Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

    ...
    Толығырақ...
  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
ЕРКІН БАҒА ЭСТАФЕТАСЫ қайда барады?
10.12.2015 11:47

Теңге бағамынан басталған бұл эстафета “ас атасына” келіп жетті осы күні. Қараша халықтың көмейінен қылғытып отырған нан бағасы соңғы бір айда 40 теңгеден 50-55 теңгеге бір-ақ секірді. Нарықтың алақанында тұрған нан бағасы жыл бітісі­мен тағы да жұрттың қалтасын қағатын бағаға жетеді деген сыбыстан құлағымыз сарсығалы қашшан?! Тіпті ауылшаруашылығы министрі А.Мамытбеков “Ас атасының” құнын ұстап тұруға жыл сайын жұм­салатын 7-8 миллиард теңге мемлекет шығынын 1,5 миллиардқа дейін қысқартуға болады. Нан бағасын субсидиялау мемлекетке тиімсіз» деп мәлімдеген болатын. Сөй­тіп алты жылдан бері нан өндірушілерге беріліп келген субсидиялау көле­мін 2016 жылдан бастап кері шегеру туралы шешім қабылдады бас агроном. Бұдан шығатын қорытынды бойынша нан бағасын нарық реттейді.

Соңғы кездері әлеуметтік желі беттерін «жаңа жылдан кейін әлеу­меттік нан бағасы 80-90 теңгеге қымбаттайды» деген жазбалар торлап кет­ті. Қазірдің өзінде бөлке нан дүкендерде 50-60, тандыр нан 80-90 теңге аралығында сатылып жатыр. Еркіне кеткенде әлгі бағаға жетсе, онда әлеуметтік жағынан әлсіз топ өкілдері қиналып қалатын түрі бар. Осы тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек тетігі енгізілмек. Бұл шара мемлекет қаражатын бі­раз үнемдеуге де мүм­кін­дік береді. Алдын ала есептеулерге сәйкес әлеу­меттік көмекке жылына шамамен 2 млрд. теңге қа­жет  болады. Аққу көк­ке, шортан суға, шаян кейін тартқан тұста жұ­мылған­ның жұдырығы тиіп кете ме деп ойлаған болуы керек, жолдауға дейін бұл жырды біржақты етуге тырысты. Яғни, Халық банкінің басқарма төрағасы Ү.Шаяхметованың 2016 жылы нан тап­шылы­ғы болады деген қа­уіпті ойын жоққа шығарды.

- 2016 жылы 15 млрд. теңге субсидия беріледі. Нәтижесіз субсидиялар өте көп. Ал тиімділеріне ақша жетпейді. Біз қайта қарап, тиімсіз жеңілдіктерді алып тастап, нәтиже беретіндеріне қаржыны көбейтпекшіміз. Бірақ, жалпы алғанда олар азаймайды, көбейе түседі. Тиісінше олардың тиімділігі де көбейеді. Сондықтан осыған дейінгі айтылған қауіптерді негізсіз деп есептейміз, - деді А.Мамытбеков Президенттің жыл сайынғы жолдауы басталардан бұрын БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Ал ауылшаруашылығы вице-министрі С.Омаров 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығына дейін бірқатар облыстар нан бағасын жергілікті бюджет есебінен реттей алады деген пікір айтты. Қалай бол­ғанда да “ас атасының” қызу талқыға түскені халықтың ұнамды пікірін қалыптастырып тұрған жоқ. Нансыз ауқаттанбайтын қарашаның қалтасына да қарау керек сияқты. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облыста қараша айындағы тұтыну бағалары шкаласындағы азық-түлік тауарлары ішінде бағаның өсімі нанға – 9,1%, жұмыртқаға – 14,1%, өсімдік майына – 12,7%, шикі сүтке – 14,0%, шайға – 3,4%, алкогольді ішімдік­тер, темекі өнімдеріне – 4,4% белгіленген. Азық-түлік емес тауарлар тобында  киім  және  аяқ-киім – 17,7%-ға, үй тұрмысына қажетті заттар, тұр­мыстық техника және үйді күтіп ұстау бойынша күн­делікті қызметтер – 6,8%, тұрмыстық құралдар – 4,4%, жуғыш және тазалағыш құралдар – 3,9%, автокөлік құралдарын сатып алу – 5,1%, жеке көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар 15,5%-ға өскені байқалды. Ал ақы­лы қызмет көрсету саласында тұрғын үй жайлар қызметтері, су, электр­энергиясы, газ және отынның өзге де түрлерінің бағасы – 3%, оның ішінде суық су – 72,6%, кәріз 20%-ға жоғарылаған.

Ахмет Байтұрсынұлының «Арыстан, киік және түлкі» мысалындағы киікті қуған арыстан үлкен ордан секіре алмай қалады. Мұнысын байқаған түлкі аң патшасын қайрап салып, ордан секіруге мәж­бүрлейді. Намысы қай­ралған ол да қарғи бергенде ордың ортасына түсіп, мерт болады. Қу түлкі қулығын асырған кейпі орман­дасының өлігін азық етіп жеуге кіріседі. Бұл жерде қазіргі тілмен арыстан – халық, киік – азық, ал түлкі – заман. Ендігі жерде, заманның халықты “ас атасынан” қыспауын тілейміз.

О.МӨҢКЕ

 


 

 

Санайғақ

40 ДОЛЛАР

Дәл бүгін мұнай бағасы барреліне 40 долларды құрады. Тағы да естеріңізге салғым келе­ді, мемлекет басшысы экономика дамуының түрлі сценарийле­рін, оның ішінде мұнай бағасы барреліне 30 және 20 доллар болатын жағдайларды қарас­тыруды тапсырған болатын.

ҚР Премьер-министрі К.Мәсімов

 

20,9  МИЛЛИАРД

«Тұрғын үй құрылыс жинақбанкі» клиенттерінің салым­дарына өтемақы төлеу үшін үкімет резервінен 2016 жылы 20,9 млрд. теңге, 2017 жылы   16 млрд. теңге бөлінеді.

ҚР  Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев

 

100  ПАЙЫЗ

Зейнетақы қорындағы ақ­шаны жеке қорларға беруге әзірлікті бастадық. Бұл үшін біраз заңға өзгерістер енгізу керек. Ал, ақшасы үшін салымшылар алаңдамаса болады. Мемлекет оны сақтауға 100 пайыз кепілдік береді.

Ұлттық банк төрағасы Данияр  Ақышев

 

6  МИЛЛИОН

Ауыл тұрғындарына беріле­тін шағын несие көлемі 6 млн. теңгеге дейін ұлғайтылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік  даму министрі Тамара  Дүйсенова

 

51  ПАЙЫЗ

«ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетинг» АҚ-ның 51 па­йыз активін сату қарастырылады.

“Самұрық-Қазына” ҰӘҚ-ның басқарма төрағасы.Ө.Шөкеев

 

(Селекторлық режимдегі ҚР Үкіметінің кезекті отырысынан)

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2015 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары