Өзекті мәселелер

  • 18.07.19

    Жалпы, қай жерде болмасын статистиканың орны бөлек. Статис­тика – адам сүйсініп не күйініп оқитын бірден-бір ақпарат. Яғни, ол – әрдайым оқылымды материал­. Сондықтан  болар, Ұлттық экономика министрл­ігі Статистика  комитетінің  http: //stat.gov.kz/ сайтын әлсін-әлсін шолып тұратынымыз бар. Бұл жолы біз өз облысымызға қа­тысты біршама сандық деректерге тап болдық. Оны жүйелеп, оқырман ...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Қызылордада құрылыстың қарқынды дамы­ғаны соңғы бесжылдық десек, асыра айтқандық емес. Алдымен тұрғындарды әлеуметтік нысандармен қамтуды басты бағыт санаған жергілікті басшылар қаладағы көпқабатты тұрғын  үйлердің де көптеп бой көтеруіне мән берді. Оған соңғы 6 жылда облыста 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгені дәлел. 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, 2018 жы...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Бүгінгі күні ауданда балық шаруашылығы саласы қарқынды дамыды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені балық шаруашылығы өңір экономикасының дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, оларды жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. Себебі Арал теңізі мен Сырдария өзенінің жағасында қоныстанған жергілікті халықтың өмірі мен тұрмысы балық шаруашылығымен тығыз б...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    «Рас, үйленбей тұрып әйел­ді «ашсам – алақанымда, жұм­сам – жұдырығымда ұстаймын» дегеннің бірі мен едім» деп бас­тады автобуста отырған жігіт ағасы. Өзі ащы судан аздап ұрт­тап алғанға ұқсайды. Сәлден соң салбыраған басын қисаң­дата көтеріп, көзін жартылай ашып-жұмып «менде бәрі бар еді, көлігім де, үйім де...» деп тағы налыды. Ал, әйелін айт­қандағы байғұстың жыларман түрі мен шарасыздықтан с...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Сүйріктей саусақ, сәнді тырнақ – кез келген қыз-келіншектің арманы. Тырнағын әсемдеу әйелге сенімділік сыйлайды. Өз-өзін бағалайтынын байқатады. Бүгінде гельді тырнақ бояуын қолданбайтындар сирек. Екінің бірі осы әдісті жасатады. Оның кәдімгі бояудан артықшылығы көп. Бір айға дейін жылтыр әрі тартымды түсін сақтайды. Бірақ... Сұлулыққа құштарлық денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Ма...

    Толығырақ...
НЕГЕ ТӘУ ЕТІП ЖҮРГЕНІМІЗДІ БІЛЕМІЗ БЕ?
31.05.2012 12:03

Айтылмаса, сөз жетім

31 мамыр жақындағаннан бастап, қаладағы «Арай» шағын ауданындағы төбе басында қалқиған екі қаңылтыр сырланып, асфальт жолдың екі жағындағы арам шөптері қырқылып, жолдың кем-құтығы жамалады. Неге дейсіз бе? Өйткені, ол жерде сонау 1932-37 жылдардағы ашаршылық пен асыра сілтеу құрбандарының мәйіттері жатыр. Бұл күні сол құрбандардың әруағына бағыш­талып құран оқылып, қаралы жиын өтеді. Солақай саясаттың құр­баны болған боздақтарымызды егіліп тұрып еске аламыз, әрі жас буынға патрио­ттық тәрбие береміз. Өткеннің жаңғырығын ұмытпай, болашағы­мыздың жарқын болуын тілейміз.

 

Дұрыс-ақ. Бірақ, мен сол ескерт­кіштің жанында тұрамын, сәл әрірек. Қасынан күнде өтемін. Әдепкіде ескерт­кіш тұрған төбе екеу еді, біреуі­нің құмы сылаққа жақсы болған­дықтан, құрылысқа тасылып кетті. Ендігі қалғаны - осы төбе, мұның да етегінен құм алынып жатыр. Төбені айнала бір шолып өтсеңіз, көз жеткізе аласыз. Оңтүстік бетінде әсем үйлер салынған. Айтпақшы, екіқабатты бір үйдің салынғанына 5-6 жыл болды, ешкім қоныстанған жоқ. Ауыздан-ауызға кеткен әңгімеге қарағанда, ол үйде әруақтар күңіренетін көрінеді. Расын кім білген?!.

Ал менің ендігі өтінішім мынау: құрметті қала әкімдігі мен қала тұрғындары! «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген сөзді мен айтқан жоқпын, атадан қалған асыл сөз екені баршаға белгілі. Сондықтан да, құрбандарға арналған ескерткіштің айна­ласын заманға лайық етіп, көгалдандырып, әрлейік. Жанында сасып жатқан, арық суы баратын көлшікті көмейік. Төбе жанынан үй салма демейміз, бірақ етектегі сым тормен­ қоршалған жерге әжетхана салмасаңыздар екен.

Біздің әкімнің жұмысы жақсы екенін күнде мойындап жүрміз. Қала орталығы таза­ланды, құрылыс қарқын алды. Оның барлығы мемлекет қазынасынан бөлінген қаржыға лайықталып, түрлі бағдарламалар шеңберінде жасалып жатқанын да жоққа шығара алмаймыз. Сонда да болса, «мың қосшыдан - бір басшы» деген. Көлікке мінген басшы, атқа отырып, төбені бір айнал­са, нұр үстіне нұр болар еді. Сосын қосшыларына пәрмен беріп, төбені нағыз ескерткіш етіп қайта жасақтаса екен. (Минск қаласындағы Ұлы Отан соғысының құрбан­дарына арналған ескерткіш тәрізді). Не болмаса, қалқиған қос қаңылтырды көтеріп әкетіп, қаланың орталығына қойсын да, төбенің сапалы құмын құрылысқа беруге рұқсат етсін. Орнына тағы да үйлер салынып, байшыкештер ауылы көбейіп қалар, әруақтар да тыншыр. Сөйтіп, мен сияқты басы ауырып жүргендердің мысы басылар деп ойлаймыз.

Сонымен, осы жылы бұл мәселенің бір нүктесі қойылар-ау деген үміт қой біздікі...

Нәзікен  ЫҚЫЛАС,

«Арай» мөлтек ауданының тұрғыны,

Қызылорда қаласы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2012 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары