Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 105 |
![]() | Кеше | 1631 |
![]() | Осы аптада | 10284 |
![]() | Өткен аптада | 15302 |
![]() | Осы айда | 45774 |
![]() | Өткен айда | 52979 |
![]() | Бәрі | 3582794 |
СЫРҒА мен САҚИНА тазалық таразысы |
12.07.2012 11:22 |
«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегендей, бүгінде қыз балаға балиғат жасында сырға салуға қарсы шығып жатқандар бар. Керісінше, бесіктен белі шықпастан балаларының аузы-мұрнына дейін сырға тағып, «бояушы, бояушы дегенге сақалын бояптының» керін келтіріп жүргендер де кездеседі. Негізі қазақ халқында сақина мен сырғаның орны ерекше. Тек батысқа еліктеп, артық қыламыз деп, тыртық қылып жүрген жайымыз бар.
Заманына қарай адамы деп, жастарымыз күннен күнге жалаңаштанып барады. Тіпті кіндіктерін көрсетіп, оған сырға салуды да сәнге айналдырды. Қаладағы жолаушыларға арналған өзі тар, өзі аласа шағын қоғамдық көліктерге мінген кезде, бұрымдылардың ер адамдардың, үлкендердің алдында, өздері «әдемі» санаған киімдерімен барлық денесін көрсетіп тұрғанына қымсынбайтынына қарның ашады. Бүгінде бойжеткендердің ауызында - темекі, қолдарында - сыра, астарында – мәшине. Әрине, бес саусақ бірдей емес. «Қыздардың барлығын ардан безген» деп жазғыра алмайсың. Тек өздерінің болашағына балта шауып жүрген қыздарға қарап күйінесің. Алла тағала біздерге денемізді аманат етті. Ал, аманатқа қиянат жасау - үлкен күнә. Ертең Алла тағала алдында сол денеміздің әр тесігіне, әр тыртығына жауап береміз. Қабірдегі «дене мүшеңді қалай пайдаландың?» деген сұраққа қалай жауап береміз? Бұл дүние - бес күндік, жалған. Мәңгі өмір әлі алда. «Ештен кеш жақсы» демекші, бұрымдылар бұл әрекеттерін ой таразысына салса, нұр үстіне нұр болар еді. Жоғарыда сырға мен сақинаның қазақ салт-дәстүрінде алар орны ерекше екендігін тілге тиек еттік. Бұл екі бұйым да алтын және күмістен жасалады. Ықылым заманнан келе жатқан зергерлік бұйымдар қатарында. Қыз бала жеті жасқа толғанда оның құлағын тесіп, сырға тағатын болған. Бұл - баланың білімге, ілімге назар аударатын уақыты. Яғни сырға салғаннан кейін, қуыршақ ойнауды қояды. Ал бүгінде баланың тұсауын кеспестен, құлағына сырға салатын болдық. Әрине, мұның мәнін ешкім де түсіндіріп бере алмайды. Сақинаны да сәнге айналдырып алдық. Той-томалақсыз-ақ, барын қолдарына жалт-жұлт етіп тағып алатын бикештер қатары артты. Атам қазақ «Сақинаны сәнге салмайды, ол – тазалыққа таразы», «Сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас» деп айтып кеткен. Ертеде халқымыз ас адал болу үшін, тамақ даярлайтын әйел қолында міндетті түрде сақина не жүзік болуы керек деп есептеген. Себебі, сақина соғылатын күміс, алтынның даттануға ұшырамайтынын, судың, тамақтың тез бұзылмауына септігін тигізіп, денсаулыққа пайдалы әсер ететінін сол кезде білген. Тіпті күні бүгінге дейін ауылдық жерлерде жас келіншектер нәрестесін шомылдырар алдында, яки баланың жөргек жаялығын жуар сәтте, оған сол үйдің үлкендері: «Қолыңа сақина салып ал, тазалыққа тән болады», - деп ескертіп жүреді. Біреу білер, біреу білмес, бірақ қазақ халқының «ит аяғына салу» дәстүрі бойынша, жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда не «есік көруге» шақырылғанда, әйелдер мен әжелер оған «итаяғына сал» деп сақина, күміс жүзік сияқты заттарды береді. «Итаяғына салу» дегеніміз, келіншек босанып, баланың «шілде суына» әлгіндей күміс жүзік, сақина, түйме секілді заттарды ыдысқа салады. Содан кейін жүзік салынған суға нәрестені жуындырған. Шомылдырып болғаннан кейін, әлгі заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып бөлісіп алады. Мұндағы мақсат сыйлық жасау емес, асыл бұйымдарды қасиетті санаудан, тазалыққа мән беруден шыққан. Жақсылыққа жорып, бұл пәниде әрдайым сыңғырлаған күмісті көлде шомылсын, «басы алтын, арқасы күміс» жаратылмаған пендесін алтындай, күмістей қымбат етпек болғаны шығар. Бүгінде сақина неке қиған екі жастың символына айналды. Неке жүзік арқылы адамдардың отбасылы екендіктерін айырамыз. Бір қызығы, уақыт өткен сайын қолданыстағы неке сақиналарының бейнесі де, пішіні де өзгеріп келеді. Мәселен, бұрнағы жылдары жіңішке неке сақина сән болса, ал бүгіндері жалпақ, қалың неке сақинасы көп сұранысқа ие. Сақинаның қалың болуы некеде екендігін анығырақ айшықтаудың, иесінің отбасылы екендігін дәлелдей түсуінің жаңа тәсіліндей. Бір айта кетерлігі, ер адамдарға алтыннан жасалған бұйым тағуға шариғатта тыйым салынған. Т.САЙЛЫБАЙ |