛЕДІ

    Елдегі көлік саласы маңызды рөлге ие. Оған сауда-экономикалық бағыттағы тауарлардың көліктің қай түрімен болсын тасымалдануы дәлел. Одан өзге аймақтар үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жол­дардың  өзектілігі  жоғары.  Өткен  жылы осындай жолдар мен көшелерді дамыту­ға республикалық бюджеттен 1...

    Толығырақ...
ТҮЛЕКТЕР ТОЛҚЫҒАН СӘТ
30.05.2012 16:40

Алғашқы қоңырау - мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған баланың есінде қалатын мәңгі­лік сағыныш сәті. Ал соңғы қоңырау түлектердің арман мен мақсаттарын бір арнаға тоғыстырып, мектеп қабыр­ғасынан қанат қағатын қимастыққа толы шақ. Дәл осы күн­нен бастап соңғы қоңырау үнімен бірге әр түлек үлкен өмірге қадам басады. Сондықтан болар, бұл күн өз ерекшелі­гімен мәңгі есте сақталады. Бұл күні еліміздің болашағы саналатын жастар әлемді тануға кере­мет жол ашады, мектеп қабырғасында жүріп арман еткен­ мамандығын меңгеру үшін талапкер атанады. Бір сөзбен айтқанда, мектеп түлектері үшін бұл - өздерінің өмір жолын таңдауда ерекше маңызы бар шешуші сәт. Соң­ғы қоңырау тек оқушылардың және білім алушылардың ғана мейрамы емес, сонымен қатар жас ұрпақты білім шыңына, жалпы әлемдік  өркениет жетіс­тіктеріне жетелейтін мұғалімдердің де мерекесі. Соны­мен қатар кез келген жанның­ мектеп­ қабырғасында өткізген жылдарын еске алатын кезең. Өткен аптада баршаға ортақ мерекеге айналған соңғы қоңы­рау соғылды. Білім шаңырағын­а тарыдай болып кірген оқу­шылар таудай болып мектеп­ қабырғасынан қанат қақты.

Жалпы, биылғы оқу жылында облыс орталығында 2280 оқушы мектеп бітірді. Мектеп бітіруші түлектердің 1957-сі, яғни 85,8 пайызы ұлттық бірың­ғай тест тапсыруға ниет білдірген. Оның 88-і «Алтын белгіге», 77-сі «Үздік аттестат­қа» үміткер. Түлектердің қуанышын бөлісу үшін қала басшысы М.Жайымбетов «Мұрагер» мектебінде болды. Екі тілде оқытатын оқу ордасы шәкірт тәрбиелеуде алдыңғы қатардан көрініп жүр. Мектеп түлектерінің жетістігін саусақпен санап шығу мүмкін емес. Бұл білім ошағында халықаралық олимпиаданың да жеңімпаздары бар. Өткен оқу жылында 75 оқушы мектеп біті­ріп, оның 74-і ҰБТ-ға қатысты. 12 оқушы «Алтын белгіге» үміткер болып, оның 6-ауы бес­тікке лайық екендіктерін дәлелдеді. ҰБТ нәтижесі бо­йынша орташа бал 107,42 болды. Осыдан-ақ мектеп оқушыларының талабы таудай екен­дігін аңғару қиын емес.

- «Білімді ұрпақ – ел болашағы», сондықтан мектеп қабырғасынан инемен құдық қазған­дай білім алып, бүгін үлкен өмірге қанат қаққалы тұрсыздар. 11 жыл бойы мектеп қабыр­ғасынан алған білімдерің­нің нәтижесін көрсететін уақыт та жақын. Мектеп түлектеріне сынақтан сүрінбей өтіп, жоғар­ғы нәтиже көр­сетуіне тілектеспін. Білім додасында бақтарыңыз бен бап­тарыңыз қатар шапсын, - деді М.Жайым­бетов.

«Мұрагер» мектебін биыл 71 оқушы тәмамдап отыр. Оның ішінде қазақ бөлімінде - 23 оқушы, орыс бөлімінде - 48 оқушы оқыды. Білім сараланатын сынаққа 69 оқушы қатысуға ниет білдірген. «Алты­н белгіге» 6 оқушы, «Үздік аттестатқа» 1 оқушы үміткер. Он бір жылда 20 мыңнан астам рет соғылатын қоңырау мерекелік шарада мектеп­ түлектері үшін соңғы мәрте соғылды. Салтанатты шара биылғы білім жылында жоғарғы жетістікке жеткен ұс­таздар мен оқушылар марапатталып, түлектердің «Мектеп вальсімен» қорытындыланды.

Т.ӘЛЖАНОВ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2012 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары