Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

    ...
    Толығырақ...
  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
ӨМІР СҮРУДІҢ ӨЗІ ҚЫМБАТТАП КЕТТІ
12.11.2015 14:01

Ұлттық банк төрағасы ауысса да, теңге бағамы тұрақтамай тұр. Бұқара Ақышевке арқа сүйейміз бе дегенде, бас банкир қор биржасындағы АҚШ ақшасын аспандатып жіберді. Кейбір «сәуегей» сарапшылардың 1 доллар 300 теңгеге теңгеріледі деген болжамы дөп келді. Араға апта салмай-ақ «көк қағаз» рекордтық көрсеткішке жетті. 10 қарашада Ұлттық банк бір долларды 312,65 теңгеге баға­лады. Ал сәрсенбіде аз-кем сабасына түсіп, 306,74 теңгеге теңгерілді. Екінші деңгейлі банк­терде сатып алу құны 305,5 теңге болса, сату 308 теңгеден жүрді. KASE-тегі бағамға көз алмай­ қарап отырған ақша айырбастау орын­дары да маңдайшаларын өзгертіп үлгерді. Кеше ғана 315 теңгеге шарық­таған доллар демін басты. Алайда кей сарапшылар әлі қуануға ерте екенін ескертеді. Себебі доллар дүмпуі әлі алда. Экономистер түрлі топшыласа да, Данияр Ақышев теңге тағдыры­на қа­тысты тіс жарар емес.

Теңге түрленген сайын қарапайым халықтың тыныш­ы кетіп отыр. Қолында бір доллары болмаса да, күнкөрісінің қымбаттағаны анық аңғарылады. Сарапш­ылардың айтуынша, жыл соңына дейін теңге ауытқудан айнымайды. Салдарынан халық тұтынатын негізгі тауарлар құны қымбаттай беретін көрінеді. Теңге тәлтіректей бастаған тұста халықты сабырға шақырған қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың «Елді дүрліктірер ештеңе жоқ. Доллар 300 теңгеге тең болса да, тұрғындардың өмірі өзгермейді» деген сөзінде пәтуа қалмады.

Жаңа теңге бағамы азық-түліктен бастап, коммуналдық қызмет ақысына да әсер етті. Бір сөзбен айтқанда­, қазақстандықтардың өмір сүруінің өзі қымбат­тап кетті. Күнделікті тұтынатын тауарлар ырыққа көнбей, күн сайын сөредегі бағалар алмасып отыр. Импортты былай қойғанда, отандық өнімдер құны 20 пайызға қымбаттады. Күнделікті тұтынатын ұн (ұннан  жасалатын  кондитерлік  өнімдер – 4,4, нан - 4,2 пайыз), сұйық май (21,7), қант (9,4), сүт бағасы­ соңғы аптада 40 пайызға өсті. Тауарлар құны­ның артқаны өз алдына, дүкендер сұйық майды мөл­шерлеп  сатуда.

Жарық пен жылу, ыстық су мен суық су, көгілдір отынның да тарифтері еселенді. Фармацевтикалық өнімдерде 9,1 пайызға өсім байқалады. Себебі елі­мізге келетін дәрі-дәрмектің 70 пайызы импортқа тәуелді болғандықтан долларды айналып кете алмайды. Бағаны­ өсірмеу туралы меморандумға қол қойылғанымен, жергілікті кәсіпкерлер шығынын ақтау үшін меди­циналық өнімдер құнын арттыруда. Өз  кезегінде киім-кешек (тоқыма бұйымдары – 17,8 пайыз, киім және аяқкиім – 15,4 пайыз),  ұсақ-түйек  (қажетті  тауар­лар – 15,5 пайыз, шыны және қыш бұйымдар – 15, тұрмыстық аспаптар – 8,2 пайыз) бағасы да түрленді. Мұнай құны түскенімен, елдегі дизель отыны­ - 2,4, бензин 1,5 пайызға қымбаттады. Бәрі баға өсімін доллар бағамымен байланыстырады.

Осылайша теңгенің еркін айналымға түсуі қарапайым халықты ғана емес, ірі кәсіпкерлерді де тол­ғандырып қойды. Тығырықтан шығудың таптырмас жолы доллардан бас тарту дегенмен, бұл істің бүгін-ертең жүзеге асары байқалмайды. Себебі біз тек техник­аны ғана емес, күллі қажеттілігіміздің (құрылыс­ материалдары, азық-түлік, тех-стиль, дәрі-дәрмек, т.б) 80 пайызын сырттан тасымалдаймыз. Ал алыс-берістің шаруасы шатқаяқтап тұрған теңгемен жасалмасы айдан анық.

Ал «ЕАЭО ортақ валютасын құру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл мәселе интеграциялық бірлестік деңгейлерінің ешбірінде талқыланбайды»,- деп мәлімдеді ҚР президен­тінің  баспасөз хатшысы Дәу­рен­  Абаев. Демек­, тәлтіректеген теңге­ долларға телміріп күн көреді. Ал жаны сірі қазақ қырқына шыдады, қырық біріне де бел буады­. Шандыр шайнаса да, бөрі тектес халық емес пе, арыса да, сыртқа жүнін қампайтып  көрсетуден танбайды.

ҚАМШЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2015 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары